«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Адамның жауы арсыздық!
Адамның жауы арсыздық!
Дайындаған: 2 ай бұрын

             Алғыстың орнына қарғыс айта жаздады!

 

      Биыл еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығы!

      Бүгін Алғыс айту күні екен! Осыған орай, елімізді 30 жыл билеген екі Президентке, Парламентке, осы жылдары Үкіметті басқарғандарға  Алғыс өлең жазайын деп, столыма отырып қаламымды қолыма алғаным сол еді, кеудемнен арым атып шығып :

 

      – Ей, Аймұханбет! Сен не бетіңмен Президенттеріңе, Парламентіңе, Үкіметтеріңе Алғыс өлең жазбақшысың? – деді маған сұрақ қойып.

 

      – Жақсы болсын, жаман болсын 30 жыл бойы Қазақ елін шамалары келгенше басқарды ғой! Сол үшін бүгінгі Алғыс күні оларға алғысымды айтайын деп едім – дедім мен Арыма.

 

      – Ал, мен сенің Арың ретінде, оларға Алғыс жазуыңа қарсымын! Сен енді менің неге қарсы екенімді тыңда! – деп, Арым сөзін жалғастырды.

 

      – Бірінші; сенің ең қасиетті Анатілің – қазақ тілің не күйде? Қазақтың тілі – 30 жыл бойы орыс тілінің көлеңкесі болып, билігіңнің Ақордасы мен «көкүйінің» есігінен сығалып, жетімнің күйін кешіп келеді емес пе? Сол үшін билігіңе Алғыс айтақпысың ба?

      Ата – бабаң қанымен қорғаған қазақтың киелі жерін талан-таражға салып, асты-үстіндегі қазына байлықты «шапкасын» алып шет елдіктерге жем қылып, қазағыңды «алтын сандықтың үстінде жалаң бұт қалдырып», кедейшіліктің, жұмыссыздықтың, баспанасыздықтың зардабын тартықызып отырғаны үшін – президенттеріңе, парламентіңе, үкіметтеріңе Алғыс айтайын деп пе едің?

 

      Бір адамға табындырған заң қабылдап, бүткіл қазақты бір отбасы мен биліктегі «безбүйрек» құлқынның құлдарының илеуіне салғаны үшін – президентіңе, парламентіңе, үкіметіңе Алғыс айтпақсың ба?

 

      Атазаңды мың өзгертіп, Азаматтардың құқтарын аяққа таптатып, наразы халықты, Аналарды, жастарды «қарғы баулы» полицейлеріне «қойша иіртіп», итше сабатып түрмеге тыққандары үшін Алғыс айтпақсың ба?

 

      Елім! – деген Ерлерді ажал құштырып, қудалауға түсіріп, темір торға ұзақ жылға қаматып, азаптағаны үшін – президенттеріңе, парламентіңе, үкіметіңе Алғыс ода жазбақсың ба?

      Тағы да тізейін бе? Әлде осы да жете ме? – деп, АРЫМ менің аузымды аша алмайстай етіп, екі бетімнен отымды шығарды.

Мен оған тура қарай алмай:

      – Кешір мені! Мен сенің алдыңда қарабет бола жаздадым! – деп, қаламымды лақтырып жіберіп, еңсем түсіп, төмен қарап отырып қалдым. Арым да менің мүсәпір түрімді көріп аяп кеті ме екен, кеудеме қайта кіріп, көңілімді орнына түсірді.

      Солай, биліктегі екі президентке, парламентке, үкіметтерге Алғыс өлең жазамын деп отырып, Арымның алдында тергеуге түсіп, билікке Алғыстың орнына - қарғыс бере жаздадым.

      Билікті қарғап нем бар? Төрешісі - құдіретті Алла мен солар билеп отырған қазақ деген төзімді де, батыр халық!

Биліктің жақсылығы болса – солар Алқасын, жамандығы болса - солар қарғасын!

 

      Әр кім өз Арының алдында жауап береді!

 

Аймұханбет Бейсембековғаламтордағы жазба

01.03.2021

Семей.

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны