«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Совет-Хан Ғаббасов: Халқыңның қадір – қасиетін – ұқ!
Совет-Хан Ғаббасов: Халқыңның қадір – қасиетін – ұқ!
Дайындаған: 10 ай бұрын

                                                      Өзіңді ‑ өзің сыйлау, өзгені кемсіту емес.

                                                                                                                  Ұждан.

                                                                                                               (Жалғасы )

        ІУ. Ел болудың – төрт құбыласы.

                                              Ұлттық құбылаңды білмеу‑ құлдық  мінез.

                                                                                                        Ұждан.

         Жалпы замана сыры мен уақыт тынысын байыптасақ, қазақ халқының тағдыры үшін – Төре де (президент,үкімет ,мәжіліс) – Қара да -  бүкіл Ел болып – жауапты екеніміз анық. Соның ішінде, әсіресе, халықтың – Жері – Тілі – Діні – Ділі – дейтін Төрт діңгегі, немесе Төрт құбыласы түгел  ме?.. Әлде қалай ? – деген толғанысқа толы сауалдарға пікір білдіру ауадай қажет екені, күн өткен сайын күрделеніп тұр. Бұл мәселеге жүрдім‑бардым қарауға болмайды. Өйткені, бүгінгі қазақ халқының басындағы қолдан жасалынып отырған, не-бір нәубет пен қасіретті қауыптерді бұдан ары ауырлатпай, байыппен шешудің мезгілі жетті?!.. Сондықтан да, толғауы тоқсан түйіндерді ашып айтып, бүкпесіз сырласудың қажеттілігін түсінгеніміз жөн.

                              Бірінші  мәселе: – Халқымыздың табиғатын тану ?!

  Өйткені, кез-келген халықтың тағдырына берген – Табиғаттың ерекше белгілері, немесе, қасиеттері бар екені анық. Міне осы белгі мен қасиеттер Қазақта қандай сипатта десек :

                             І-шісі – Жері;

                             ІІ-шісі – Тілі – екеніне тұшыну қажет.

Мұның дәлелі үшін;

А). Бірінші мысал, көне заманнан сыр шертетін, Ата жұртымызға астамшылықпен келген Кир-патшаның басын алған Тұмар-патшайымға қуат пен айла берген, тек қана ұлан-байтақ Жеріміздің кеңдігі еді ғой.

Б). Екінші мысал, орыстың от-қаруынан жасқанбай, он жыл бойы Кенесары жүргізген ұлт азаттық көтерілісі де, сол  Жеріміздің кеңдігіне сүйенді емес пе ?.. Олай болса, қазақ халқының бір діңгегі – Жері !!!..

- Ендеше, бөлшектеп сатудың  шапқыншылығына түсіп жатқан Жерді – дереу нацианализацилау қажет. Қазақ халқы ‑ жерін сатып байымай-ақ, 49-жылға жалға беріп тұрса да жетеді ғой.Әйтпесе, мұның арты үлкен апат !!

Қазірдің өзінде жерді сатып алған – Ұйғыр – енді жер қазақтікі емес – Ұйғырстан құрамыз деп даурығу да; Жақында болған Қазақ пен Ұйғыр төбелесін зерттеп келген «Ұлт тағдыры» қозғалысының комиссиясы «жағаларын» ұстап отыр. Тіпті, Ұйғырстан картасы; Ұйғырыстан туы; Ұйғырыстан ұрандары; бұданда сорақысы, ұйғырлар қазақтың жер аттарын өзгертіп, мемлекеттік тілді де менсінбейді екен. Сондықтан, Алматы облысындағы «Еңбекшіқазақ» және «Ұйғыр» деген аудан атауларын жою керек. Қазақстанда-келімсек ұлттардың атымен, аудан мен қала атаулары болуға тиіс емес. Кірме ұлттарды басқаратын – Әкім, ішкі істер бастығы, мемлекет өкілі – міндетті түрде қазақ болуы керек. Бұл ұлттық мемлекеттердегі айнымайтын қағида екенін – Европа мен Азия – елдерінен көріп отыр емеспіз бе ?! Ең қауіптісі дүниежүзі тыйым салған «Ұйғырдың терористік» ұйымы, Қазақстанда сайрандап жүрген көрінеді…Бұл жайында баспа беттерін де, тіпті жантүршігерліктей  деректер жазылып та жатыр…Жер сатудың лаңынан, бұл сияқты астамшылық ойлар - Кәрісте де – Орыста да – Дүнгенде де – тіпті Күрттер де – бар көрінеді. Барлығының да астыртын ұйымдары –  мәдениет орталығы – дегенді жамылып жұмыс істеуге көшіпті. Халық арасында осындай сөз көп. Анық-қанығына жетуді, Ел бірлігінің қорғаны ретінде Ұлттық қауыпсіэдік көмитеті – тексеріп, шынайы жағдаймен халықты хабардар ету қажет. Сірә, ата-бабамыз ескерткен : -«Іштен шыққан жау жаман» – дейтін сөз  бекер айтылмаса керек.

                     Екінш діңгегі – Тілі ?! 

Халқымыз –«Өнер алды- қызыл тіл» – деп ұрпағына өсиет қалдырғанда, бар өнердің қайнары – тілде екенін біліп айтқан ғой. Жұртымыздың осы Тіл – атты діңгегін шайқалтып, құлатуды көксейтін, шалақазақтар мен космополиттердің жөнін табудың да уақыты жеткен тәрізді. Орыс бодандығынан енді ғана босадым ба деген Қазақ  халқы, өз ішінен шыққан шұбар жылан тәрізді, не тілін, не дінін, не дәстүр-салтын сыйламайтын шалақазақтардың бодандығымен қасірет жұтып отыр. Ұлтымызды мұнан әрі қорлай беруге болмайды!!..  Ел мен Жердің тозғындауын тоқтатудың  уақыты жетті…Шындығына келсек, бүгінге дейін, Ана тілі жайында қоғамымызда біржақты пікір қалыптасып отыр. Ол – Тілді, тек қатынас құралы ретінде бағалау?!.. Бұл – биологиялық та, тіпті физиологиялық та заңдылықтарға қайшы келетін, қате пікір. Сондықтан да, ана тілінің адамды – кісілікке жеткізіп, оның азаматтық санасын ашатын, тек 10-түрлі қасиетін айту жөн сияқты.

Ендеше,Тіл тек – ќатынас ќұралы ‑ ғана емес екенін дәлелдеп көрейін;

- Біріншісі – жарайды, ќатынас ќұралы делік;

- Екіншісі – ата-баба зердесімен байланыстыратын тек  ‑ ана тілі – екен. Оны ғылымда ‑ филогенетикалық жад ‑ дейді. Бүгінгі ‑ шала қазақтар мен космополиттердің кесапат әкелуінің басты себебі – олар ата-баба  зердесімен байланыста болмағандыќтан, ‑ халықтық – ұлттық ќұндылықтар ‑ дегенді  түсінбейді, керісінше оған  жатырқап қарайды.

Санасы ояна бастаған кейбіреулері,  балаларын қазақ мектепбіне бергенмен, ол балалар сабақтан шыға салысымен бір-бірімен орысша сөйлеседі. Әрине, бұл баланың кінәсі емес!. Ана құрсағындағы сәтінен, ата-анасы орысша сөйлеуінің салдары екені белгілі.

- Үшіншісі – халыќтың менталитеті – ділі де, тек ќана ана тіл арќылы беріледі. Тілі бұзылған халықтың менталитеті де, рухы да жойылады. қазақ халқының тегі – өте мықты! Ќазір дүниежүзінде 2500 халыќ болса, солардың ішінде ўрпақ алмасуын табиғи  сұрыптаумен ‑ «жеті атаға дейін қыз алыспайтын» ‑ дәстүрді ұстайтын, тек  қазақ халқы ғана. Сол арқылы, тектік қасиеттерін тоздырмай асылдандырып отырады.

- Төртіншсі: ‑ “озорение”(мүттағала) ‑ дейді. Абайды данышпан, кемеңгер дейміз. Неге ? Абайдың өлеңі де, қара сөздері де “озорениемен” жазылған, оны – Мүттағала ‑ Қўдай тағала, Алла тағала ‑ дейді. Осыны- Мұхаңның “Абай жолы” романының екінші томынан оқыдым. Бір абзац бойы осы “мүттағаланы” – “озорениеге” балама ретінде түсіндіреді. Міне,  Ана тілін білмеген адамнан осы – мүттағала – қашады екен.

- Бесіншісі – рух ?! Ана тілін білмеген адам, халыќтың рухани байлығын жасай алмайды.

Алтыншысы – имандылық, ар-ұятта тілден пайда болады.

- Жетіншісі мен Сегізіншісі – Таным мен Талғамды да тіл қалыптастырады. Ана тілін білмейетін қазақтың талғамы – мүлдем басқа талғам. Мысалы, зергерлік бўйымдар, даналық өрнектер, ою-өрнек, қазақтың ұлттық киімі – дүниені таңғалдырып жүрген, солардың бәріне әсер етіп отырған –ана тілі.

- Тоғызыншысы – Мейірім, Оныншысы – Рақым ‑ дейтін ќасиеттерді де ана тілі сіңіреді. Жаңағы шалақазақ пен космополиттерде мейірім жоқ. Өзінің тіліне, ұлтына, халқына ‑ деген мейірім болмағандықтан, олардан  р а қ ы м  күту де мүмкін емес. Оларды адастырып отырған – еліктеушілік пен солықтаушылық. Кісіліксіздік !..Қазір саналы жанды, не істеу керек дейтін сўрақ көп мазалайды. Өйткені, біздер аз санды халықпыз ?! Осы толғаныстардан туған ойымды ашып-жарып айтуды жөн көрдім ;

- Біріншіден ‑ ќоғамға Тәртіп пен Әділет керек. Мемлекеттің бақыты – осы екі мәселеде ?!. Қоғамдағы қаптап кеткен түнгі клубтар мен әр бұрышта самсап тұрған казинолар, бесіктен белі шықпаған балаларды қан-құйлы қатыкез ойындарымен бұзып жатқан компьютрлік  дүңгіршектер, автоматты ойындар – мұның барлығы адамдарды – құмарлыққа құнықтырып – аздыра береді. Бұлардың да наша-құмарлық тәрізді сипаттары бар. Оның жағымсыз жағдайлары, қазірдің өзінде қоғамымызды жайлап барады…

- Екіншіден ‑Ұрпаќ тәрбиесін түзеу керек. Ол үшін тәрбиені ана құрсағынан  бастау қажет. Бұл жайында ғылыми негізделген жаңа көзқарастағы ілім де бар.

Жалпы біздің оқу-ағарту саласында – «білім беру» дегеннен басқа, «тәрбие беру» дейтін ұғым да жоқ. Оның үстіне, республикамызда өзінен шыққан жаңалыққа «тас керең» бола қалатын қалыбы бұзылар емес! Осының айқын көрінісі, бүкіл оқу-ағарту жүйесінде – Халық педагогикасы мен Ұлттық психологиясы – пән ретінде жүргізілмейді. Өзінің халықтық тағылымына деген мұндай қатынас, жетіліп отырған елдерде бар ма ? Әрине, жоқ!!!..  Ендеше, халық педагогикасы мен ұлттық психологиясынсыз – Ұрпақ тәрбиесін жөнге салар тетік те, жауап та жоқ !.. Ал, бұл ілімнің өз топырағымызда ғылыми негізделіп ашылғанына  20-жыл болды. Бірақ, аяқтан шалғаннан басқа, елең етер ешкім де жоқ. Тіпті, білім-ғылым министрлерінің қолдарына да ұстатылды. Еш  әрекет етпейді…

Енді мемлекеттік тілді үйрену мәселесіне келейік. Қараңызшы?! Бүкіл орыс мектептерін, ұйғыр, корей, өзбек, дүңген мектептерінің –  бәріне қаражатты беріп отырған кім?.. Сол қаражат кімнің дәулеті? Қазақ мемлекетінің және қазақтың ырыс-несібесі ғой. Тіпті, сол мектептерде сабақ беретін оќытушылардың жалақысын төлеп отырған кім? Тағы да қазақ мемлекеті беріп отыр. Олай болса, мемлекет тілін ақы беріп үйрету, бұл тағыда сол – осы мемлекеттің иесі – қазақ халқын қорлау деген сөз. Осы мемелекетте тұрған қандай ұлт болмасын – мемлекеттік тілді білуі – аксиомалық зањдылыќ. Рас қазақ мемлекеті қаржыландырып, тірші­лігіңді жасап беріп отыр ма, ? Ендеше, қандай сөз бар? Осы мемлекеттің отын оттап, суын ішіп, осы топырақтан нәр алып, өсіп-өніп отырсың ба, ? Олай болса, еш уәжсіз бұл мемлекеттің тілін білуің шарт. Тіпті, бұл қай ұлттың болмасын – азаматтық борышы ғой. Осыны түсінетін мезгіл жетті емес пе ?… Ендігі бір ерекше айтуды қажет ететін мәселе, бұл бүкіл Денсаулық сақтау саласы мен Білім беру жүйелерінің ғылыми негізсіз ‑Үкімдік шешімдермен ‑ аса қатты адасып отырғанын айтқан жөн. Бұл екі салада, тікелей Адам табиғатымен байланысты бола тұрса да, ешуақытта өзгермейтін – Тіршіліктің – Биологияның – Физиологияның – тұрақты заңдылықтарын кәперіне алып, ескермейтіндіктері таң қалдырыды. Бұл – отпен ойнау арқылы – апатты қолдан жасау ?! Мұның мысалы, денсаулық саласында ‑  қарапайым халықты зар жылатып отырған Емханалар мен Ауруханаларды айтсақ, білім саласындағы ғылыми негізделмеген 12-жылдық реформа мен ұлттық тәрбиенің ( Халық педагогикасы мен Ұлттық психология) пән ретінде жүргізілмеуден, Ұрпағымыздың еліктеушілікке ұшырап отырғаны. Міне осы арада айтпауға болмайтын, соңғы жылдары тағыда сол, ғылыми негізге сүйенбеген Үкімдік шешіммен ұсынылып отырған, Үш тұғырлы тілділіктің ( Ағылшын ‑ Орыс – Қазақ ) мәселесі. Тіпті, бұл жоғарыдағы айтылған Биология мен Физиология заңдылықтарының иісі мұрнына бармайтын адамдардың шешімі. Олардың әуейленгені соншама, бұл шешімді бала бақшасынан бастатып, кең түрде жолға қоймақ?! Бұлар баланың физиологиялық қалыптасуы мен ми психикасының жетілуінен мүлдем хабарсыз жандардың аса ауыр қателіктері десе болады. Іргелі Елдерге жататын – Жапон – Неміс – халықтары, балаларына басқа тілдерді үйретуді, тек 9-10 жасынан ғана бастайтыны ғылыми негізге сүйенгендік екені белгілі. Біздердің балабақшасындағы 3-4 жастағы сәбилерге үш тіл үйретеміз деуі, сыпайылап айтқанда қаскүнемдік болып табылады. Өйткені, психикасы әлі қалыптаспаған балаларға шет тілдерінің салмағын салу, ұрпақты есалаң, яғный шизо жасауға ұмтылыс десе болады. Жалпы, бүгінгі Үкімет ‑ Қазақ халқын ашық қорлаудан неге тайынбай отыр ? Мұның сыры мен сипаты неде ? Халық сайлаған ‑ Президент пен Мәжіліс – Елдің пікірімен неге санаспайды. Біз бұлардан, соларды сайлаушылар ретінде, Атазаңдағы құқымызбен талап етеміз!  

                                          V. Түйін ой.     

         Осы жоғарыда келтірілген төрт түрлі тақырыптардың ішінде,‑ қоғамдағы тәртіп пен әділеттің және ұрпақ тәрбиесінің ‑ негізгі мәселелері айтылды. Бұларды орындамау, халық сайлап отырған Ел басындағы азаматтарға үлкен сын. Халықты басы байлы құл ретінде түсінудің арты апат. Тіпті, осы мәселелердің жүйеленіп кеңейтілген нұсқасынан – Ұлттық идеологиямыздың негізінде – жасауға әбден болады. Мұны – ел‑жұрт болып кеңесе отырып, жан‑жақты талқылап қабылдасақ, қайырлы іс болары анық. Қашанда, халқымыз келісіп шешудің неше алуан түрлерін өмір тәжрибелерінен өткізген ғой. Сондықтанда,    «ұлы дала демократиясынан» асқан әділетті қоғам болған емес. Бұл – дала өркенниетіндегі ерекше көңіл аударатын мәселе ?! Бүгінге дейін біздер басқаның айтқанын ‑ ақиқат, істеген әрекеттерін ‑ әділет – деп келдік. Тексіздіктің тереңіне батқан, мұндай құлдық психологияны үзілді‑кесілді тоқтату керек. Халық даналығына сүйеніп әрекет етсек, досымыз түгіл дұшпандарымызға да сүйкімді боламыз. Қашанда досына да, дұшпанына да әділетпен қараған ел едік қой. «Жатқа тізгін берме» ‑ деген де ата‑бабамыз болатын. Халқымыздың қадыр‑қасиетін терең білуге бұрылатын уақыт жетті…  

                                                                                                                                                                                                                                                                                         (Соңы)     

Совет – Хан  Ғаббасов,

жазушы, ғалым, профессор                              .                                                                                                                                                                                                                           

(19. 07. 2009 ж.)  

Aqsaqaldar.kz

 

 

 

1 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
  • Қонақ [2.132.111.33] 2019-03-11 19:54:22
    Ғұлама ғалым Сәкеңнің еңбектері теңдесі жоқ игілік екен... түсіне білген оқырманға.. мың да бір алғыс, Алла жарылқасын !
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер