«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Ресейдің озбырлық саясаты
Ресейдің озбырлық саясаты
Дайындаған: 2 апта бұрын

1870 жылы Ресей империясының халық ағарту министрлігі шет аймақтағы отар халықтарға білім беру туралы заң қабылдайды. Бұл заң бойынша шет аймақтағыларды орыстандыруды көздеген миссионерлік педогогика жүйесі еді. Ресей патша үкіметінің басты мақсатының бірі, орыс емес халықтарды жаппай орыстандыру, шоқындыру еді. Бұл саясаттың іске асыру жолының негізі қазақ-орыс школдары болды. (Сол школдардан бүгінге дейін арыла алмай келеміз) Жаңа миссионерлік педагогика жүйесінде былай деп жазылыпты:

      – Мұсылман елдерін ыдырату, арасына от жағу. Яғни, пантүркішілдік пен панисламдылыққа қарсы күресу. Қазақ елінің ағартушылық қозғалысын татардың ықпалынан, мұсылман дінінен алшақтату:

      – Халықты ата-баба тарихынан, өнерінен, ұлттық мәдениетінен қол үздіру. Яғни, қазақтардың ғасырлар бойы қолданып келе жатқан жазу таңбаларын жою, олардың орнына аралас орыс-қазақ школдарын ашу, кейін бұлардың бәрін таза орыс тіліне көшіру. Міне, орыстандыру саясаты осылай басталған болатын. Сол үрдіс бүгінге дейін жалғасын табуда. Енді, қазақ қалай орыстандырылса, солай қазақыландырылуы керек.

       – Ресей шет аймақтарда отаршылдық саясатын жүзеге асыру үшін, миссионерлік ғалымдарын, оқытушы кадрларын көптеп даярлау керектігі жазылған. Бұл заң Кеңес үкіметі кезеңінде де жалғасын тауып, орыстандыру саясаты тіпті қарқынды түрде жүргізілді. Ресей империясының орыстандыру саясаты Қазақстанда 100 жылдан кейін толығымен іске асырылды. 1970 жылы Мәскеу Кеңестер Советтік Социалистік Республикалар Одағы (КССРО) кемелденген социализмге қол жетті деп жариялады. Кемелденген социализм деген ұғым, кіші ұлттарды орыстардырып біттік дегенге саятын-ды. Сол кері тартпа зар заман халқымызды өткенінен бейхабар етті. «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан» деген, төрт ұрпақ ауысып, бәрі ұмытылып, қазанша аударылып жабылады дегенді білдіреді. Сол заман көбімізді ұлттық сана-сезімнен айырып, көбімізді мәңгүрттікке һәм ұлтсыздыққа әкелді (профессор, М.Мырзахметұлы) Бізқазақ өзінің ұлттық негізінен: тілінен, дінінен, салт-дәстүрінінен, ұлттық мәдениетіненажырады. Өзін жек көруге, менсінбеуге дейін жетті.

      XX ғасырдың басынан бастап, қазақ халқының басынан нендей зобалаң, қайғы-қасырет, алапатты-зұлматтар өтпеді. 1870 жылдардың басынан 1900 жылдардың басына дейін орыстың қара шекпенділері бос жатқан жер деп қазақ жерінің құнарлы жерлерін жайлай бастады. 1916-21 жылдар аралығындағы ақтар мен қызылдардың тартысы да қазақты қатты мазалады, күйзелтті. 1931-33 жылдар аралығында Голощекиннің ойлап тапқан кіші революцисяның кесірінен 2,5 миллиондай қазақ аштан қырылды, 1 миллионнан астам қазақ шет елдерге ауды. 1937-38 жылдардағы саяси қуғын-сүргінде 60-70 мыңдай ардақты қазақ зиялылары атылып, жер аударылып кетті.

       1941-45 жылдары ұлы отан соғысында 550 мың қазақ майдан даласында шейіт болды. Содан кейін Тың игеру эпопеясы басталды. Сөйтіп, қазақ өз жерінде аз халықтар санатына қосылды. Билік Москваның қолында болды. Олардың ақ дегені - алғыс, қара дегені - қарғыс еді.

      Қазақстан 100 ұлттың зертханасына айналды. Қазақ жері халықтар түрмесі болды. Тек бір ғана «Карлагта» 2 миллионға жуық адам қуғын-сүргін көрді. АЛЖИРда әйелдер зонасы болды. 1937 жылы Қиыр Шығыстан 100 мыңнан астам корейлер, Ресейдің Еділ өңірінен 361 мың немістер, 1943-44 жылдары Солтүстік Кавказдан 507 мың шешен-ұңғыш, қаршай-балқар, Месхетиядан ауған күрттері мен месхед түріктері, одан қалды, қалмақтар мен татарлар қазақтың кең даласына тоғытылды. Бұл аздай, 1954-60 жылдар аралығында тың көтеруге деп, славян (орыс, украин, белорусь) халақтары вагондап әкелінсе, ізінше 1960-70 жылдары құрылыс салуға, кәсіпорын-өндірісін өркендетуге деп мыңдаған адамдар әкелінді. Келген славян халықтарының тұрмыс жағдайларын жақсартуға қаржы-қаражат еселеп бөлінді.

      Үлкен ауыртпалық шақ қуғын-сүргін, аштықтан кейінгі тыныштық 1950-85 жылдар аралығы болды. Сол заман қазақ үшін «қой үстіне боз торғай жұмыртқалаған» кез еді. Осы кезде келімсектер қазақты араққа ауыздандырды. Бір ақынымыз айтпақшы: «арақ – көл, сыра – өзен боп ағып жатқан» кез. Тамақ тоқ, көйлек көк демекші, «Сендер ештеңе ойламаңдар – үкімет ойлайды, сендер ештеңе бастамаңдар – партия бастайды» - деген саясат қолданылды. Жалпы халықты ойлау қабілетінен айырған, ұлттық рухтың туралап қалған, масылдыққа үйреткен де осы заман. Басқаша айтатын, басқаша ойлайтын адам Кеңес үкіметінің «Һас жауы» болып есептелетін, ұлт мәселесін қозғаған адам «ұлтшыл» ретінде қуғынға ұшырайтын. Ұлтын жек көретінді, әйелі орыстарды билікке тағайындайтын.

      Солтүстік аймақтар соның ішінде Ақмола облысы мен қаласы – тың игерудегі ауыртпалық түскен Эпи-орталығы, орыстандыру саясатының ықпалы қатты тиген жер еді.

      Целиноград (Ақмола, Астана) қаласында 1979 жылғы санақ бойынша қазақтың саны жалпы тұрғындардың 14,1 пайызын құрап 32870 адам болса, 1989 жылғы санақта қазақтың саны 49798 адам болып 17,7 пайызды көрсеткен. Он жылдың ішінде Ақмола қаласында қазақтың саны небары 3,6 пайызға өскен. Тың игеру кезінде кең далаға жаңадан совхоздар ұйымдастырылды. Оған жаңадан орыс мектебі, сауда орталығы, балабақша мен мәдениет үйі салынды. Ал, маңындағы қазақ ауылдарының болашағы жоқ деген желеумен жабылып жатты. Қазақ баласын орыс мектептеріне беруге мәжбүр болды. Тың игеру кезінде 700-ге жуық қазақ мектептері жабылды. Қазақ мектептерінің жабылу себептерінің бірі 1959 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесінің жабық Қаулысымен: «Жоғары оқу орынына түсу емтиханы тек қана орыс тілінде тапсырылсын»деген талаптар қойылды. Соның нәтижесінде қазақша оқыған бала оқуға түсе алмады, оқуға түссе ары қарай оқу қиынға соқты. Сондықтан, қиындық көрген адам өз баласын орысша оқуға беруге мәжбүр болды. Сөйтіп, қазақ өз ана тілінен, өзі безуге тура келді. Ұлттық санадан айрылғанымыз осындай деңгейде өтті.

      Кеңес одағы кезінде 1926 жылы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағында 194 ұлттардың тілі есепке алынған. 1989 жылы содан 101 ұлттың тілі ғана қалған екен. Бар-жоғы 63 жылдың ішінде 93 ұлттың тілі жоғалып кеткен. Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады деген осының айғағы. Бұл үлкен қауіптің бізге де төніп тұрғанын көріп, мезгілінде қимылға көштік, онымыз дұрыс та болды.

      Өткен ғасырдың басынан Абайдан бастап, Ахмет, Міржақып, Әлихан, Мұстафа, Мағжандар сияқты қазақтың зиялылары елді бірлікке, білімге, еңбекке, елдікке шақырған. Ресей империясының қыспағынан шығу амалдарын іздеген. Қазақ жеріне бекіністер салып, қазақ жерін әскери қоршауда және қазақ елінің билігін қолдарында мықтап ұстады. Қазақ арасында алауыздық көп болып, қазақтар бірлігін сақтай алмады.

      Бұл жөнінде Мағжан 1920 жылғы «Қазақ тілі» деген өлеңінде:

«Елдік, бірлік, ерлік, қайрат, бақ ардың –

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың... .

Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз – Баба тілі, сен қалдың! –деген екен.

Сол кездің өзінде ұлы бабаларымызды ұлттың тағдыры қатты мазалағанын көреміз.

      Тағы да тарихи дерекке жүгінер болсақ, Қазақ халқының алғашқы астанасы болған Орынбор қаласында 1923 жылдың 22 қарашасында Декрет жарияланып, қазақ және орыс тілдеріне бірдей мемлекеттік дәреже берілгенді. Қазақтар башқұрттармен, татарлармен бірігіп кетеді деген қауіптен сақану үшін, 1926 жылдың 10 желтоқсанында астана Қызылордаға көшірілді. Қызылорда қаласында 1929 жылы қазақ жазуы араб әліп-биінен, латын қарпіне ауысты. 1940 жыл латын қарпінен, орыс алфавиті – кирилицаға ауысты. 1926 жылы қазақтың төл мерекесі «Наурызды» ескінің қалдығы, діннің сарқыншағы деген желеумен тойлауға қатаң тыйым салынды. Осының бәрі қосыла келе қазақты өзіне-өзін қарсы қою, бұл ұлтты жоюдың психологиялық тәсілдері мен ұлттық сананы жоюдың әдіс-айласы еді.

 

                  *

       Ресей империясының қазақ даласындағы жымысқы саясаты төмендегідей: Орыстандыру саясаты ұзақ уақытты қамтыған тарихи науқан еді. Ғасырлар бойғы жүргізген жымысқы саясаттың әсері жойқын болды. Сонымен, қазақ қайтіп орыстандырылды? Осыған байланысты тарих бетіне үңілсек. Ресей 1580 жылдардан бастап, қанды қол Жармақ (Ермак) арқылы Сібір хандығын (Көшім хандығын) жаулап алғаннан кейін, көшпелілер өркениетінің қабырғасын сөкті. Сібір хандығының негізін бараб татарлары, естектер, қыпшақтар, керейлер, уақтар, құраған болатын.

Шығыстан 1723 жылы Жоңғар басқыншылары қазақ елін орасан қырғынға ұшыратты. Бұл қазақ арасында «Ақтабан шұбырында, алқакөл сұлама» (Алакөл болуға тиісті) атанды. Осы үлкен қырғыннан соң қазақ елі бірлігінен айрылып, есеңкіреп, еңсесін көтере алмай қалды.

Ресей Қазақ елін ХХ ғасырдың басында үш губернияға –

генерел-губернаторлыққа бөлді. Әр губерния екі облыстан алты облыстың басын құрды. 1.Орал мен Торғай облыстары–Орынбор генерел-губернаторлығына, 2.Сырдария мен Жетісу облыстары–Түркістан генерал-губернаторлығына, 3.Ақмола мен Семей облыстары Далалық генерал-губернаторлығына қарады. Осындай үш губернияға бөлінді. Басқа қазақ жерлері Астрахань мен Закаспий әкімшілік-территориялық бөліктерінде де қазақтар жеткілікті болатын. Әкімшілік-территориялық бөліктердің облыстан төменгісі үйез деп аталады. Бір облыс төрт, алты, кейде одан да көп үйездердің басын қосып, үстерінен қарап отырады. Үйездерді болыстарға, болыстар ауылдарға бөлінді де әкімшілік-басқару шоқпарлары халықтың (қазақтың) төбесіне ойнау үшін болыстар мен ауылнайлардың қолына берді. Сонау Петерборда отырған Ақ патшаның бұйрықтары мен жарлықтары осында келіп тіркеліп, осылардың күшімен орындалып жатты.

      Губернияларды: Генерал-губернаторлықты әскери адам басқарды. Оның басында әскери атағы бар – генералдар отырды.Сол сияқты облыстарда да, үйездерде де билік әскерилердің қолында болады. Облыстардың губернаторлығына генералдар, үйез бастықтарына полковниктер жоғарыдан тағайындалды. Сондықтан да олар өздерінен жоғарыдағыларға ғана есеп берді. Қазақтарды алдына етпеттеп жатқызып, аяқтарына бас ұрғызып қойды. Қазақтардың мүддесін ескеріп, пікірлерімен санасу былай тұрсын, құлақ түру де ойларында болған жоқ, деп жазды, 1966 жылы Алматыда шыққан «Карательная политика царизма в Казахстане» (Царизмнің Қазақстандағы жазалау саясаты) атты кітабында, тарихшы-ғалым, професор Ғайрат Сапарғалиев. Кітап қай қазақтың болмасын ашу-ызасын тудырады.

      Кітабының бірінші тарауы «Колониальная администрация – аппарат угнетения и насилия» (Отаршыл әкімшілік – зорлық пен езіп-жаншу аппараты) деп аталған екен. Ресей империясы өзінің шеткері отар аймақтарында зорлықшыл, қаныпезер үкімет орнатып, жазалау саясатын жүргізіп отыруға мәжбүр болған.

      Жазалардың түрлері көп. Ол кінәлі жанды ұрып-соғу, тұщы етіне ащы таяқ салудан бастап, ату, дарға асып өлтіру. Жазаның бұдан да асқан атауы бар екенін біріміз білсек, жүзіміз білмейміз. Атып тасталған, асып өлтірілген адамның артында қалған ұрпағы өсіп, ер жетеді. Орнында бары тез-ақ оңалып кетеді. Біздің көбіміз білмейтін, білгендеріміздің ішінде шемен боп қатып қалған жаза – жазылмайтын жара, айықпайтын дерт отаршыл үкіметтің ата-бабамыздан қалған ең құнарлы жерімізді тартып алуы еді.

      Отаршыл үкімет қазақтың жерін тартып алып, есінен тандыра болашағының ырыздығын ортайтып бір жазалаған, шөл мен шөлейт даланы кезе көшіп, малына жайылым, өзіне су іздеп қаңғырып кеткен қазақтарды қудалады, қудалап жүріп жазалаудың жоғарыда аталғандай әлденеше түрлерін ойлап тапқан да, оны табандылықпен жүзеге асырып отыратын қатыгез аппарат құрған.

      «Царизм өзінің отарларында, солардың ішінде Қазақстанда бұдан да қаныпезер полициялық тәртіп орнатты. Далалық облыстар мен Түкістан өлкесін басқаруға арналған заңдылық актілердің бәрін де басынан аяғына дейін полициалық рухта жасалды. Бұл актілердің бәрін генерал-губернатордан бастап, болыстарға дейінгі отаршылдық шеңбердің бәріне полициялық өкілеттіктерге берілді, Олардың өкімет шеңберіне шек қоймайды» (Ғ.Сапарғалиев. «Карательная политика царизма»)

      Қазақтардың бар тіршілігін полициялық өкімет қас қақпай бақылап отырды. Патша үкіметі 1908 жылғы 6 шілдедегі «Тыңшылық бөлімдерін құру туралы» заң бойынша полиция басқармаларының құрамында арнайы бөлімшелер құрды. Жазалау аппаратының атты әскери жедел қимылды жедел бөлігі бұрынғыдан да күшейіп шыға келді. Орынбор, Орал, Омбы, Семей қалаларында осындай бөлімдер құрылған бойда іске қызу кірісіп кетті. Әрине оларға тиісті қаржы бөлініп, жұмысына қолайлы жағдай жасалғаны белгілі.

       Қазақ елін Ресей империясына қосып алу ісі 139 жылға созылып, 1970 жылы ғана аяқталғаны бүгінгі ұрпаққа тарихтан белгілі. Осы ұзақ мерзім ішінде қазақ жеріне дендеп еніп, тайпалар мен рулар тізгіндерін бірінен соң бірін қолына алуына қарай отаршыл өкімет талай реформа жүргізген болатын. Қазақ даласының төрт құбыласын түгел қоршай қамалдар мен бекіністер салып, әбден орнықты. Енді жерді түпкілікті отарлау үшін мұның бәрі жеткіліксіз болып шықты. Сондықтан, Империя өкіметі 1867-1868 жылдары ірі-ірі реформалар жүргізіп, қазақ елін басқару, жерін иелену жұмысын жетілдіре түсті. Әсіресе отаршылдық тәртіпті нығайтудың маңызды буыны есебінде әскери күштерді ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлді.

       Орыс империясы қазақ халқының 45 миллион десятинадан астам жерін тартып алып, өздерін (қазақтарды) шөл далаға жер аударып жібергенін патша өкіметінің қылмысы әлі де әшкереленген жоқ.

       Қазақ халқы ұзақ тарихында талай-талай қанды оқиға, қаралы күндерді бастан кешірді. Солардың ішіндегі ең ауыры «Ақтабан шұбырынды» да емес, басқа да қантөгіс, күйрей жеңілістер емес. Патша ағзамның 1891 жылы бекіткен «Дала ережесі» («Степное положение») болды.

      Осы «Ереженің» 119 –статьясында Қырғыздар (қазақтар) мекендеген жердің бәрі мемлекет меншігі болып табылады. Қажет болған жағдайда мемлекет оларды бұл жерден қуып жіберуге хұқықты» деп жазылған. Кең даланы, оны мекендеген қазақ халқын басқару жөніндегі жаңа «Ереже» бойынша көшпенділердің барлық жері тартылып аланып, Ресей мемлекетінің меншігіне берді. Қазақ байғұс барлық байлығы, ырыздығының қайнар бұлағы – жерінен айрылып сымпиды да қалды.

       Отарлау кезінде қазақ жеріне түрлі экспедициялар жіберіп, қазақтың жерін, табиғатын, байлығын, тілі мен әдет-ғұрпын, салт-дәстүрі мен күн көрісін әбден зерттеді. Сөйтіп, қазақтың қандай халық екенін біліп алған олар, қазақ рулары мен ел билігендегі адамдар арасына ши жүгірте бастады. Сұлтандар мен билердің, елдің беделді адамдарының арасында алауыздық туғыза білді. Шен беріп, шекпен жапты. Өздеріне қарағандарға жалақы төлеп отырды.

       Ресей патшасы Александар-III өз генерал-губернеторларына 1894 жылы құпия хат жазып, «Қазақ жеріндегі елді - мекендерге орыс атауларын беріңдер немесе оларды орыс тіліне аударыңдар, ресми қағаздарға орыс грамматикасының ерекшелігене қарай жазатын болсын!» - деген нұсқау берген. Содан көптеген жер-су аттары орыстандырыла бастады, атаулар табылмаған көптеген ауылдар нөмірленіп кетті. Қазірге қариялардың өздері ескілікті жер атауларын нақты айта алмайтын жағдайда. Неке актілерін, балалардың тууы туралы куәлік беретін бөлімдердегі орыстар қазақтың аты-жөнін танымастай етіп өзгерткеніне өзіміз де куәміз. (Тіпті бүгінге дейін сол қалып жоғалмай тұр)

      Ресей империясы Қазақ елінің билігінің шаңырағын 1800 жылдардың басынан бастап, шайқай бастады. Сөйтіп, Ресей өзінің басқару жүйесін қазақ даласына жоспарлы түрде енгізді. Содан, қазақ даласында 1831 жылдардан бастап – Аягөз, 1832ж. – Ақмола, 1833ж.- Баянауыл мен Үшбұлақ, 1834ж. – Аманқарағай, Көкпекті, Құсмұрын, Алатау сияқты жаңа округтік приказдар бірінен соң бірі ашыла бастады. Олардың құрылысы мен күзеті орыс казачествосына тапсырылды. Орыс казактары салықтардан босатылып, жергілікті жұрттан тартып алғандарын қанағат етіп, қазақтың шұрайлы жерлеріне иелік етті.

       Өткен тарихымызға зер сала отырып, Қазақтардың басты дұшпандары ресей мен қытайдан қалай қорғана аламыз? Қандай қарсы әрекеттер жасай алаамыз? Соны ойласақ болар еді ғой. Қазақтың досы – Қазақ!

 

       Әлде, 15 – 20 ұрпақ өткен бабаларымызды болған жоқ деп дауласумен өтеміз бе?

 

Астаналық  Әнуарбек ЕралыҒадамтордағы жазба

 

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны