«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Мағжан Жұмабаевтың өмірінен...
Мағжан Жұмабаевтың өмірінен...
Дайындаған: 3 ай бұрын

Әбділдә Тәжібаев бас болып, сегіз адам қол қойып, КГБ-ның «(Мағжанды) ақтауға бола ма?» деген сауалына: «Жоқ, ақтауға болмайды. Мұның өлеңдері тұнып тұрған бәле саясат. Өзі эротиканы күшті жазады. Оның үстіне «Әлдиле өлім, әлдиле» деп өлімді насихаттайды» деген желеулермен қайта жаптырып тастаған. 

      – Мағжан Жұмабаев 1923 жылдың аяғында Мәскеуге барады. Ол кезде социалистік реализмнің негізі салынып жатқан болатын. "Осыған дейін өз бетінше дамып келген қазақ әдебиеті социалистік реализмге мұқтаж емес. Әркім өз әдебиетінің табиғи болмысын сақтау керек" деген пікір айтады. Сонда «Кіндік» баспасының директоры Нәзір Төреқұлов жанындағы бір топ адаммен жерлестердің ұйымында Мағжанды талқандап сынайды. «Мағжан заманынан азып кеткен ақын. Мағжанның оқулықтарының бәрі зиянды. Бүгіннен бастап алынсын» дейді. 1925 жылдың қаңтарынан бастап Мағжанның бүкіл кітаптары тұтқындала бастайды.

      – Сәбит Мұқанов неге (Мағжанның) соңына түсті? 1919 жылғы соғыс кезінде жетім бала Сәбитті Мағжан атасы Жұмабай қажыға жібереді. Оның жылқысында Көкдауыл деген сетер аты болады. Бірде Сәбит шанаға сол Көкдауылды жегіп, байдың балаларын қыдыртып жүреді. Сонда Көкдауылдың аяғы інге кіріп, мертігеді. Атпаз Жұмабай Сәбитті бишікпен сабап-сабап, уәде еткен киімін де бермей, қуып жіберген ғой. «Өмір мектебінде»: «Бекен деген оңбаған, уәде берген киімін бермеді» деп айтады. Ал себебін қозғамайды. Сол күннен бастап Сәбит Жұмабаев әулетіне өшіккен, соңына түскен. Мағжанның ұсталуына Сәбит Мұқановтың рөлі үлкен.

      – Мағжанның тағдырына әсер еткен тағы бір адам Ғаббас Тоғжанов еді. Оның ұрпақтары қазір билікте жүр. Одан кейінгілердің бірі – Әбділдә Тәжібаев. «Көрсетем Мағжандарға төрдің көрін» деп жүрген сол. Кейін Мағжан ақталғанда, «Мағжанның аруағы, кешір мені» деп мақала жазды «Мәдениет» газетіне. Сол мақаласында ол «Мені айдап салған Ғаббас Тоғжанов еді. Мен ол кезде 18 жастағы журналистпін. Анау – редактор, мен айтқанын орындадым», – дейді.

      – (Мағжан) түрмеде Парижде оқып келген Иван Фетисов деген профессормен бірге отырады. Сол кісіден медицина ілімін үйреніп, фельдшер деген мамандық алып шығады. Мағжан 1936 жылы кешірім алған кезде Фетисов оған Қазақстанға қайтпа деп ақыл айтады. «Қазір Қазақстанда қанқасап жүріп жатыр, сен қал» деп, өзінің Ленинградтағы Таися атты қарындасының телефон нөмірін береді. Профессордың ақылын алып, әйелі Зылихамен Ленинградта қалмақшы болған. Әйелі Мағжан сотты болған жылдары 14 рет іздеп барған ғой. Сөйтіп тұрғанда Сәбит Мұқановтан хат келеді. «Біз сізді кешірдік. Коммунистік партия бәрін кешіре де біледі. Келіңіз, сізді Жазушылар одағына мүше қыламыз» деп хат жазады. Сәбит Мұқанов КГБ қызметкері болған екен. Оны «Қарабөрік» деп атаған. Қазақстанда болған 360 көтерілістің Көкшетаудағы біреуін осы Сәбит қанмен басқан. Қолына қару алып, жерлестерін өз қолымен атқан. Бұл да тарихта бар. Мағжан хатқа алданып, Қазақстанға оралған. (Оны) осылайша алдап әкеліп, Қазақстанда атқызып отыр ғой.

Бақытжамал Қанарбаева  (мағжантанушы)

 

Құрман Алакс,  ғаламтордағы жазба

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны