«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Қазбек би айтқан екен...
Қазбек би айтқан екен...
Дайындаған: 1 ай бұрын

 

      Бірде, Қазбек би ел аралап жүріп, бір аулдағы бас қосқан жиынға кез болады. Жиналған адамдар биді жақсы қарсы алып, қошемет көрсетеді. Есік жақта көнетоз шекпен киген жас жігіт рұқсат сұрап, биге үш сұрақ қойыпты:

      – Би аға, мені қинап жүрген мынадай сұрағым бар, дүниеде адамға не қымбат, не жақын, не қиын?  Сонда Қазбек би отырып:

      – Алтын ұяң – отан қымбат.

      Құт берекең – атаң қымбат.

      Асқар тауың – әкең қымбат.

      Аймалайтын анаң қымбат.

      Мейірімді апаң қымбат.   

      Туып өскен елің қымбат,

      Кіндік кескен жерің қымбат.

      Ұят пен ар қымбат.

      Өзің сүйген жар қымбат.   

            *

      Тату болса, ағайын жақын

      Ақылшы болса, апайың жақын.

      Бауырмал болса, інің жақын.

      Инабатты болса, келінің жақын.

      Алдыңа тартқан адал асын,

      Қимас жақын – қарындасың.

      Сыбыайлас болса нағашың жақын.

      Адал болса досың жақын.

      Еркелейтін немерең жақын,

      Өз ұрпағың шөберең жақын.

      Жан серігің жас кезінен,

      Бәріненде әйелің жақын.

            *

     Іштен шыққан жау қиын.

     Таусылмайтын дау қиын.

     Шанышқылайтын сөз қиын,

     Дәл осындай жағдайда,

     Пана болмас өз үйің.

     Жазылмаса дерт қиын.

     Орындай алмаса серт қиын.

     Ақылыңнан адасып,

     Өзің жаққан өрт қиын.

     Тентек болса ұл қиын,

     Түзете алмай қылығын,

     Ашиды сонда бас – миың, – деген екен.

Ел аузынан

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

 

       

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны