«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі

Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Асқар Жұмаділдаев: «Қазақ жетектегі ел...»

Дайындаған: 1 ай бұрын

      Жуырда академик, қоғам қайраткері Асқар Жұмаділдаев журналист Нартай Аралбайұлының «You tube» каналына сұхбат берген еді. Біз академик Жұмаділдаев мырзаның сонда айтқан кейбір ойларын оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.

Өзімді академикпін деп айтуға ұяламын...

      Қазіргі академия бұрынғы Сәтпаевтың академиясы емес. Қазір академикпін деп айту маған кішкене ұяттылау. Өйткені кім көрінген академик болып кетті. Не көп? Академик көп! Не көп? Доктор, профессор көп! Бәрі сұйылып кетті. Сондықтан бұл менің дұрыс саясатым деп есептеймін. Өзімді ешқашан академикпін деп атаған емеспін. Ешқандай атақ-даңқ, лауазымымды айтпаймын.

Жастарға реализм жетпейді

      Соңғы кезде Қазақстандағы үйлену статистикасы мен ажырасу статистикасын алып қарасаңыз 30% екен. Қазір 50%-ға жақындап қалған шығар. Солардың көбі жарты жылға шыдамай ажырасып кетеді екен. Бұл нені білдіреді? Теріс тәрбиені білдіреді. Махаббат деген қасиетті ұғым. Ол түсінікті. Оны Абай да, Пушкин де жазды. Әлі де жазады. Бірақ, практика бар, прагматизм бар. Мен айтам: Егер адамның өзінің үйі, жалақысы мен екі жастың бір-біріне жауапкершілігі болса махаббат та болады. Қазір үкімет жастарға жағдай жасасын. Жастар еңбекқор, жауапкершілікті болсын. Қазір олардың көбінде 5-10 диплом бар. Бірақ, жұмыс жоқ.

Поэзия мен математиканың түбі бір

      Поэзия мен математиканың түбі бір. Екеуі ағайынды. Омар Хаям деген кісіні алыңыз. Ақын ба, математик пе? Жұрттың бәрі ақын дейді. Ал, негізінен ол математик. Бірақ, оның атын шығарған математикалық еңбегі қайсы десеңіз, ол үшінші дәрежелі теңдеудің шешімін тапқан. Оны мен білем, бірлі-жарым адам біледі. Басқа ешкім білмейді. Ал, Омар Хаям айтыпты дейтін рубаяттарды бәрі біледі. Бірақ, бұл оның математиктігі кем деген сөз емес. Өйткені әр нәрсенің өзінің дәрежесі бар, саласы бар. Жұрттың бәрі поэзияны біледі, құмартады. Ол жақсы. Өйткені оны түсіну оңай. Ал, математиканы түсіну оңай емес. Бірақ, екеуінің ойлау, сезу әдісі бірдей.

Бізге ғылымды Совет Одағы әкелді

      Сәтбаевтың ашқан ғылым акаде­миясын жапқанымыз дұрыс болмады. Біз Совет одағын жамандаймыз. Бірақ ол кездің жақсылығы көп болды. Соның бірі – ғылым. Бізге ғылым сол Совет одағында келді. Мысалы, қазір дүниежүзінде 200 ел болатын болса, соның 12 елінде ғана ковидтің дәрісін шығарады. Қазақстан да шығарғалы жатыр. Ол Совет одағынан қалған ғылымның көрсеткіші.

      Қазір ғылым бар. Бірақ, бәрі инерциямен кетіп бара жатыр. Менің ойымша академия тарамағанда оның пайдасы көбірек болатын еді. Адамда, әсіресе жастарда ұмтылыс болар еді. Біз кезінде Жәутіковтей академик болсақ деп армандайтынбыз. Сондықтан, совет кезін мақтағанның да, даттағанның да реті болуы керек. Менің айтарым: Совет одағы кезінде оқу жүйесі, ғылым жүйесі дұрыс болды. Өкінішке қарай, біз қазір сол жүйеден айырылып қалдық.

Қазақ – жетектегі ел...

Менің теориямда елдің екі түрі болады: бірі - жетекші ел, екіншісі - жетектегі ел

      Жетекші елдің мысалы – Америка, Қытай. Қазақ – жетектегі ел. Мәңгі бақи жетекте жүруге болмайды. Жетектегі ел жаман деген сөз емес. Мысалы, Қытай да жетекте болған. Совет одағы таратылардың алдында, біздің Қазақстанның ең жаман костюмдерін, пальтоларын Қытайға апарып сататын. Қазір керісінше. Қытай қатты дамып кетті. Олар Американың жаңа технологиясын тез үйреніп алды. Оны өзінің еліне әкелді, жағдай жасады. Мысалы, қазір сіздің компьютеріңіз Қытайдан шығады. Америкада емес. Оны Трамп түсінді де, бәрін қайтадан Америкадан шығаратын қылды. Бірақ, Қытайдың ақылдылығы – жетекте жүріп, жетекшінің ақылын үйреніп озып кетті. Біз де сондай болуымыз керек.

Мәңгілік ел деген поэтикалық ұғым

      Ал, шын мәнінде мәңгілік ел болу үшін қазақ технократтық елге айналуы керек. Ең болмағанда өзін-өзі қамтамасыз ететін жағдайға жетуі керек. Мәселен, біз қазір Еуразиялық одаққа кірдік. Қарасам, қазақтың 40%-ы импорт екен де, қалған 60%-ы экспорт екен. Сонда біздің шығаратынымыз бес нәрсе: мұнай, уран, газ, бидай, ет. Басқа ештеңе де жоқ. Қазақстан маскадан бастап, өзіне қажетті өнімді өзі шығаруы керек. Екіншіден, оның бәрі жаңа технологияға негізделуі керек. Бренд деген сөз бар. Қазақтың бренді не? Мысалы, Жапонның бренді – Тойота, немістікі – Мерседес, Американың бренді – Apple. Ал, қазақтың бренді жоқ... Домбырамен әлемді жаулап аламын деген қиялы бар.

      Қазақ Бораттың елі болмайын десе, әлемдік деңгейдегі соңғы өнімді өзі шығаруы керек. Ол үшін қазақта жаңа технология болуы керек. Оны істей алатын адам болуы керек. Оны жасайтын зауыт болуы керек. Оны ұғатын басшы, істей алатын қосшы болуы керек. Менің айтып жүргенім осы. Осы дүниелер болмай тек қана сөзімізбен, өнерімізбен, өтірігімізбен әлемді мойындатамыз деу – күлкілі нәрсе.

Қазақта сөз бен істің арасы қанша шақырым?

Қазақта сөз бен істің арасы мың шақырым. Өйткені, ойлап қараңыз, мысалы бізде Елбасы да әңгіме айтып жатыр. Бірақ сол әңгімелер жүзеге асып жатыр ма? Біздің басшыларымыздың бәрі дұрыс әңгіме айтады. Өндіріс жасайық, жемқорлықты тоқтатайық, жұрттың бәрінің қарнын тойғызайық дейді. Сондай әңгімелері мен істің арасы бір-біріне сәйкес келмей тұр ғой. Осы әңгімені немістер айтса, ертесі бірден іске кіріседі. Мысалы жапондар метро салайық деп 2 жыл талқылайды. Талқылап бітті, бірден салып бітеді. Біз метро керек дегенді бір жыл айттық па, екі жыл айттық па? Қазір 20 жыл емес, 40 жыл болды әлі бітетін түрі жоқ. Тағы бір мысал – ЭКСПО-ны алайық. ЭКСПО келе қалса бізде жаңа технология дамиды, жұрттың барлығы электронды машиналармен жүреді. Желден энергия алынады деген әңгімелер болды. Осыған қателеспесем, ресми түрде 3-4 млрд доллар кетті. Бейресми 7 млрд-тай доллар кетті. Әблязов қашып кетті 7 млрд доллармен, біз 7 млрд доллармен ЭКСПО жасадық. Қандай энергияның түрін ойлап таптық? Қандай электромобильді машина ойлап таптық? Космосқа ұшатын қандай кеме ойлап таптық? Қазір жеке адамдардың өзі космосқа ұшатын кеме ойлап тауып жатыр. Илон Маскты алып қараңыз. Ол бизнесмен. Бірақ арманшыл адам. Арманшыл болғанда, біздің арманшылдықтан айырмашылығы не десеңіз, бұл кісіде бәрі нақты.

Техника дамымай тіл дамымайды

      Ғылым дамымай, техника дамымай тіл дамымайды. Біреуді мақтауға, даттауға келгенде қазақта сөз табылады. Бірақ, компьютерге, транзисторге, регисторге келгенде сөз табылмайды. Менің арманым – транзистор мен регистор Мұқағалидың жырындай төгіліп шығуы керек. Сол кезде қазақтың тілі шын тіл болады.

Филологтар жасаған әліпбимен формула жазылмайды

      Мен латын әліпбиі туралы «Қазақ әдебиеті» газетіне мақала жаздым. Соны бір-ақ адам оқыды-ау деймін, Қасекең. Мен Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездескенде осы туралы сөйлестік. Қабылдауына барғанда бір ғана шартым бар: Тақта іліп қойыңыз дедім. Сосын екеуміз қатар тұрдық та, әрбір әріпті талқыладық. Екеуміз айтыстық...

      Әліпби деген не? Ол екі нәрсе: Бірінші – әріп, екінші – цифр. Біздің осы уақытқа дейінгі әліпби туралы әңгімеміз 100% әріп туралы болды. Цифр туралы бір әңгіме жоқ. Қазақ клавиатурасында цифр жоқ. Дүние жүзінде 200 ел болса, 5 мың тіл болса, соның барлығында цифр бар. Қазақ тілінде цифр жоқ. Мысалы, қазақша клавиатурада 4 деген санды бассаңыз Ң шығады. Қазақтың өзіне тән 9 әрпінің үстіне цифр қойылған. Бұл қате. Цифрлы қазақстанды цифрсыз жасап жатыр. Бірақ, мұны ұғатын адам жоқ.

      Алфавитті өзгертетін болса – цифр өзінің орнын табуы керек. Әріп бір бөлек, цифр бір бөлек болуы керек. Егер екеуі бірге тұрса, ешқашан банк жүйесі қазақшаға көшпейді. Ешбір компания, ешбір зауыт қазақшаға көшпейді. Цифр болмаса қалай көшіресіз? Сондықтан менің айтарым: Егер цифрды орнына келтіретін болсақ қана латынға көшуге болады. Егер алфавитке цифр кірмесе, Бораттың квадраты боламыз.

      Түптеп келгенде кириллицада тұрған ештеңе жоқ. Мен одан қауіп көріп тұрған жоқпын. Біздің алфавитті жасағандағы ең үлкен кемшілігіміз – оны тек қана филологтар жасады. Олардың өздерінің бір-бірімен басы піспейді. Олардың арасында математикалық формуламен жұмыс істеген адам жоқ. Олар жасаған нұсқамен әдемі өлең жазуға болады, әдемі роман жазуға болады, бірақ, формула жазуға болмайды.

Сәдуақас Аңсат, Қазақстан журналистер Одағының мүшесі

Ғаламтордағы  жазба

Aqsaqaldar.kz

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны