«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Өнер алды қызыл тіл
Өнер алды қызыл тіл
Дайындаған: 1 ай бұрын

      Қазақтың ұлттық күнтізбесінде 7- қыркүйек қазақ өнері күні деп белгіленіпті.

      Ең бірінші ойға оралар "өнер алды қызыл тіл " дейміз. Тіл артқылы адам өз бойындағы сөз өнерін халыққа жеткізеді. Ақындық , əншілік , қара сөзден таспа тілер шеберлік тіл өнеріне жатады. Ұлттымыздың тілі шұбарланып құты қашып , беделі түсіп тұрған тұста "өнер алды қызыл тіл" деуімізде тек айтарға ғана. Тіл өнері адам бойындағы санаға байланысты. Қазақылықтан ауытқып , орысқұлданып тұрған ортада тіл өнері қаншалықты дəріптеледі , білмеймін. =  

      Екінші айтарымыз қол өнері. Қолдан жасалып шықан ұлттық бұйымдар , тұрмысқа қажетті заттар.Қолдан ойылған қазақтың қара домбырасы күмбірлетіп күй тартқанда санаңа əртүрлі ой салады. Қол өнері шеберліктің белгісі. Ертеректе аталарымыз қайыстан таспа тіліп қамшы өріп , қайың ағаштан ер шабауып , тоқымын ойулап құйысқанын қиыстрып , өмілдірік , жүген- ноқтасын , айылын айшықтап шығаратын. Арба , шанаға дейін қолдан жасалатын.

      Қазір еске алсаң, ескінің ескегі, ерікеннің ермегі деген көз қарастамыз. Бұл өнер сонау кеңес дəуірі тұсында үзілді. Қамшы ұстар ер азамат , бір бокал сыраның жетегінде еткен заман болды. Ал, апа - əжелеріміз ше "Сол баяғы, өткен кезең"деп ертеден сөз қозғаймыз.кимешегін киіп, бесігін тербетіп , ұршығын иріп отыратын əжелеріміз қайда .

      Өнерлі болу үшін еңбекқор болу керек. Сиырын сауып, айранын ұйтып , құрт-ірмшігін қайнатып, пəтер нанын табаға салып, қидың шоғына пісіретін, самаурыннын бұрқыратып қызыл күрең шəйін күлімдеп ұсынатын жеңгелеріміз қайда екен.

      1968 жылдың жаз айында шешем Қадиша ауылдың əйелдерін жиып, шəйін қайнатып , етін асып кигіз басып еді. Сонда бастырылған қара текемет, ойыулы сырмақ əлі бар, бырақ шешем өмірде жоқ. Бір өкініштісі қазырғы келіндер "шаң жинайды" деп пайдаланбайды.

      Ее, айта берсең қазақта өнер көп. Құна - тайды күзеп қыл арқан есетін. Қойдың қырқылған жүнін түтіп ұршығын иріп байпақ (шұлық) тоқушы еді. Бой жеткен қыз баланың көрпе жастығына дейін қолдан жасайтын. 

      Еңбектенеудің арқасында , ұлттық өнерді дəріптеді. Қазырғы əйелдер қауымы келген қонаққа шəй құйып отырып соткасын шұқып отырады. Заманның ағымы аққан судай зырлап өтіп жатыр. Өміріміз өтіп , ұлттық өнер тасада қалып бара жатқандай. Ел болып ес жиып ұлттық өнерді қолға алар кез келді. Халық талаптанып , үкімет қолдап қалалы жерлерден өнер мектептері ашылса деген ой ғой.

      Əр ұлттың өз ана тілі , төлөнері , ұлттық салт - дəстүрі сақталуға тиіс.

 

Аспандияр Сейсенов, ғаламтордағы жазба

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны