«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Сегіз сері (Мұхамед-Қанапия) (1818 – 1854)
Сегіз сері (Мұхамед-Қанапия) (1818 – 1854)
Дайындаған: 2 ай бұрын

      Сегіз серінің шын аты – Мұхамедқанапия Баһрамұлы Шақшақов. Арғы атасы Толыбайсыншы баласы Қожаберген – әр ақын, әрі әнші, әрі батыр кісі екен. Қалмақтармен шайқаста қол бастап, көзге түскен. «Ақтабан-шұбырынды» заманының ұлы ескерткіші – «Елім-ай» дастаны мен әнінің иесі. Өз әкесі Баһрам батырлығына қоса білімді, діндар адам болған.

      Баласын жастайынан мұсылманша оқытып тәрбиелеген. Сонымен қатар мылтық атуға, садақ тартуға, найза шаншуға, қылыш шабуға, ат өнеріне, балуандық айла-тәсілге баулыған. Кейін қалыпты жігіт қамшы өруден бастап, киіз үйдің шаңырақ, керегесін, аттың ер-тұрманын, өмілдірік-тартпасын, жүгеніне дейін өзі жасайтын шеберге айналған.

      «Сегіз» деп ат қойған жеңгелері. Себебі, ағаларына ілесіп аңға барып жүргенде сегіз жастағы Мұхамедканапия оқтап берген мылтықпен қашқан киікті атып түсіріпті. Он үш жасынан домбыра тартып ән айтқаны, есейе келе бүркіт, қаршыға баптап, жүйрік ат ұстайтыны байқалған соң «Сері» деген ат қосқан.

      Сегіз он жеті жасында қазіргі Қостанай облысының «Құсмұрын» деген жерін қоныс етіп отырған аға сұлтан Шыңғыс Уәлихановтың ауылына қыдырып келеді. Серінің жан-жақты өнерін тамашалаған Шыңғыс дүниеге жаңа келген сәбиіне соған ұқсап өсер ме екен тілеумен Мұхамедқанапия деп азан шақыртып ат қояды. Шоқанның шілдехана тойын арнайы шақырылған Сегіз сері бастады деген дерек бар.

      Омбыдағы орыс әкімдері оны қазақтың ру басыларымен, беделді билерімен келісім сөз жүргізу саясатына пайдаланғысы келген. Түпкі мақсаттары – халықтың шұрайлы жерлерін тартып алу екеніне ерте көзі жеткен Сегіз әуелі ауызекі наразылық білдіреді, қисыны келмеген соң атқа қонады. Айналасына жігіт жинап, отаршылардың мекен-жайына ойран салады. Соғыс өнерін жетік меңгерген ол мұздай қаруланған әскерден да қорықпай жол торып, аңдып жүріп соғады, талай рет жеңіске жетеді. Бірақ екі жақтың күші тең емес еді. Патша әкімдері оны ұстап қамауға, алыс Сібірге айдауға, қарсыласса атып тастауға жарлық береді. Сегіз сері, Нияз деген сенімді жолдасымен бірге Сырдария жаққа қоныс аударуға мәжбүр болады.

Той думаны көп сыр бойында жас жігіттің асыл қасиеттері жарқырап ашылған. Көпшілік жиналған жердің көркіне айналып, жақсы көрген қыздарға арнап, талай тамаша әндер шығарған. Ерлігімен көзге түсіп, Бұхара, Хиуа, жақтан қарумен келіп, бейбіт елдің мал-жанын тонайтын қарақшыларға қарсы жасақ ұйымдастырады, басқыншылардың талай рет бетін қайтарып, кек алған.

Алайда, бұл жақта да көп тұрақтау қиынтұғын, артында қуғын бар. Өзіне ерген жігіттерді бастап, ол Батыс Қазақстан жаққа жол тартады. Жайық өзені мен Нарын құмда бұл кезде патша, хан саясатының озбырлығына қарсы наразылық оты лаулап келе жатқан. Бұл жақ Сегіздің нағашы жұрты болғандықтан ішке оңай сіңеді. Исатай, Махамбет бастаған көтерілісшілерге әскери кеңес береді.

Бұл жақта да көп тұрақтай алмай, Кавказдағы елдерге өтеді, атақты Шәміл бастаған мұсылмандар көтерілісіне қатысады. Соңынан Иран, Ауғанстан жаққа кетеді. Ақырында төрт жылдан кейін Сыр бойына қайта оралады. Мұның бәрі «Қайқын келбеті» деген дастанында өлеңмен баяндалған.

Ақмешітке келген соң Арқадан Сыр бойына қатынап жүрген адамдар арқылы елдегі атақты болыс-билерге сөз салады. Омбы генерал-губернаторына беделі өтетін аға сұлтан, билердің көмегімен кешірім алып, Солтүстік Қазақстандағы қазіргі Жамбыл ауданына қарайтын Гүлтөбе – Маманай деген жердегі ата қонысына келеді. Көп ұзамай өзі қалаған Ырысбике деген қызға үйленіп, балалы-шағалы болған.

Серілік-салдық туын тігетіні де осы кез. Бозбала шағында Біржан сал, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Нұржан Наушабаев, Ыбырай Алтынсарин тағы басқалар Сегіз серіден әр түрлі өнер үйреніп, бата алған. Оның әндерін жалпақ елге жаюшылар да – солар. Көп шәкірттің бірі Жаманқұл Дәндібайұлы: «Елу бес әнін Серінің өзім елге тараттым….» - деп жырлаған.

Соған қарағанда Сегіздің біз білмейтін әндері көп, талайы бұрынғыша «халық әні» делініп немесе басқа сал-серілердің қанжығасында кеткен тәрізді. Ал күйлерін зерттеген ешкім жоқ. Оның «Ер Исатай», «Жорық», «Қашқын келбеті», «Өкініш», «Ақылсыз шаһзада», «Ақбұлақ» атты жыр-толғауы, дастандары Ғылым Академиясының қолжазба қорында жатыр. «Ер Тарғын», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан», «Қозы-Көрпеш – Баян-сұлу», «Қамбар батыр» сияқты жыр-дастандардың Сегіз жырлаған нұсқаларын Жүсіпбек Шайхысламұлы Арқа жақты аралап жүріп, хатқа түсірген де, Қазанда өз атынан бастырған.

«Жәңгір хан» кітабында Мереке Құлкенұлы, Рақымжан Отарбаев. «Даңқ пен дақпырт»(жаңа көзқарас) «Өлке» ғылым баспасы. Алматы 1992 ж.

Қызылжардан қысастық көрген Сегіз сері 1834 жылы Кіші жүзге кеп, одан асып бір жылы Кавказды паналаған. Сегіз сері Бахрамұлы Шақшақов (1818-1854 жж.) руы Ашамайлы Керей, оның ішінде Көшебе одан Таузар болып бөлінеді. Шақшақтың шешесі Ақбота Сырым батырдың туған апасы, Даттың қызы.

... – Ассалау-мағалейкүм, - деп он сегіз қанат ақ ордаға кіріп келген Сегізге төрде жайғасып отырған қонақтар тегіс амандасып, орын береді. Қабыл би хан мен Сегіздің ортасында дәнекерші әңгіме жүргізеді. Сарбаздарға арнап бөлек үй тіктіреді. Жәңгір хан қымыз ішіп отырып Сегізге: - Батыр, сіз мұсылманша да, орысша да оқыған білімді адамсыз. Алла туралы не айтар едіңіз?, - деп қалады.

Сонда Сегіз сері іркілместен:

Бір Алла жерде де емес, көкте де емес,

Алланың қайда екенін пенде білмес.

Жүректен орын алған ол бір бейне,

Кетпейтін көз алдыңнан болып елес, - деп жауап қайтыпты.

Тапқыр сөзге бәрі алғас айтқан. Шыман төре қарап қалғысы келмей: - Осы отырған хан, бек, билерді төрт ауыз өлеңге қосыңызшы, - дейді.

- Хан, сұлтан – бүркіт болса, би – қаршыға,

Старшын атқамінер, жүр жалшы да.

Қолында шабарманның түк билік жоқ,

Бұл байғұс мәз болып жүр құр қамшыға, - деп Сегіз Жабылға көрсетеді.

Мұз жастанып, қар төсеніп, жорықта жүрген жылдарында өкпесіне суық тигізіп, Сегіз 36 жасында (1818 жылы туған, 1854 жылы ауырып) қайтыс болады. Нияз сері, Біржан сал, Жаяу мұса, Нұржан т.б. шәкірттері ол туралы арнаулы арнау өлең шығарып, жоқтау жазған. Оның қайғылы махаббаты жайында шәкірттері «Мақпал-Сегіз» деген бірнеше дастанды жарыса жазып, елге таратқан.

      Сегіз серіні бүгінгі ұрпақтары әлі күнге дейін жөнді тани алмай келеді. Шындыққа жүгінсек, ол – қазақ сал-серілерінің атасы!

      С.Қосан «Ғасыр жұмбағы» мақаласында: «Сегіз серінің атасы Қожаберген жыраудың « Елім-ай» дастаны жасанды дүние, оны өлең деп қабылдау өнердің көркемдік қасиетін терең түсіне алмау» деп жазады.

      Бөрібай Кәртен өз мақаласында « Сегіз сері ойдан құрастырылған ертегі -қиялдың кейіпкері. Ғылым тілімен айтсақ - фальсификация,» - дейді «Қазақ әдебиеті» : Сегіз серінің өмірде болғанын төмендегі ақындардың өлеңдерінен байқауға болады.

      Біржан сал :

      – Ұстазым Сегіз сері, Нияз сері,

Солардан үлгі алған мен Біржан сері.

Жетпіс үш мүшеліме толғанымда,

Дүние теріс айнып кетті кері.

Сегіздей асыл адам жаралмайды,

Халқына болып өткен тым жағдайлы.

Керейден жүз мың әйел ұл тапса да,

Ешбірі Сегіз сері бола алмайды.

      Жаяу Мұса :

      – Жігіттер өнер қусаң Сегізге ұқса,

Шәкірті Сегіз сері атым Мұса.

Қазақтың ел қорғаны мақтаныш қой,

Үш жүзде ер Сегіздей көп ұл туса.

Бөлеген күйге Сегіз ой мен қырды,

Төгетін жиындарда асқақ жырды.

Омбыда Мұқарама сұлуға арнап,

Шығарған алғашқы әні «Назқоңырды».

      Балуан Шолақ :

      – ...Сегіз серіні көргенім жоқ,

Көрмесем де естімей жүргенім жоқ.

Біржаннан қанып оның жолын қудым,

Ақан сері айтпақшы: «Алтынды қорлағанмен жез болмайды», қазақ мақалдарында айтылғандай : «Алмас қылыш қын түбінде жатпайды», «Саф алтынды ешқашан тот баспайды». Көп жыл Сегіз серінің әндерін «Халық әні» деп келді, Егемендіктің арқасында әркімнің өз сыбағасы өзіне тиді. Қазір біз де сал – серілер өнеріне орын берейік, бір кезде өз ауыздарымен таратқан өлеңдер, әндер ел арасында ұмытыла бастаса, енді тарату кезегі сендердің үлестеріңде. Деген осы Ақан серінін сөзімен өз шығармамды аяқтамақшымын.

 

Әнуарбек Ералы,  ғаламтордағы жазба

 

Астана

 

Aqsaqaldar.kz

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны