«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
1962 жылы қытайдан келген қазақтардың басқа қоқаңдаған ұлтты тәубасына түсіруі
1962 жылы қытайдан келген қазақтардың басқа қоқаңдаған ұлтты тәубасына түсіруі
Дайындаған: 2 ай бұрын

 

                                               (Болған оқиға)

 

      1960-62 жылдары Н. С. Хрущев қытаймен арадағы шекараны ашып жіберіп, талай қазақты квотасыз, құжатсыз-ақ көшіріп алып, көзсіз ерлікке барды емес пе?! Осы қазақтар дінімізді, ділімізді, мәдениетімізді, ұлттық қасиеттерімізді қайта алып келіп, солып бара жатқан қазақ қайта көктеді. Қой бағып елдің де, өздерінің де тұрмыс жағдайларын түзеді. Олар көшіп келгенде бұттарында көк дамбалдан басқа дымы да болған жоқ қой! Олар жоқтан бар жасады. Біраз жылдан кейін осы ағайындарымыз жергілікті қазақтан тұрмыс, рухани даму жағынан да көш ілгері кетіп қалды. Себебі, еңбекқор. Кеңес үкіметінің қитұрқы саясаты – бір қазақты «жергілік» және «қытайшық» деп екіге жіктеп, араларына білдірмей шоқ тастап қоятын.

      1955 жылдары алғаш құжатпен өткен қазақтар, басым бөлігі осы кітап авторының нағашылары. Нағашылырым Қаракерей Найман елінің Байыс тайпасының Тума елінің ішінде Құдас деген ру – жауынгер, тентек, жүрек жұтқан ел.

      1955-56 жылдары тың көтереміз деген желеумен Ресей: түрмесінде жатқан қылмыскерлерін, көшеде жүрген бұзықтарын, т.б. адамдарының бұзылған қалдықтарын, топтарын – отарлау саясатын жүргізе отырып, Қазақстанға қаптатып, өргізіп жіберді. Келімсек неше түрлі ұлт өкілдерінің қоқыр-соқырлары, басбұзар тентектері, қылмыскерлері біздің ауылға да қаптап кетіп, қазақтарға қырындап қарап, есіктен сығаламай жатып: «төр менікі» деп жауша тиіп, есікті теуіп кірді. Негізі орыс пен украин, бұларға соғыс кезінде жер ауып келген шешен жастары қосылып, жергілікті қазаққа күн көрсетпеді.

      Әлі есімде, кішкентай бала күнім. Ұржарда орталық саяжайда үлкен мереке болды. Ауылдың бар баласы осындамыз. Ұмытпасам бұл 1956 жыл, Қазақстанның 30 жылдығы. Көбіміз нағашыларымыздың аттарына мінгесіп барғанбыз. Олар қылшылдап тұрған, аттың құлағында ойнайтын шабандоз жас жігіттер. Шетінен жаужүрек, қызба қанды көкпаршылар.

      Мыңдаған ішіп алған орыстар, хохолдар, шешендер әдеттегідей қазақтарды сабай бастады. Қытайдан келген қазақтарды әлі жөнді білмейді.   

      Бір уақытта «Шыңғожа! Шыңғожа!» деген Тума баласының соғыс ұраны жер жаңғыртты. Орталық саяжайда атқа мініп, тойды қызықтап жүрген жігіттер дереу 40-50 шақтысы әскери тәртіппен бір жерге топтала қалды. Кейбіреулерінің қолдарында дырау қамшы. Қамшысы жоқтары үзеңгілерін ағытты, енді біреулері ағаштан сойыл жасап алды. Он-оннан топқа бөлінді.   

      Топтан танығандарым: Мақыш, Жақашбай аға, Тоқтам аға, аюмен алысқан Әбітай, көкпаршылар: Ахметқали, Төкештің әкесі Тілеген, Асқар, Саният, Биғажы, Ақан, Сәлім, Мұқаш, Болат, Назарбек, Өндірхан т.б. Абылхановтар, Домбалановтар, Уасіловтар, Қасабаевтар, Қаймақбаевтар, Жакупов, Сейтжапаров, Бошаев әулеттері түгелдей ат үстінде.

      Ұлы даланың көшпенділерінің – қаһарман, жаужүрек, жауынгер ұрпақтары майданды бастады. Он-оннан лекке бөлінген, дала соғысы амалын жетік білетін атты жасақ – өңшең көкпаршылар, көздері шоқтай жанып, теңіздегі жарға соққан толқындай лек-легімен: орыстарға, украиндерге, шешендерге қырғидай тиіп, жамсатып салды.

      Артқы лек атойлап «Шыңғожалап» ұрандап тигенде, алдыңғы лек қайта айналып толассыз құйылып отырды. Аттың бауырына салып, еркек кіндіктілерін қан-жоса қылып, естерін жиғызбай сабады. Бет-ауыздарының дал-дұлы шыққан, бастары жарылып, аяқ-қолдары сынған, көйлектері қанға малшынған олар – төрт тағандап, тоңқаңдап қашты. Бұттарына тышқызып, бұта-бұтаның түбінде, тырқырата қуып жүріп сабады, ат тұяғымен таптады. «Сыбағадан» бір де біреуін құр қалдырмады. Аяуды білмеді. Сабағанда жәй сабап қана қойған жоқ. Ерекше өшпенділікпен, жігермен, шабытпен, шаттықпен, құлшыныспен сабады. Себебі, аталарының, әкелерінің кегін алды! Бұлардың бәрі де 1920жж., 30-32 жылдары Науалыда туған балалар еді...

      Бұл кеуделерін көтеріп жүрген басқа ұлт өкілдеріне, «ұлы халыққа», – соңғы демдері таусылғанша ұмытылмайтын өмірлік сабақ болды. Олардың еңселерін езіп, қайта бас көтертпей, «жындарын» әп-сәтте қағып, бұқтырып, біржола тұншықтырып тастады. Осыдан кейін олар: құйрықтарын қысып, ауыздарындағы сөздерін абайлап сөйлеп, тәубәләріне түсті. Қазақ «Аюға да, намаз үйреткен таяқ» деп бекер айтпаса керек. Қазақ көтерілмесін деңіз...

      Менің бір ерекшелігім, бала күнгі көргендерім түгелдей сол қалпы есімде. Әрбір сәт, адамдардың аты, бейнелері. Уақыт тезіне сала келіп, осы көтерілісті өте ақылды, ержүрек, дала соғысының әдісі мен барымтаның қыр-сырын аса жетік білетін адамдардың басқарғанын, солардың тас-түйіндей қылып ұйымдастырғанын Ғазиз жаным, санам арқылы кімдер екенін білдім.

      Олар өздерінің ел-жұртын, руын шашау шығармай, қытай жеріне 1930...32 жылдары қызылдармен соғыса отырып алып кеткен, 1955 жылы ұйымдасқан түрде қайта: туған жеріне ұрпақтарын өсіріп, өрбітіп аман-есен алып келген, қызылдарға қарсы болып, кезінде атаман Анненков пен дос-жаран болған, қытайға мойын ұсынбаған, тума дарын қолбасшылар, жүректерінің қылы бар, текті тұқымның ұрпақтары, ХIХ-ХХ ғасырдағы қазақ батырларының соңғы тұяқтары: Нұрахмет Абылханұлы, Нүсіп Қабдолдаұлы, Мақыш Жақыпұлы ақсақалдар еді...

      Бала күнімде көрген осы шайқас, әлі күнге көз алдымнан кетпейді. Кей кездерде бейнетаспа көріп отырғандай есіме алып, осы көріністі қайталап көруден жалықпаймын. Нағашыларымның ерліктеріне сүйсінемін, таңырқаймын. Көтеріліс басшылары, даланың дана қарттары, өз руларының көсемдері: Нұрахмет Абылханұлы, Нүсіп Қабдолдаұлы, Мақыш Жақыпұлы ақсақалдардың, нағашыларымның әруақтарына құран аяттарын бағыштап, есіме алып отырамын.

      Қазір «Елім деп еңіреп туған», кезінде Құдас, Қисық, Қожагелді руларының көшбасшылары – көсемдері болған: Нұрахмет ақсақалдың ұлы: «Науалы жүгері зауытының» директоры, белгілі кәсіпкер Жұматаймен, Нүсіп ақсақалдың ұлы: Науалы балалар үйінің директоры Тұрсынмен, Мақыш ақсақалдың ұлдары: Серікқан, Сәрсенғали, Бейсенғалимен жақсы қимас достық, ағайындық қарым-қатынастамын. Олармен арадағы достығымды құрметтеймін, мақтаныш тұтамын...

 

Әсет Мұқашбеков, ғаламтордағы жазба

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

 

 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны