«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Құлыстайдағы ну орман...?
Құлыстайдағы ну орман...?
Дайындаған: 3 ай бұрын

1987-жылы болса керек, әкемдер (шешем, нағашы апам және Бектаза марқұм бар) Шихэцзы мен Сауанды басып Шәуешекке келе жатқанда Ораз Молда мен Кәрім Әкірами ақсақалға кез болыпты.

      Кәрім Әкірами- 1949'дан бұрынғы минго үкіметі дәурінде қоғамдық-саяси жұмысқа ерте араласқан, бұрынғы саяси тұлғалардың біразымен дәмдес болған көненің адамы еді, ел ішінде "гоминьдаң кәрім" дейтін. Өйткені ол кісі гоминьдаң үкіметі таққан төсбелгіні өле-өлгенше кеудесінен тастамады, коммунизмге наразы еді, тіпті 20 жыл түрмеде отырды.

      Ал, Ораз Молда қара емілдің тумасы. Қалибек Хәкім, Қамза Шөмішбай және Тәкімандар бастаған Түркияға асқан көштің легімен кеткен кісі екен. Араға қырық жылдай уақыт салып туған еліне келгені болса керек.

      Шешем осы әңгімені бала күнімнен құлағыма құйып отыратын. Әсіресе Ораз Молданың тарихи әңгімелерін сабақтап айтып келеді де, туған мекені Құлыстайға жақындағандағы таңданысын айрықша суреттейтін. сонда Ораз Молда,- дейді шешем маған, ана теміртам қалашығынан кесіп өтіп, орқашар тауының күнгей бетіндегі жазықты құлдилап құлыстайға іліне бергеніміз сол-ақ екен, "па, мына ну орман дала қу медиян тақырға айналыпты ғой!" деп таңдайын қақты дейді.

      Мен өзім Ораз Молданың таңдай қаққан қу тақыр боз даласынан кемінде жүз рет басып өткен шығармын. Жер жәннаты үш құлыстайдың бір бұшпағы осы жерде, яғни майлы-жайыр мен орқашар тауының күнгей қапталынан басталатын ойпаң елді-мекен. Өз басым аталмыш жердің елу жыл алдын ну орман, тораңғы жайсаң болғанына бек илана алар емеспін. Ары қарай ғой құлыстайға жортсаңыз жер түзілісі аласарып 60 метр тереңдікке дейін шөгінді кеп тұтас жазыққа айналады. Ол жақтың топырағы құнарлы, жері саз-балшық, әрбірден соң басқан ізіңнен су шылқылдап шыға бастайды.

      Мына картиналарды көрген сәттен ойлана бастадым. Бала күнімде біздің үйдің артында дөңгеленген қалың ақши болушы еді. Әппақ шидің арасынан атты кісі көрінбей қалатын. Әр шақырым сайын бой тіреген жиде ағашы болушы еді, оның қара жидесі мен нан жидесі тілді үйіретін. Әкем екеміз атты арбамен әппақ шидің арасына сүңгіп кетіп орақпен қияқ оратынбыз. Дөңгеленген ақшидің кесектігі сонша бізді қияққа қарқ қылатын, үш-төрт шиді қабаттап бау есіп оған қияқ баулайтынмын.

      Атты арбамен төмпіш қияқ бау шөптің үстіне отырып әппақ шиді бұза жарып үйге қайтып бара жатқаныңда, күншығыстан ебі есетін. Ебі көтерілді ме әгі дөңгелек шилер теңіз құсап бір бағытта толқитын. Менің бала жүрегім оны ақ толқынға, ал арбаны жайсаң толқынды жарып келе жатқан ақ кемеге меңзес сезінетін. Өте ғажап еді!

Қош, не керек! Араға жиырма жыл салып осы табиғатқа қайта бардым. Бірақ, тым өкінішті! Бала күнімдегі ғажап табиғат мүлде өзгерген. Ұлы дала мыңдаған гегтарлық шабындыға айналған. Жердің ажары тілкімделіп Тәйірі силаған кескін-келбетінен айрылған. Менің бала күнімдегі ақ толқындар, толқынды жарып жүзетін ақ кемелер зым-зия жоғалған...

 

                                      *

      Бала күнімде шешем маған "жандыда- балық үлкен, жансызда- қамыс үлкен" деуші еді, шешеме қарап "қалайша қамыс үлкен?" дейтінмін. Сонда шешем, ықылым заманда құлаған қамыстың ұңғысынан түйелі көш өтеді екен, дейтін.

Елдес Орда, ғаламтордағы жазба

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны