«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Әл-Фараби мен Абай . . . үндестігі
Әл-Фараби мен Абай . . . үндестігі
Дайындаған: 2 апта бұрын

Әл-Фараби мен Абай үндестігі туралы ең алғаш  Ақшан Машани мен Ауданбек Көбесов секілді ғалымдар айтқан болатын. Ұлттық ақшамыз алғаш шыққанда оның бетінде ұлы бабамыздың бейнеленуінің символдық мәні бар нкенін ұмытпау керек. Өйткені, біздің бастауымыз, единицамыз, бірлігіміз Әл-Фараби. Фарабидің трактаттары  мен Абайдың қара сөздеріне де гуманистік идеялар арқау болған.

Кеңдік. Биіктік. Тереңдік. Осынау бір-бірінен ажырамас үш ұғым арқылы Фараби шщығармаларындағы және Абай жырындағы, Абай сөзіндегі ұлылықты ұғып, ұрпаққа ашып айтамын, не биікке шығамын, не тереңге бойлаймын деген адамның өзі жоғары шықса, басы айналары, төмен түссе, тұңшығары анық. Өйткені, Фараби мен Абай рухы аспандай асқақ, қара жердей қасиетті, ақын ойы қазақтың кең байтақ даласындай барлық құпия сырын ішке түйіп жатыр.

Фараби де, Абай да – тұтас әлем және көрінгенге ашыла бермейтін, қалтарысы көп жұмбақ әлем, зерттелмеген мұхит, игерілмеген ғарыш.

Ел-жұрты үшін елжірейтін ет-жүрегі бар Фараби қайырымды қала мен оны басқаратын әділ хакімдір туралы айтса, Абай «Үш-ақ нәрсе адамның  қасиеті: ыстық  қайрат, нұрлы  ақыл, жылы  жүрек» - дейді.

Фарабиді көбінесе Аристотельден кейінгі екінші ұстаз деген лебіз кең тараған. Менің ойымша, Фараби бірінші ұстаз деп санаған адам Аристотель емес, ол Мұхамбет пайғамбар. Фарабидің Ислаиды тануы, Абайдың өлеңдері мен қара сөздеріндегі Алла туралы толғамдары да үндес, өзектес, сабақтас екені айқын аңғарылады.

     Фарабидің «Поэзия өнері» деген трактатының иазмұы Абайдың «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» жырымен өзектес. Фарабидің ғылым мен білімге көзқарасы Абайдың «Дүние де өзі, мал да өзі, ғылымға көңіл бөлсеңіз...» - және «Ғылым таппай мақтанба...» өлеңінде жалғасын табады. Не нәрсеге асық болу керек, не нәрседен қашық болу керек, толық жауапты ғұламалар сөзінен табамыз.

 Абайдың: «Единица болмаса – не болады  өнкей нөл» деген өлеңі еске түсе береді.  Шындығында біздің бастапқы  бірлігіміз де, қазіргі тірлігіміз де бір және нөл сандарымен тығыз байланысты. Қазақ үшін барлық сан да қасиетті, алайда, бірліктің өзін бірден бастаған аталарымыз осы санның атауын  еркек мағынасында қолданған тәрізді. Ал нөл әйел деген ұғымды білдіреді. Яғни, бір бастап, нөл қоштап, екеуі біріксе ғана сан көбейеді. Бұдан әйелдің  қоғамдағы орны төмен деген ұғым тумайды. Керісіңше, нөл болмаса, алдыңғы санға  нөл қосылмаса, алғашқы тоғыз онға жеткеннен кейінгі ешбір сан санға саналмайды, санатқа жатпайды. Нөл қосылмаса Бірдің де бағы жанбайды.

Он дегеніміз санмен 10 деп белгіленсе, нөлді алға қойсақ – 01, яғни, единицаның алдына нөлдің шығуы – өзеннің теріс аққанымен бірдей. Жүз бен мыңның, миллион мен миллиардтың  да  көш басында бірлік  тұрады. Бұл – бұлжымайтын заң. Ендеше осы заңды бұзғысы келіп жүргендер немесе шама-шарқы келгенше бұзып жүргендер  өмірдің  өзегін  бұрмалаушылар, бір мен нөлдің бағасын білмей, жөнсіз қудалаушылар.

Қазақтың «жүз жылдық күйеу, мың жылдық құда» деген сөзінің мәнісіне көз жіберсек, аралас-құраласқан 10-ға тағы бір нөл қосылса 100 (жүз) шығады, оған екі нөл қосылса 1000 (мың) шығады. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» дегенде де нөлдер озбайды, тек 1 (бір) ғана озады. Қой бастайтын көсем серке де Бір. Сондықтан да санды он деп санасақ та, ойда нөл тұруы керек. Барлық санды тек қана санатта бар сандар емес, көбінесе жоқ деп есептелетін, шындығында бар нөл ретке келтіруі керек.

Единица – көш бастаушы, қазақы ұғыммен айтар болсақ, қой бастайтын көсем серке. Адасқан халыққа жол көрсетуші, жөн сілтеуші. Единица қисық кетсе, дүния бүлінеді. Единица тура жүрмесе, арттағы нөлдер есепке алынбайды. Единица болмаса, басқа сандар есепшотқа салынбайды. Яғни, единица дегеніміз – халық қамын ойлаған хакім.  Фараби айтқан ғылым, Абай айтқан единица-бірлік осы күнгі тірлікке жеткізіп отыр. Единица – сағат тіліндей мезгілді дәл көрсетуі керек, уақыттан қалып та қоймауы керек, озып та кетпеуі керек.  

Өнер-ғылым меңгеруге ұмтылудың орнына шен-шекпенге қызыққан, мансап қуған жастарды көріп қапаланған Абай: «Ойында жоқ бірінің Салтыков пен Толстой, Я тілмаш, я адвокат,Болсам деген бәрінде ой!» – деп күйінеді.

Фарабидің: «Әрбір адамның дүниеде өз орны бар», — деген ой-тұжырымын терең түйсінген Абай сөз тыңдайтын құлақ таппай, сырласатын жан таппай, жапандағы бақсының моласындай жалғыз қалып, қамыққан сәттерінде де ұрпаққа ұлағат, келешекке өсиет айтады: «Әсемпаз болма әрнеге,  Өнерпаз болсаң - арқалан.  Сен де бір кірпіш, дүнияға Кетігін тап та, бар, қалан!» Осы шумақта бүкіл тірліктің мәні, өмірдің сәні жатыр. Абай айтқан бойы бұлғаң, сөзі жылмаңдар, кердеңдеген кербездер, су жұқпайтындар, сөз ұқпайтындар, пейілі шикілер, ақылы күйкілер, тамағы тоқтар, жұмысы жоқтар, көпшіл бола алмайтындар, кекшілдікті қоя алмайтындар арамызда осы күні де құмырсқадай өріп жүргені өтірік емес. Сондықтан да Абайдың «қуатты ойдан бас құрап еркеленіп шығар сөзі» көбінесе ызаға, құсаға толы болса, ол ақынның сол кездегі надандарға деген көзқарасына, өзегін өртеген өкінішке байланысты туған.«Ызалы жүрек, долы қол,Улы сия, ащы тіл,Не жазып кетсе, жайы сол,Жек көрсең де өзің біл», – дегенде де ақын ақтарылып, шынын айтып отыр.

Әл-Фараби «адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» десе, Абай да бізге де ең алдымен ақиқатты кейде сыбырлап, кейде  айқайлап айтуымен қымбат. Айтпаса, сөздің атасы өледі емес пе?! «Өлең шіркін өсекші», іштегі сырды жұртқа жария ететінін біле тұра, ұлы ақын жүректегі шерін жырмен шығарды, көкірегіне байланған қайғы-қасіретін сөзбен емдеді.

Сөз соңында айтарым, бүгінгі ұрпақ Фараби мен Абай сөздерін көкірегіне тоқуы ауадай қажет.

 

Ақылбек Шаяхмет, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚМУ профессоры, халықаралық шығармашылық Академиясының корреспондент-мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі. Махмұт Қашқари атындағы түркі әлеміне сіңірген еңбегі үшін халықаралық сыйлықтың, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты. Мұхаммед Хайдар  Дулати атындағы халықаралық әдеби сыйлықтың иегері.

 

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны