«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Ажалдан қашқан адам...
Ажалдан қашқан адам...
Дайындаған: 1 ай бұрын

      ... Қашып келеді. Тіпті артына қарауға да халі жоқ. Сәл кідірсе артынан өкшелеп жетіп қалған арыстан мұны екі бүктеп, бір-ақ асауы мүмкін. Енді не істейді... Ойпырмай, өлді деген осы шығар. Ақ, адал өліммен емес, ажал жырқыштан келіп, жемтік болатын болдым ау.

      Ол ышқынып, бар күшімен қашып келе жатып та өзінің тәнін ойлайды. Оның қалай парша- паршасы шығатынын ойласа... жүрегі ауызынан шығып кете жаздайды. Арыстан енді бір секірсе мұны бүкіл денесімен басып қалатыны анық. Бұл күнім біткені осы шығар деп ойлай бергенінде алдындағы құдықты көрді. Ойланып жатпастан құдықтан су тартатын арқаннан тас қып ұстаған бойы құдыққа секіріп кетті. Басқа амалы жоқ еді. Әбүйір болғанда арыстаннан құтылды. Енді біраз шыдаса су алуға келген адамдар құтқарып алар... Үміті қайта оянды.

 

      Осы оймен жоғары қарап еді арыстан құдыққа үңіліп ашумен ақырып қалғанда жүрегі шығып кете жаздады. Бірақ енді оның жете алмайтыны анық...

      Осы кезде құдықтың түбінен бір күркіреген дауыс шықты... Қараса, о сұмдық, құдық түбінен бір аждаһа ауызын арандай ашып, мұны жеп қоймақ болып жақындап қалыпты. Жан ұшыра шыңғырып жіберген ол арқанмен жоғары өрмелеп көріп еді, жоғарыдан арыстан гүр ете қалды. Енді не істемек?  

      Мына екеуінің қайсысына жем болар екен... Әбүйір болғанда төмендегі аждаһа қанша секірсе де бұған сәл жете алмай жатыр. Әйтпесе шайнамай ақ қылғыта салары анық. Бір сәттер болғанда жоғарыдағы арыстан мен төмендегі аждаһа да тынышталып, бұны аңдуға көшті. Мұның мына арқанда мәңгі салбырап тұрмайтыны анық. Шаршайды. Қалжырайды. Қуаты таусылады. Сол кезде екеуінің біріне жем болады. Ой, тоба - ай енді бұл қайысына жем болсам екен деп те ойлай бастады. Сөйтіп тұрғанда әлдененің тықырлатқан дыбысы шықты. Жоғарыға қараса, о атаңа нәлет, бір ақ, бір қара тышқан бұл салбырап ілініп тұрған арқанды кезек-кезек қиып жатыр...

      Дәл осыдай жалғаса берсе, енді аз уақыттан соң арқан қиылып, мұның аждаһаның ауызына өзі түсері анық. Бұл осының бәрін көріп тұр. Бірақ амалы жоқ. Өлді деген осы. Арыстан мен аждаһадан күткен ажал тышқаннан келетін болды... Арқан қиылып бітуге аз қалғанда бұл құдықтың қабырғасынан ұстайтын бірдеңе табамын ба деп бір қолымен сипалап көріп еді ештеңе ілінбеді. Бірақ қолы бір жұп- жұмсақ бірдеңеге тиді. Бұл не? Қолына баттасып жағылған әлгі нәрсенің не екенін ажыратпақ болып тіліне тигізді. Бал екен! О тоба, әлгі балдың дәмін татқан бойда бұл төмендегі аждаһаны, жоғарыдағы арыстанды да, арқанды қиып бітуге айналған екі тышқанды да ұмытып кетті.

      Не деген ғажап! Қорқынышы мен уайымын қолмен қолмен сылып тастағандай. Ойлағаны тек бал. Басқаның бәрін ұмытты...

 

      Дәл осы тұста ол оянып кетті. Манағының бәрі түсі екен. Мұндай да түс болады екен - ау. Бұл жай ғана түс емес сияқты. Соны ойлаған бұл ел құрмет тұтатын әулиеге келіп, түсін айтып беріп, жоруын өтінді.

 

      – Сені қуған Арыстан бұл - Ажал. Одан ешкім қашып құтылған емес. Ол күн сайын артыңнан қуып, бір күні жемі боласың. Ал құдық түбіндегі Аждаһа бұл – Көр. Дүниені ауызыңа қаратқан патша болсаң да түбінде сол аждаһа - көр күтіп тұр. Ет пен сүйектен жаралған пенденің ажалдан, көрден қашып  құтылғаны жоқ. Ал арқан ол – сенің Өмір жібің. Оны кезек-кезек қиған Ақ тышқан – күндізің, Қара тышқан – түнің. Әр күн мен түн өткен сайын, оны "өмір тышқан" қиған сайын дұл дүниедегі өмірің қысқара бермек. Бір күні арқан үзіледі... сен көрге, Ажал аждаһасының құлқынына құлайсың... жұтыласың...

      – Ал анау бал ше? Оның дәмін татқанда бәрін ұмыттым ғой!?

      – Ол балдың аты - Пендешілік күйбең тірлік деп аталады.

Өйткені біз бәріміз білеміз, күн сайын Ажал -арыстан өкшелеп қуып келе жатқанын, бір күні өмір жібіміз үзіліп, Көр атты аждаһаның ауызына түсетінімізді. Бірақ мына қу тіршіліктің алдамшы балына алданып, өлім барын, алдыда көр барын, мәңгілік емес екенімізді ұмытамыз. Байыған үстіне байығымыз, таққа, баққа жеткіміз келеді.

      Саған берілген аянда Жаратушы " Ей пенде, сен мәңгілік емессің! Алдыңда ахирет күні , көр сұрағы бар. Оны да ойлай жүр. Дүниеге құнықпа. Оның бәрі қалады...," дегенді айтқысы келіпті,- деп аяқтапты әңгімесін қария.

 

      Ей, пенделер! Өмір өтпелі. Сіз күнде өлесіз. Жаңа ғана осы әңгімені оқи бастағандағы секундтарды қайтара аласыз ба? Жоқ! Ол өтті. Кетті. Ол секундттар өлді. Сол секунндтармен , минуттармен, сағаттармен сенің де өміріңнің бір бөлшегі өлді. Оның артынан күн, ай жыл өтеді. Олар да өледі. Сол өлген жылдармен бірге сен күнде өлесің. Сенің қайтыс болған күнің - ең соңғы өлген күнің. Олай болса мына пәни жалғанның алдамшы балына алданба, әр минутыңды керекті дүниеге арна.

      Ата- анаңды құрметте. Еліңді, Жеріңді, Отаныңды, Тіліңді, Дініңді сүй. Жүрегіңді дүниеге, атаққа, байлыққа, арам ниетке байлама. Әр нәрсенің сұрағы бар. АР алдында таза бол. Ең соңғы секундарың соғып, " Әшхаду " айтып жатқанда жүрегіңде өкініш қалмасын. Бәрі өтпелі... Бәрі өтпелі...

 

Әділбек Қаба, ғаламтордағы жазба

 

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны