«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Орыстандыру саясаты
Орыстандыру саясаты
Дайындаған: 4 апта бұрын

      1870 жылы Ресей империясының халық ағарту министрлігі шет аймақтағы отар халықтарға білім беру туралы заң қабылдайды. Бұл заң бойынша шет аймақтағыларды орыстандыруды көздеген миссионерлік педогогика жүйесі еді. Ресей патша үкіметінің басты мақсатының бірі, орыс емес халықтарды жаппай орыстандыру, шоқындыру еді. Бұл саясаттың іске асыру жолының негізі қазақ-орыс школдары болды. (Сол школдардан бүгінге дейін арыла алмай келеміз) Жаңа миссионерлік педагогика жүйесінде былай деп жазылыпты:

 

      – Мұсылман елдерін ыдырату, арасына от жағу. Яғни, пантүркішілдік пен панисламдылыққа қарсы күресу. Қазақ елінің ағартушылық қозғалысын татардың ықпалынан, мұсылман дінінен алшақтату:

 

      – Халықты ата-баба тарихынан, өнерінен, ұлттық мәдениетінен қол үздіру. Яғни, қазақтардың ғасырлар бойы қолданып келе жатқан жазу таңбаларын жою, олардың орнына аралас орыс-қазақ школдарын ашу, кейін бұлардың бәрін таза орыс тіліне көшіру. Міне, орыстандыру саясаты осылай басталған болатын. Сол үрдіс бүгінге дейін жалғасын табуда. Енді, қазақ қалай орыстандырылса, солай қазақыландырылуы керек.

 

      Ресей шет аймақтарда отаршылдық саясатын жүзеге асыру үшін, миссионерлік ғалымдарын, оқытушы кадрларын көптеп даярлау керектігі жазылған. Бұл заң Кеңес үкіметі кезеңінде де жалғасын тауып, орыстандыру саясаты тіпті қарқынды түрде жүргізілді. Ресей империясының орыстандыру саясаты Қазақстанда 100 жылдан кейін толығымен іске асырылды.

      1970 жылы Мәскеу Кеңестер Советтік Социалистік Республикалар Одағы (КССРО) кемелденген социализмге қол жетті деп жариялады. Кемелденген социализм деген ұғым, кіші ұлттарды орыстандырып біттік дегенге саятын-ды. Сол кері тартпа зар заман халқымызды өткенінен бейхабар етті. «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан» деген, төрт ұрпақ ауысып, бәрі ұмытылып, қазанша аударылып жабылады дегенді білдіреді. Сол заман көбімізді ұлттық сана-сезімнен айырып, көбімізді мәңгүрттікке һәм ұлтсыздыққа әкелді (профессор, М.Мырзахметұлы) Бізқазақ өзінің ұлттық негізінен: тілінен, дінінен, салт-дәстүрінінен, ұлттық мәдениетіненажырады. Өзін жек көруге, менсінбеуге дейін жетті.

      XX ғасырдың басынан бастап, қазақ халқының басынан нендей зобалаң, қайғы-қасырет, алапатты-зұлматтар өтпеді. 1870 жылдардың басынан 1900 жылдардың басына дейін орыстың қара шекпенділері бос жатқан жер деп қазақ жерінің құнарлы жерлерін жайлай бастады. 1916-21 жылдар аралығындағы ақтар мен қызылдардың тартысы да қазақты қатты мазалады, күйзелтті. 1931-33 жылдар аралығында Голощекиннің ойлап тапқан кіші революцисяның кесірінен 2,5 миллиондай қазақ аштан қырылды, 1 миллионнан астам қазақ шет елдерге ауды. 1937-38 жылдардағы саяси қуғын-сүргінде 60-70 мыңдай ардақты қазақ зиялылары атылып, жер аударылып кетті.

      1941-45 жылдары ұлы отан соғысында 550 мың қазақ майдан даласында шейіт болды. Содан кейін Тың игеру эпопеясы басталды. Сөйтіп, қазақ өз жерінде аз халықтар санатына қосылды. Билік Москваның қолында болды. Олардың ақ дегені - алғыс, қара дегені - қарғыс еді.

      Қазақстан 100 ұлттың зертханасына айналды. Қазақ жері халықтар түрмесі болды. Тек бір ғана «Карлагта» 2 миллионға жуық адам қуғын-сүргін көрді. АЛЖИРда әйелдер зонасы болды. 1937 жылы Қиыр Шығыстан 100 мыңнан астам корейлер, Ресейдің Еділ өңірінен 361 мың немістер, 1943-44 жылдары Солтүстік Кавказдан 507 мың шешен-ұңғыш, қаршай-балқар, Месхетиядан ауған күрттері мен месхед түріктері, одан қалды, қалмақтар мен татарлар қазақтың кең даласына тоғытылды. Бұл аздай, 1954-60 жылдар аралығында тың көтеруге деп, славян (орыс, украин, белорусь) халақтары вагондап әкелінсе, ізінше 1960-70 жылдары құрылыс салуға, кәсіпорын-өндірісін өркендетуге деп мыңдаған адамдар әкелінді. Келген славян халықтарының тұрмыс жағдайларын жақсартуға қаржы-қаражат еселеп бөлінді.

      Үлкен ауыртпалық шақ қуғын-сүргін, аштықтан кейінгі тыныштық 1950-85 жылдар аралығы болды. Сол заман қазақ үшін «қой үстіне боз торғай жұмыртқалаған» кез еді. Осы кезде келімсектер қазақты араққа ауыздандырды. Бір ақынымыз айтпақшы: «арақ – көл, сыра – өзен боп ағып жатқан» кез. Тамақ тоқ, көйлек көк демекші, «Сендер ештеңе ойламаңдар – үкімет ойлайды, сендер ештеңе бастамаңдар – партия бастайды» - деген саясат қолданылды. Жалпы халықты ойлау қабілетінен айырған, ұлттық рухтың туралап қалған, масылдыққа үйреткен де осы заман. Басқаша айтатын, басқаша ойлайтын адам Кеңес үкіметінің «Һас жауы» болып есептелетін, ұлт мәселесін қозғаған адам «ұлтшыл» ретінде қуғынға ұшырайтын. Ұлтын жек көретінді, әйелі орыстарды билікке тағайындайтын.

      Солтүстік аймақтар соның ішінде Ақмола облысы мен қаласы – тың игерудегі ауыртпалық түскен Эпи-орталығы, орыстандыру саясатының ықпалы қатты тиген жер еді.

      Целиноград (Ақмола, Астана) қаласында 1979 жылғы санақ бойынша қазақтың саны жалпы тұрғындардың 14,1 пайызын құрап 32870 адам болса, 1989 жылғы санақта қазақтың саны 49798 адам болып 17,7 пайызды көрсеткен. Он жылдың ішінде Ақмола қаласында қазақтың саны небары 3,6 пайызға өскен. Тың игеру кезінде кең далаға жаңадан совхоздар ұйымдастырылды. Оған жаңадан орыс мектебі, сауда орталығы, балабақша мен мәдениет үйі салынды. Ал, маңындағы қазақ ауылдарының болашағы жоқ деген желеумен жабылып жатты. Қазақ баласын орыс мектептеріне беруге мәжбүр болды. Тың игеру кезінде 700-ге жуық қазақ мектептері жабылды. Қазақ мектептерінің жабылу себептерінің бірі 1959 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесінің жабық Қаулысымен: «Жоғары оқу орынына түсу емтиханы тек қана орыс тілінде тапсырылсын»деген талаптар қойылды. Соның нәтижесінде қазақша оқыған бала оқуға түсе алмады, оқуға түссе ары қарай оқу қиынға соқты. Сондықтан, қиындық көрген адам өз баласын орысша оқуға беруге мәжбүр болды. Сөйтіп, қазақ өз ана тілінен, өзі безуге тура келді. Ұлттық санадан айрылғанымыз осындай деңгейде өтті.

      Кеңес одағы кезінде 1926 жылы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағында 194 ұлттардың тілі есепке алынған. 1989 жылы содан 101 ұлттың тілі ғана қалған екен. Бар-жоғы 63 жылдың ішінде 93 ұлттың тілі жоғалып кеткен. Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады деген осының айғағы. Бұл үлкен қауіптің бізге де төніп тұрғанын көріп, мезгілінде қимылға көштік, онымыз дұрыс та болды.

      Өткен ғасырдың басынан Абайдан бастап, Ахмет, Міржақып, Әлихан, Мұстафа, Мағжандар сияқты қазақтың зиялылары елді бірлікке, білімге, еңбекке, елдікке шақырған. Ресей империясының қыспағынан шығу амалдарын іздеген. Қазақ жеріне бекіністер салып, қазақ жерін әскери қоршауда және қазақ елінің билігін қолдарында мықтап ұстады. Қазақ арасында алауыздық көп болып, қазақтар бірлігін сақтай алмады.

Бұл жөнінде Мағжан 1920 жылғы «Қазақ тілі» деген өлеңінде:

«Елдік, бірлік, ерлік, қайрат, бақ ардың –

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың... .

Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз – Баба тілі, сен қалдың! –деген екен.

Сол кездің өзінде ұлы бабаларымызды ұлттың тағдыры қатты мазалағанын көреміз.

 

      Тағы да тарихи дерекке жүгінер болсақ, Қазақ халқының алғашқы астанасы болған Орынбор қаласында 1923 жылдың 22 қарашасында Декрет жарияланып, қазақ және орыс тілдеріне бірдей мемлекеттік дәреже берілгенді. Қазақтар башқұрттармен, татарлармен бірігіп кетеді деген қауіптен сақану үшін, 1926 жылдың 10 желтоқсанында астана Қызылордаға көшірілді. Қызылорда қаласында 1929 жылы қазақ жазуы араб әліп-биінен, латын қарпіне ауысты. 1940 жыл латын қарпінен, орыс алфавиті – кирилицаға ауысты. 1926 жылы қазақтың төл мерекесі «Наурызды» ескінің қалдығы, діннің сарқыншағы деген желеумен тойлауға қатаң тыйым салынды. Осының бәрі қосыла келе қазақты өзіне-өзін қарсы қою, бұл ұлтты жоюдың психологиялық тәсілдері мен ұлттық сананы жоюдың әдіс-айласы еді.

 

Әнуарбек Ералығаламтордағы жазба

 

Астана

 

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны