«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Әлихан Бөкейхан айтқан...
Әлихан Бөкейхан айтқан...
Дайындаған: 2 ай бұрын

Әлихан Бөкейхан белгілі саяси, қоғам, мемлекет қайраткері әрі қазақ ұлт-азаттық қозғалысының ұйымдастырушысы және көсемі, Дала өлкесі, Семей облысы, Қарқаралы уезінде 1866 жылы 5 наурызда туған. Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш саяси ұйым «Алаш» партиясын құрған, Алаш автономиясының (алғашқы Қазақ республикасы) төрағасы.

                        *

Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын.

                                  *

Адам баласы қылып жүрген іс ой-ақыл болып басталады, сөз болып сөйленеді, ия жазылады, ақыл сөз сонан соң барып іске айналады.

                                  *

Кейінгіге ғибрат аларлық үлгі тастап кетіп, алғыс аламыз ба? Жоқ, далаға лағып, жөнсіз кетіп, қарғыс лағнет аламыз ба? Кеудесінде көзі бар адам көп ойланарлық жұмыс.

                                  *

Біздің жұрт бостандық, теңдік, құрдастық, саясат ісін ұғынбаса, тарих жолында тезек теріп қалады.

                                  *
Бостандыққа апаратын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ қана.

                                  *

Бірліктен айырылған ел қаңғып қалады.

                                   *

Біздің кемшілігіміз - әркім тарих арқалатқан жүкті белгілі жерге апармай, соңындағыларға тастап кететіндігі.

                                   *
Қазақтың оқыған азаматтары, қазаққа осындайда қызмет етпегенде қашан қызмет етіп, пайдамызды тигіземіз?!

                                    *
Бізде бірлік болып, іс қыла білетін шебер табылса, Алаштың баласы бақыт-махаббат жолына түсті!

                                    *

Түзу қалам - қисайған, өткір қалам - мүжілген заман.

                                    *
Қазақ-ау! Түзуің бірігіп жұрт үшін қам ойлайтын кез келген жоқ па?!

                                    *
Ұлттың жоғын ұйықтап жүріп емес, ояу жүріп іздеу керек

                                    *
Ұлтына жұртына қызмет ету - білімнен емес мінезден.

                                   *
Елдің тұрмысын, тілін, мінезін білмеген кісі көш басын алып жүре алмайды.

                                   *

Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса, халықтық мақсат сонда орындалады.

                                   *
Би ғаділ болмай, жұрт ісі ілгері баспайды.

                                   *
Өзін-өзі қасқырша шауып отырған жұртта оқу, шеберлік болмайды.

                                   *
Не жұмыс қылсақ, осы үш: ақыл, сөз, іс сана талқысынан өтпей жұмысқа айналмайды

                                    *

Ақылды сөз қылмақ қиын, сөзді қылмақ мұнан неше есе қиын.

                                    *
Оқу-білім бір, оқу ұлғая білім болады.

                                    *
Көп оқыса, зейінді болса, білімді болмақ, мінезі жақсы, жаман бола ма, мұны құдай біледі.

                                    *

Бұл тіршілік үлкен талас, бір бәйге: жүйрік алады, шабан қалады. Жүйріктік ақыл, ұсталық жәһитшілікте. Еріншек езге жол бәйге, сыбаға, мүше жоқ.

*
Халық ісін орнына салуға көп ақыл, көп қызмет, көп жылғы шебер істеген әдіс керек.

                                    *
Тіршілік ғұмыр белгісі – алыс-тартыс, арбас, әдіс.

                                    *
Кім шебер болса, жалықпай, талмай ізденсе, бірігіп тізе қосып әдіс қылса, ғұмыр бәйгесі сонікі.

                                    *

Бөтен кісі қазаққа ешқандай жақсылық артып әкеліп бермейді.

                                    *
Өз күшіне, өз қуатына сенбеген адам да, халық та ғұмыр жүзінде бәйге алмайды.

                                    *

Ер жігіттің белгісі – адасқанын мойнына алғаны.

                                    *

Аз адам атқа міндім деп қасқыр болып жұртқа шапса, мұндай жұртта береке қайдан болсын?  

                                    *

Талас дүние – ғұмыр сипаты, талас тартыс жоқ болса, ғұмыр абақты болар еді.

                                   *

Бұл заманда жылап мұратқа жетемін деу, аш түйенің күйсеуі болады.

                                  *
Нағыз түрік затты халық тілі – біздің қазақта.

                                  *

Ғұмыр бәйгесіңде біздің қазақ тілі өз бәйгесін алар!

                                  *

Жалпақ жұрттың көкірегінде жақсылық болмаса, жұрт жұрт болып тіршілік көрмек емес.

                                   * 

Жалғыз жүріп өз басын қорғаса, кісі бәледен құтылады. Көппен жүріп өз басын қорғаймын десе, көпті құдыққа тығады. Көп мақсаты иін тіресіп, тізе қосып, бір жүрсе табылады.

                                   *

Қазақтың байырғы жерін қашан қазақтар өз бетінше ғылым мен техникаға игермейінше, жер жеке меншікке де, қоныстанушыларға да берілмесін.

                                    *

Кадет партиясы жер адамға меншікті болып берілсе де, жөн дейді. Біздің қазақ жерді меншікті қылып алса, башқұртша көрші мұжыққа сатып, біраз жылда сыпырылып, жалаңаш шыға келеді.

                                   * 

Өз тізгініңді өзің алып жүре алмай, шатақ-даудан шықпайтын бір ескі ауруың бар-ау, қазағым! Қылығыңды көріп ішім күйеді.

                                   *
Алыспаған, жұлыспаған бостандық атына мінбейді, бұғаудан босамайды, ері құлдықтан, әйелі күңдіктен шықпайды, малына да, басына да ие болмайды.

                                   *

Жұрт пайдасына таза жолмен тура бастайтын ер табылса, қазақ халқы оның соңынан ерер еді.


                                   *

Өртте жүріп сабырлы болу – мақтауға сыймайды.

Әлихан Бөкейхан

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны