«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
"Намыс деген не жетер ғаламатқа"!
"Намыс деген не жетер ғаламатқа"!
Дайындаған: 1 ай бұрын

 

Мен ұлтшылмын

Мен ұлтшылмын, мен ұлтшылмын!
Ұлтсызданған елдегі,
Мәңгүрттенген ұлды көріп төрдегі,
Шағынатын бабасына көрдегі.

Мен ұлтшылмын, мен ұлтшылмын!
Еліктеуден есі кетіп ездері,
Ұлт қадірі құнсызданған кездегі.

Мен ұлтшылмын, мен ұлтшылмын
Ана тілін менсінбейтін елдегі,
Келімсегі тайраңдайтын жердегі.

Мен ұлтшылмын, мен ұлтшылмын!
Салт-дәстүрге бағынған,
Әдет-ғұрыпқа таңылған.

Мен ұлтшылмын, мен ұлтшылмын!
Азат елде тұрсам да
Ұлтшыл "атақ" тағылған.

Мен ұлтшылмын, мен ұлтшылмын!
Қазақ деген атым бар,
Мәңгүрт деген қасым бар.

Мен ұлтшылмын, мен ұлтшылмын!
"Құбыжықпын" сасыңдар,
Мен ояндым, мен ояндым қашыңдар!

Мен ұлтшылмын, мен ұлтшылмын!
Жалғыз ағаш емеспін мен шөлдегі,
Жалғыз қайық та емеспін мен көлдегі.
Үйірі бар,
Арындаған арғымақпын өрдегі.

Мен ұлтшылмын, мен ұлтшылмын!
Өрлеп келем көр мені.
Қанша жерден бөгесе де өр мені.

Мен ұлтшылмын, мен ұлтшылмын!
Мәңгі ұлт болу арманым,
Керек етпеймін, керек етпеймін қалғанын!

МӘҢГҮРТ болма - МӘҢГІ ҰЛТ бол!

 

*

Ер салмасаң, ер салма жарау атқа

Ер салмасаң, ер салма жарау атқа,
Аттанбасаң, аттанба ғазауатқа.
Елдігіңнің ертеңі сынға түссе,
Ез деген қалма бірақ жаман атқа..


Қандасыңа қас қылса қарап жатпа,
Итке айналып иеңді талап жатпа.
Жұртым деген жақсыңды балап жатқа,
Жалғыз тастап жан-жаққа тарап жатпа.


Талай мазақ боламыз талап жоқта,
Табанға сап таптайды теңеп жоққа.
Азаматқа лайық іс қылмасаң,
Бір күндері сені де жағады отқа.


Елім деген ерлерің иірімде,
Жабыла өңшең жаман шүйілуде.
Жұртым деген жандарды жарға тіреп,
Қой секілді көндірмек иіруге.


Намыс деген не жетер ғаламатқа,
Арашашы болмассың Адамзатқа!
Ар алдында аратүс Азаматқа
Лайық болам десең Адам атқа!!!

*

 

Не бітірдік, не тындырдық мына біз?

Не бітірдік, не тындырдық мына біз?

Айтшы досым, өзің жайлы бір аңыз,
Адам тұрмақ..
Құлақ түріп тыңдайтындай құла дүз.
Мақтаныштан масайрап бір
Айлы аспандай арайлансын мына жүз.

- Айтар едім бір емес мен мың аңыз,
Бірақ, бірақ...
Таң қалдырып, тамсандырар талайды.
Не бітірдік, не тындырдық мына біз?

Кеуде керіп деп жүрсек те, ағамыз,
Арық қойдың құнындай-ақ бағамыз.
Артымызға қалдыратын..
Мол емес қой мұрамыз.
Бұл дүниеден түк бітірмей өтеміз-ау мына біз.

Не бітірдік, не тындырдық мына біз?
Босқа өмірді өткіздік пе, сірә біз?
Қайта айналып оралмайды мына көктем, мына күз
Із қалдырмай жоқ боп кетсек,
Сол болады кешірілмес күнәміз..

- Күмән болса халық болсын куәміз,
Қандай да бір біздің болса кінәміз.
Не бітірдік, не тындырдық мына жұрттан сұраңыз,
Сонда ғана сейіледі шүбәңіз.
Деп айтарға лайық,
Емеспіз -ау, емеспіз-ау мына біз..

 

*

Біртіндеп басқаға ұқсап барасыңдар

Біртіндеп басқаға ұқсап барасыңдар,
Халқым-ау қашан қазақ боласыңдар?
Десе де, сенің бізден аласың бар,
Қол жайып кімнен нені аласыңдар?

Дей алмас ешкім бізді баласыңдар,
Тарихқа өзіңнің де таласың бар.
Оған куә бай өлке, байтақ дала,
Асқаралы асулы ала шыңдар.

Бабаңның асқар таулы даласы бар,
Ізіңді сол таулардан табасыңдар.
Сақтардың сан ғасырлық моласы бар,
Түркінің таңбалы тас, обасы бар.

Халықсың данасы бар, дарасы бар,
Алысар алыппен де шамасы бар.
Ата жол, әдет-ғұрыпқа адал болсаң
Шыңыңа айтшы кімнің таласы бар?

Әй, қазағым сөз ұғар санасы бар,
Әр қилы боп барамыз ала-шұбар.
Сен халықсың салты бар, сапасы бар,
Ежелгі сақ пен ғұндай бабасы бар.

Соңынан әркімнің бір шабасыңдар,
Еліріп кімге еріп барасыңдар.
Томардай тамырыңнан ажырасаң,
Ел болып онда қалай оңасыңдар?!

 

Мұқтарбек Тұрысбекұлы (Айт)

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны