«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Қажымқанның Иса Байзақовпен достығы және цирктегі көрсеткен күші туралы
Қажымқанның Иса Байзақовпен достығы және цирктегі көрсеткен күші туралы
Дайындаған: 3 ай бұрын

Қазақ АССР-нің 5-ші сьезі болатын болып, Ақмешітке қазақтың зиялы өкілдері жолға шығады. Сәбит Мұқанов мінген вогонға әнші Әміре Қашаубаев, ақын Иса Байзақов, қазақ музыкасын зерттеуші А.Затаевич, палуан Қажымұқан да мінеді. Сәбит өз купесіне орналасып жатқанда көрші купеден жанжалдасқан дауыстар шығады, дереу жетіп барса, бойы екі метрге жуық, сол кездегі салмағы 214 кг. Қажымұқан, бойы шамамен 155 cм, салмагы да шамамен 55 кг, Исаны көтеріп алып вогон төбесіне тақап көтеріп тұр!

      – Ойбай, ағатай, босат! – деп, Сәбит қолына жармаса кетеді, ары қарай кітаптан үзінді: «Аузының үлкендігі табан қарыс, еріндері бір-бір кесек еттей, аттың күрек тісіндей жалпақ тістері сирей біткен Қажымұқанның сөздері балпылдай орашолақ шығатын және «ш» мен «з» әріптерін «с» ғып, «ж» әріпін «з» деп айтатын». Исаны көтеріп тұрып:

      – Мына зындыны сығарасын ба, жоқ па?

      – Шығарамын – дейді Сәбит.

      – Ендесе босатайын – деп купе текшесіне жатқызады.

Сол кезде проводник келіп Қажымұқанға ұрысады: «түйедей болып, мынаны өлтіресің ғой» деп.

      – Өлмейді! Арақ берсем зазылады.

Проводник кеткен соң Иса:

      – Әкел, әлгі жартымды – деген де.

      – Зоқ – дейді Қажымұқан.

      – Бересің бе, жоқ па? – деп Иса орнынан ұшып тұрғанда.

      – Әй, мынау қайтеді? Кісіні өлтіре ме? – деп палуан жасқанады.

      – Бер жанының барында! – деп Иса Қажымұқанның жағасынан ала түскенде Қажымұқан:

      – Өлтіре ме, әй мынау? Айырыңдар! – деп айқайлайды.

      – Берсей арағын! – деп Сәбит ішегі қата күліп, әрең айтады.

 

      Кет, сық, бәлекет, сонымен! – дегенде, қолына арақ тигесін Иса купеден шығып кетеді. Иса ішіп алғанда Қажымұқанға ылғи осылай тиіседі екен. Қажымұқан да тышқаннан қорыққан пілдей: «ау мына зындыны тоқтатындарсы» деп зор даусымен айқалай бастайды екен.

      Купедегі текшеге Қажымұқан сыймайтын болғандықтан, екі текшеге тақтай төсеп, орынын дайындайды, екінші қатардағы текшеге адам жатқызбайды, себебі жауырыны жерге тимеген палуан үстінен ешкімді аттатқызбай, жалғыз өзін бір купеге жатқызады.

      Енді Қажымұқанның цирктегі көрсеткен күші туралы Сәбит Мұқанов былай деп жазады:

      «Қажымұқанның шынында да орасан мықты екенін, кешікпей Омбы циркінде көрдім: теміржол рельсін түргеп тұрған қалпында иығына теңдей артып, екі басына он-оннан жиырма кісі мінгізгенде, рельстің екі жағы да майысып, иілген бастары жерге тиеді; жуандығы білектей жұмыр темірді беліне орап, қайта жазды; ауырлығы он пұттық темір сапты балғамен, жиырма пұттық диірмен тасын соққанда,(ол тасты аренаға өзі көтеріп шығады) тастың күл-паршасын шығарды; шалқасынан жатып, төсіне жалпақ тақтайды төседі де, екі қолымен екі тізесін тірек қып, «көпір» арқылы ат жегілген, жүгі мол (арқайсысында 100 пұттан деседі ), екі-үш арба өткізді; сол күні күрескен цирк палуандарының бәрін жықты. Олардың ішінде неше түрлі алыптар бар еді».

      Осы «Есею жылдары» атты екінші кітабында Сәбит Мұқанов Қажымұқанның тамақ жеуін де егже-тегжейлі жазып кеткен:

      «Айтпақшы, ұмытып барады екенмін – Қажымұқан да ішкіш адамның біреуі. Бірақ оның нормасы да, салты да Исадан басқа. «Ең көп ішті» дегенде, Исаның жетер мөлшері жарты-ақ литр. Одан әрі басына ие бола алмай қалады. Ал, Қажымұқан таңертең-бір, түсте бір, кешке-бір рет қана ішуі керек, одан артық керегі жоқ деп, күнделік үш астың алдында ғана болмаса, басқа уақытта арақты аузына алмайды. Ол осы үш кездің әрқайсысында өндіре тартады. Әрбір ішкенде дағдылы нормасы-бір ширек, яғни-үш литр. (мәссаған, сонда 18 бөтелке арақ қой), «Қызба-қызба» боп кететін шақта болмаса, одан артық ішпейді. Ондай шақ кездессе ширектің екеуін қотарып кетеді.(сонда кейде, күніне 30 бөтелке) Арақты стаканмен де ішпейді. Оның ыдысы-литрлік кесе, немесе сол мөлшердегі басқа ыдыс. Одан бұрын да, ол жолы да, кейін де арақты осылай ішуін көре жүре мен ешуақытта Қажымұқанның мас болуы түгіл, тілі күрметілуін де кездестірген емеспін. Оның мас болған белгісі-сөзшенденіп кетуі ғана. Жайшылықта сөзге доғал ол, көбірек ішсе шешенденіп алады да, өзі ғана сөйлеп, басқаны үндетпей қояды. Әдетте ақылды сөзді аз айтатын ол осындай шағында ғана жүйелі, есті әңгімелерді баяндап кетеді. Мастығының және бір белгісі-бетінен тер құйылады да отырады, әңгіме аяқталғанша ұзындығы сала құлаш орамалды малшындырып болады. Етті қанша жеуін төменде көресіздер.

      Біздің бұл сапарымызда ет пен қымыздың да, мол екенін айтып өттім. Қажымұқан қымызды да ішкіш, етті де жегіш. Біреулердің арақ ішсе қымыз іше алмайтын, қымыз ішсе арақ іше алмайтын әдеті болады ғой. Қажымұқан оның екеуін де араластыра соғады. Қымызға «түп жоқ» десең сиярлық,                             – үлкен аяқпен таңертеңнен кешке шейін сіміруден жалықпайды. Етке де мешкей – піскен қозының етін жеп қою оған түк те емес. Әсіресе, майды сұмдық көп жейді. Ол басқа жегіштердей майды шайнаусыз қылғымайды, жантақ шайнаған түйедей, аузын көпірте, мылжандайды да отырады. Қозының кіші-гірім тегенедей құйрығын мытып үзіп, ол екі-үш ретте асап бітіреді. Бұл жесіне өз жүрегі айнымағанмен, қарап отырғандардың жүрегі айнып, талайлар Қажымұқан етін жеп болғанша купеден шығып кетеді.

      Ішіп-жем жайын бұл арада сөз ғып отырған себебіміз – Қажымұқан мешкейлігінің үстіне тамақсау адам. Қарны олқы түссе, ол әңгімеге де топастанады, айтқан кеңесінің қызығы да болмай қалады. Сондай жайын білетіндер – оны тойдырып алып сөйлетеді. Бұл жайын тыңдаушылар біле қоймаса, «Ау әуелі аздап қаузалып алайық та!» деп өзі ескертіп қояды.   

      Жолшыбай тоқтаған станция сайын, ағылып кеп жатқан мол қымыз бен етті оның осы жайын білетін жұрт купесіне апарып, қымызбен сусындатып, етке тойдырып алғаннан кейін әңгіме соқтыртады. Әлдекім күні бұрын хабарлап қоя ма, немене, - арақ та жолшыбай мол келіп жатады».

      Суретте: Қажымұқанның киген көйлегі, кеудесіне 350 кг, тасты қойып сындыруы, соңғы фотосының бірі.

 

Бақытжан Абдул-Түменбаев,  тарих пәні мұғалімі,

                                                          Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны