«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Ұлтты алға сүрейтін – ұлттық элита, ұлт зиялылары
Ұлтты алға сүрейтін – ұлттық элита, ұлт зиялылары
Дайындаған: 1 ай бұрын

                                                                                                                                (жалғасы)

      Қытайдың экономикасы да, тұрмысы да, рухы да біраз көтерілген. Әлемнің әр жерінен барған  ғалымдардың келіп-кету ақысын, жатын-тамақ шығынын толық өздері көтерді. Демек, бұл Қытай экономикасының көтерілуінің арқасында ғылымға ден қоя бастағанын көрсетеді. Ғылымға қанша қаржы керек болса, соның бәріне ақша тауып беруге мүмкіндігі бар. Қытайда тұрып жатқан 55 ұлттың барлығының ұлттық мәдениетін зерттеуге жағдай жасауға кіріскен. Аз ұлттардың әдебиетін, мәдениетін, тарихын зерттеуге толық мүмкіндіктер берілген. Мәселен, бізбен көрші Шыңжаңға соңғы жылдары 100 миллиардтай доллар ақша бөліп, ол аз санды ұлттардың әлеуметтік, рухани жағдайын жақсартуға жұмсалған.

Қазақтың айтысын Қытайдағы қандастарымыз ЮНЕСКО ұйымына қазақтың атынан тіркетеміз деп біраз еңбектенген екен, бірақ біздің елдің наразы болуымен тоқтатыпты.

      Жазушылардың кітаптарын шығарып, қалам ақыларын беріп отыр. Одан артық оларға не керек. Үй мәселесін де шешіп қойған. Біздікілер сияқты үйсіз-күйсіз жүрген адамдарды кездестіру қиын. Айтыстың өзіне жылына пәлен миллиард ақша бөлінеді екен. Аудан, облыс, республикалық айтыстар жыл сайын өтеді. Ақындар  әлеуметтік келеңсіздіктерді сынға алды ма, ол биліктің құлағына сол мезетте жетіп, тезге салынып отырады екен. Айтысты мемлекет тікелей өзі қаржылардырып отыр. Қытайда айтысты ғылыми түрде зерттеу иниституты жұмыс істейді. Іле қазақ автономиялы облысының Күйтін қаласындағы университетте айтысты зерттейтін ғылыми орталық (бастығы Жәкен Қауытұлы) және болашақ айтыс ақындарын арнайы тәрбиелейтін бөлім бар. Төрт жыл бойы әдебиетті, оның ішінде сөз өнері – поэзия тереңдетіліп оқытылады. Енді термені де осылай жасауды қолға алмақшы екен. Терме де айтыстан бірде бір кем емес, нағыз ұлттық, нағыз философиялық, нағыз тәрбиелік, нағыз гуманитарлық бағыттағы өнер ғой. Термені қолға алудың өзі бұл елде гуманистік рухта адамзаттық тағылымдық тәрбие беруге барынша мән беріп отырғанын байқатса керек. Шыңжаңдағы елге белгілі Шәміс Құмарұлы, Әуелхан Қалиұлы, Бексұлтан Қасейұлы, Лұқтархан Әділханұлы, Еркін Ауғани, Мұхтар, Иясын Құмарұлы, Ыдырыс Әділқанов, Бақтыхан Біләлұлы, Үрімжібай Жетібайұлы, Нұрсейіт Мамырбекұлы, Иясын Жұбпай, Әбдіхалық Оспанқарыұлы, Мәтқабыл Мұхамедкәрім, Сырайыл Ысқақұлы сияқты қазақ зиялылары мен ғалымдары қазақ тіл мен әдебиеті, мәдениеті мен өнеріне айтарлықтай үлестерін қосыпты. Айтысты ЮНЕСКО ұйымына қазақтың атынан тіркетеміз деп біраз еңбектенген екен, біздің елдің наразы болуымен тоқтатыпты. Тоқ етерін айтқанда, бізде жасалуға тиісті біршама істер сондағы қазақ зиялыларының ат салысуымен атқарылып жатыр.

      Бізде де осындай айтысқа мемлекеттік қолдау көрсетілуі тиіс. Айтыс – ұлттық рухтың шынайы көрінісі. Қазақстанда да айтысқа барлық жағдай жасалып, ұлттың рухын көтеруге, ұлы істерге бастаушы, әділдікке, адалдыққа, ұлтқа қызмет көрсетудің үлгісін насихаттайтын нағыз өнер болуы керек.

Егер біз ұлттық рухымызды, ұлттық құндылықтарымызды көтере алмасақ, қаптап жатқан рухани соққылардан тұра алмай қалуымыз әбден мүмкін.

      – Қазіргі қазақ әдебиетінің хал-ақуалы қалай?

      – Қазақ әдебиеті, мәдениеті, өнері қазір тыныстап тұрған сияқты. Тәуелсіздік алғаннан кейін ұлттық әдебиет дүркіреп дамып кетпеді, керісінше, кібіртіктеп қалғандай. Азат елдің халықтық рухы көтеріліп, әдебиетіміз мен мәдениетіміздегі  ұлттық дәстүрді әлемдік өркениетке бір-ақ шығарамыз деп ойлап едік, бірақ олай болмады. Мұның бірнеше себебі бар:

      Бірінші, жүз елу жылға созылған отарлаудың салдарынан ұлттық рухымыз әбден тапталыңқырап қалған еді. Содан күні бүгінге дейін езіліп қалған ұлттық рух қалпына келе алмай жатыр. Бізден басқа ұлттық республикалар бірден ұлттық тілі мен ұлтық рухын көтеріп, сана-сезімін қалпына келтіріп алды да бүкіл мемлекеттік саясаты ұлттық арнада жүріп кетті. Түрлі обьективтік және субьективтік себептерге байланысты бізде бұлай болмады да мұның өзі әдебиетіміздің тоқырауына алып келді.

      Екінші себеп, біздің тәуелсіздігіміз мынау жаһандану үрдісіне қабат келді. Есімізді енді жиямыз деп жатқанда, жалғанды жалпағынан басып, жұтып келе жатқан жаһандануға душар болдық. Жалпы ашық демекратиялық қоғам құрып жатқан бағытымыз дұрыс. Солай деп, бірақ өзіміздің ұлттық құндылықтарымыз бен ұлттық мұрамызды толық игермей жатып, еңсемізді  көтермей жатып, екінші соққыға ұшырап жатырмыз. Бұдан әліге дейін есеңгіреп тұрмыз. «Жаһандану» – ұлт атаулыға түбегейлі қарсы. Әдебиет пен мәдениет бірі бірімен араласып, тоғысып жатады ғой, ал қазіргі ғаламдасудың мақсаты мүлдем бөлек. Мұның басты мақсаты – бүкіл әлемді батыстық мәдениетке көшіру. Әлем халқын бір тілде сөйлейтін, батыстық өмір салтымен өмір сүретін халыққа айналдыру.  Кеңес үкіметі кезінде кеңес халқын бір ұлт болуға шақырмады ма? Оның қателігі де осында. Міне, біз осылайша жаһандануға қойып кеттік. Егер біз ұлттық рухымызды, ұлттық құндылықтарымызды көтере алмасақ, қаптап жатқан рухани соққылардан тұра алмай қалуымыз әбден мүмкін.

Ұлттық әдебиетке, ұлттық мәдениетке, ұлттық өнерге жағдай жасап, соны дамытуды қолға алмасақ, оны ұлтымыздың санасына сіңірмесек, ұзын арқан, кең тұсау жарға соқтыруы әбден мүмкін.

      – Әдебиетте «постмодернизм» деген ағым бізге де жетті. Бұл біздің ұлттық әдебиетімізге тигізер зияны болмаса, пайдасы жоқ көріне ме қалай?  

      – Біз емес, орыстардың өзі бұдан қорғануға көшті. «Литературная газетаның» бетінде осы мәселе бойынша бір жылдай талқылау жүрді. Соңында «постмодернизм» деген – ұлттық әдебиетке қазылған көр. Сондықтан мұны қабылдай алмаймыз, өзіміздің ұлттық әдебиетімізбен жүруіміз керек» деген қорытындыға келді. Постмодернизм адамға көркемдік, эстетикалық ләззат бағыштай алмайды, амамгершілік тәрбие бере де алмайды. Әдебиеттің заңдылығын жоққа шығарады. Шығармасын жаман деп сынасаң да мойындамайды. Өмірді осылай көрдім, осылай жаздым, менің пікірім осы дейді. Кейіпкері жоқ емес, бар. Бірақ кейіпкерінің бейнесі ашылмайды. Мысалы, Алатауды алыстан көргенде, басқаша да, ішіне барсаң тіпті өзгеше ғой. Әр адам әр түрлі сезінеді, ақын басқаша, ал жазушы тағы басқаша дегендей. Міне, мен өмірді осылайша көремін дейді постмодерншіл. Оған не дейсің сонда. Бұл – ұлттық құндылықтарды жоққа шығарудың бірден бір рухани құралы.

      Біздің қазақ әдебиетінде де батыстың ықпалы күшті болып тұр. Өйткені еліміздің экономикалық жағдайы жақсарғанымен, рухани өмірімізде, әдебиетімізде мұның ықпалы ашық көріне бастады. Біздің жастарымыз электронды құралдар мен батыс баспасөздері арқылы батыстық өмір салтының құндылықтарымен «сусындап» жатыр. Ұлттық құндылықтарымызды тәрк етіп, батысқа бет бұрып барады. Тіпті ұлттық кадрларымыздан гөрі, қазақтың тілін білмейтін, батыстан ағылшынша оқып келген «болашақшылдар» бірінші кезекте мемлекеттік қызметтің тізгінін қолына алып жатыр. Бізде әліге дейін ұлттық құндылықтар мемлекеттік тұрғыдан бағаланып, соған жол ашу жағы жетіңкірей бермейді. Адамның өмір сүруіне екі түрлі нәрсе қажет қой. Біріншісі – материалдық құндылық, екіншісі – рухани құндылық. Өкінішке орай, бізде материалдық құндылыққа көңіл бөлу басым да, рухани құндылықтарға әліге дейін ықылас жетісіңкірей бермей жатады. Шындығында да бұл екеуі құстың қос қанатындай қатар жүруі керек.

      Құдайға шүкір, қазір қарнымыз тоқ, киіміз бүтін, бірақ ішіміз түтін болып тұр. Халықаралық экономистердің есептеуіне қарағанада, Қазақстан бай он елдің қатарында. Енді ұлттық құндылықтар мен ұлттық мүддені бірінші кезекте ойлап, ұлттың ертеңіне мемлекеттік тұрғыдан қызмет ететін кез жеткен секілді. Ұлттық әдебиетке, ұлттық мәдениетке, ұлттық өнерге жағдай жасап, соны дамытуды қолға алмасақ, оны ұлтымыздың санасына сіңірмесек, ұзын арқан, кең тұсау жарға соқтыруы әбден мүмкін. Мұның кілті атқарушы биліктің қолында тұр.

Ұлтына қызмет етуді өмірінің мәніне айналдырған ұлтжанды азаматтар атқарушы билікке келмей, ұлттық мәселелер  шешілмейді.

      –  Қалай десек те, жазушылардың қаламына еркіндік берілген жоқ па?

      – Еркіндік беріп «жаз-жаз» дегенмен, жазған кітабы басылмаса, басылған кітабына қаламақы төлемесе, оны ешкім оқымаса, жазылған кітаптан не пайда, не қайыр?!   Жаңа айттым ғой, біздің атқарушы биліктің негізгі тетіктерінде орысша, батысша  тәрбие, білім алғандар отыр. Олар өзінің көргенімен, баққанымен үйренгенімен, білгенімен шешеді. Кезінде Ахмет Байтұрсынұлы: «Адам қандай тәрбие алады, сол тәрбие бойынша қызмет етеді» деп беркер айтпаса керек. Қазақша тәрбиеленген бала қазақ ұлтына, орысша тәрбиеленгендер орыс ұлтына қызмет етеді. Ал Батыста тәрбиеленген бала Еуропалық дүние таным бойынша, сол жақтың идеясына бұрмай тұра алмайды. Еуропадан үйренуіміз керек, білімін алуымыз керек. Бірақ сол жаққа ұлттық мектептерде оқып, ұлттық сана-сезім қалыптастырған қыз-жігіттерді жіберсек, дұрыс болар еді. Біз әліге дейін ұлттық сана-сезімі қалыптаспаған, қалыптасқан күннің өзінде батысша қалыптасқан азаматтарды жіберіп жатырмыз.

      Елбасымыз «қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін» деп, ылғи да айтады. Өкінішке орай, соны жүзеге асыратын жерде отырғандар – құлықсыз. Қай бір жылы мен Гумилев атындағы Еуразия университетінде жұмыс істеп жүргенде, Ресей президенті Путин келіп, сөз сөйледі. Сонда ол: «Қазақстан үкіметі құрамының 33 пайызы Мәскеуден білім алғандар» екендігін еске салған еді. Ол дұрыс қой, бірақ біздің еліміздің болашағын бүркеп отырған сол 33 пайыз ба деп қорқамын кейде. Олар орыстың дүние танымымен өмір сүреді ғой. Ұлтына қызмет етуді өмірінің мәніне айналдырған ұлтжанды азаматтар атқарушы билікке келмей, ұлттық мәселелер  шешілмейді.

Халық өз арасынан шыққан адал азаматқа сенім білдіруі керек. Бірақ біздің сайлаудың барлығы әділ өтіп жатыр деп айта алмаймыз. Жаңағы қолында билігі бар адамдар түрлі айлалармен өзін сайлатады. Сөйтіп халыққа толық ерік бермей отыр.

      – Мемлекет пен халықтың мүддесін өз мүддесінен жоғары қоятын ұлттық кадрларды атқарушы билікке көптеп тарту жағы қиын болып тұрған жоқ па?  

      – Өзің айтпақшы, қолында билігі бар адамдар түрлі амалдармен елдің алдын орап кетіп жатады. Халық өз арасынан шыққан адал азаматқа сенім білдіруі керек. Бірақ біздің сайлаудың барлығы әділ өтіп жатыр деп айта алмаймыз. Жаңағы қолында билігі бар адамдар түрлі айлалармен өзін сайлатады. Сөйтіп халыққа толық ерік бермей отыр. Бізде тазару процесі жүрмеді. Олар жершілдігін, рушылдығын қоздырып, ақшамен арбайды, сатып алады, басқа да түрлі қысымдар жасайды.

      Түсіне білсек, «ру» – деген адамзаттың ең биік гуманистік дәрежесін көрсететін иниститут. Қазақтың танымы бойынша, бөтен адам жоқ, барлығымыз туысқанбыз. Басқа халыққа қарағанда, біздің бұл жүйеміз – өте мықты. Бірақ соны кейбіреулер өздерінің арам пиғылына пайдаланып жүр. «Ұры кетті, ұры кетті» деп, із кесушілерді басқа жолға салып жіберетіндер сияқты.

      Менің ұғымымша, адамның бірнеше деңгейі бар. Бір адам бар өзінің қарақан басының қамын ойлайтын, екінші бір адам бар, ағайын туыстарына ғана көмегін тигізетін, үшінші бір адам руына қызмет етеді. Ал енді бір адамдар ұлтына, халқына, мемлекетіне қызмет етеді. Демек, әр адамның сана-сезімі, деңгейі әр түрлі. Руына, тайпасына қызмет ететіндер – әлі ұлттық сана-сезімі жетілмегендер. Рахманқұл Бердібайды білесің, ол кісі – өле өлгенінше «ұлтым» деп өткен адам. Осы жақында  Рахаңның 85 жасқа толған күні болды. Бірде бір басылым ол кісі туралы жұмған аузын ашпады. Рахаң туралы материал бірде бір баспасөз бетінде берілмеді. Көрдіңіз бе? Біз осындай деңгейге түсіп қалғанбыз.

      – Ұлттың сөзін сөйлеп, ұлттық құндылықтар туралы айтатындарды келеке жасайтын болған жоқпыз ба?!

      – Дұрыс айтасың. Ондай тексіздерді құлағымыз естіп, көзіміз көріп жүр. Белгілі ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов қазақ тілінің тағдырын айта бастап еді, «оның не айтатыны белгілі ғой» деп теріс айналатындар шықты. М.Шахановтың өзін сондай дәрежеге түсіріп қойды. Бірақ халықтың арасында М.Шахановтай құрметтелетін азаматтар қазір аз. Өткен жылы Қырғызстанда кезінде Шыңғыс Айтматов құрған халықаралық «Ыстық көл» форумы өтті. Сонда қырғыздырдың М.Шахановты қалай құметтегенін көрсең. Ал бізде биліктің қазақ тіліне көңіл бөлмей отырғанын айтқаны оларға жақпайды. Мұхаң ашық айтады. Құдды сүтке тиген мысық секілді қылып қойған кәдімгі. «Жалын» журналы мемлекеттік грантпен шығып тұраушы еді, енді соны бермей қойыпты. Бұл деген ұлт жанды азаматтардың аузын түрлі амалдармен жабу ғой.

Қарабасының қамы үшін жүргендердің бәрі зиялы емес. Зиялы деген жеке басының, әйтпесе бір тайпаның немесе бір рудың күні үшін емес, ұлттың қамын ойлап, бүкіл өмірі мен ақыл парасатын ұлтына, қызмет етуге арнағандар.

      – Қылышынан қан тамған Кеңес одағының кезінде биліктің өзі ұлт зиялыларымен санасатын болған екен, ал қазір тәуелсіз мемлекет құрған Қазақ елінде зиялылардың үні шықпай қалғаны қалай?

      – Интеллигенция «зиялы қауым» деген сөз ғой баяғы. Осы «зиялының» өзін әртүрлі түсінуге болады. Ал бізде оқыған мен қызмет істегеннің барлығын зиялы деп жүр. Әдетте «Зиялыны» ұлттық сана-сезімі жоғары, оқыған, білімі жоғары азамат деп түсіну дұрыс емес. Қарабасының қамы үшін жүргендердің бәрі зиялы емес. Зиялы деген жеке басының, әйтпесе бір тайпаның немесе бір рудың күні үшін емес, ұлттың қамын ойлап, бүкіл өмірі мен ақыл парасатын ұлтына, қызмет етуге арнағандар.  Бұлардың қатарында ақын-жазушылар, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері көбірек көрінеді. Осы тұрғыдан келгенде, кез келген адамды зиялы деп айтуға болмайды. Зиялы – ұлттың қаймағы, оны өрге сүйрейтін рухани күші. Халық зиялыларға қарайды, зиялыларға сеніп, соңынан ереді.

      Тәуелсіздік алғаннан кейін зиялылардың арасына жік түсіп кетті. Екі топ бар. Көпшілігін түрлі тәсілдермен, қызмет бар, марапаттар бар, көп қой, билік өзіне қаратып алды. Содан барып біздің көптеген ақын-жазушыларымыз өздерінің зиялылық қасиеттерінен арыла бастаған жағдай да бар. Бірақ өзінің пендешілігі болғанымен де өзінің ары мен ұжданын сақтап қалғандар да жеткілікті. Көптеген ақын-жазушыларымыз билікті мақтап өлең шығарып, поэма, әйтпесе романдар жазып,  түрлі жоғары сыйлықтарды алып жатыр. Бірақ олардың шығармасын оқып жатқан халықты көру қиын. Керісінше, ұлттық идеяларды, ұлттық мүдделерді жырлайтын, халық сүйіп оқитын ақындарымыз, жазушыларымыздың күн көріс жағдайы мақтарлық емес. Міне, өмір деген – осындай аумалы-төкпелі.

                                                                                                          (Жалғасы бар)

Сұхбатты жүргізген Әлімжан Әшімұлы 

Abai.kz

 

 

 

 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны