«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Ағыбай батыр
Ағыбай батыр
Дайындаған: 3 ай бұрын

Кенесары ханның тәуелсіздік үшін күресіне белсенді қатысқан барша қазақ жұртына аты әйгілі кедейден шыққан Ағыбай батыр қартайған шағында тапшылық көріп өмір сүріпті. Бірде, батырдың ауылына келген бір топ жігіттер аттарының басын батырдың үйіне тірейді. Үйде отырған бәйбішесі қонақтарды қалай күтемін деп, сасақанынан:

      – Батыр үйде жоқ, – дейін деген екен. Сонда Ағыбай:

      – Мені тірідей өлтіруге асыққаның, қай сасқаның, қонақтарды өзім қарсы аламын деп сыртқа шығады. Аттан түсіп жатқан жігіттер, батырға бәрі жамырай сәлем береді.  Ағыбай сонда: 

       – Уалейкум әс-сәлем балаларым,

      Қартайған тұр алдыңда бабаларың.

      Көп болған бізге қонақ келмегелі,

      Қуанам көрінгенге қараларың.

      Бар болса бір қой әкеп сояр едім,

      Оның басын алдарыңа қояр едім.

      Қосылып өздеріңмен рахаттанып,

      Өзімде, үй-ішіммен тояр едім.

      Бағым да қартайғанда тынып қалды,

      Сағымда жоқшылықтан сынып қалды.

      Соңымнан қалмай қойған кедейшілік,

      Басынып желкеме де, мініп алды.

      Бұл жоқтық жомарт ердің қолын байлап,

      Мұрша жоқ, тұншықтырып буып жатыр.

      Айызы ақымақтың соған қанып,

      Күншілдер көре алмайтын күліп жатыр.

      Баяғы, Ағаң  дейтін ардақтаулар,

     Тұғырдан түскен күні тұйықталды.

      Көп болды қысқы дәмнен тазарғанға,                                                               

      Тоқтыдан кеше сойған жілік қалды.

      Сойған сол тоқтыдан жілік жейсің,

      Соғымның еті жоғын біліп жейсің.

      Асайтын шегеліңмен көп етім жоқ,

      Қос саусақпен ақырып, іліп жейсің.

      Бірде бар, бірде жоқ боп қалар наным,

      Бұрында қонақ күткен бабаларым.

      Тоймасаң да боларсың, бөрі құрсақ,

      Ренжімей түсіңдер, балаларым, – деген екен.

Ел аузынан

 

Aqsaqaldar.kz

  

    

   

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны