«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Құмырсқа мен қоңыз
Құмырсқа мен қоңыз
Дайындаған: 3 ай бұрын

                    (мысыл)

 

Сиырдың жас жапасын тауып алып

Мәз болды қара қоңыз, бір жырғалып

Азығы, баспанасы бірақ жерде

Тап болып мол олжаға, қалды байып

 

Үй салды жас жапаның ішін үңгіп

Ермегі асын ішу, қалғып – мүлгіп

Тамақ тоқ, уайым жоқ, масаттанып

Қиялға  кетер кейде, терең сүңгіп

 

Арманы – болса жапа таудай биік

Меншіктеп алса қоңыз, қолға тиіп

Таңырқап барша жәндік, мақтар еді

Қызығып байлығына, басын иіп

 

Қоңыздың көршісі еді  құмырсқалар

Тынымсыз еңбек етіп, тырмысқандар

Азаннан кеш батқанша тыным көрмей

Арқалап ауыр жүкті, үй салғандар

 

«Маза жоқ, бейнет қуған жанын қинап

Сонда да байлығы жоқ, алған жинап

Ақымақ, неткен сорлы жәндіктер» деп

Мазақтап қоңыз күлер, басын сипап

 

Ол өзі құмырсқаны көзге ілмей

Оларды кем санайтын, тек  менсінбей

Өмірін көң жинаумен өткізген соң

Қадірін мақсат, бейнет ұғып – білмей 

 

Осылай өтіп жатты өмірлері

Кім білген не боларын күн ілгері

Бір күні дауыл соғып, құйын жүріп

Тап болды қиындыққа  көршілері

 

Құйынмен кетті ұшып, жапа кепкен

Мерт болды қара қоңыз, құлап көктен

Дін аман құмырсқалар өз үйінде

Қатты жел, илеу бетін шашып кеткен

 

                          *  

 

Ей пенде, еске сақта болған жайды

Тұрақсыз бұл жалғанда, не болмайды

Жылама, мертіккенде құзға құлап

Тағдырды өзің емей, кім таңдайды

Болат  Дүйсембі

 

 

Aqsaqaldar.kz

                                         

                         

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны