«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Тектіден тәлім қалар, тексізден ұрпақ не алар...
Тектіден тәлім қалар, тексізден ұрпақ не алар...
Дайындаған: 2 ай бұрын

Д.А.Қонаев туралы интернеттегі пікірталас

 

      Қазір кім не десе де айтарым, Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев ақсақал барлық уақытта адамгершілік пен тазалықтың символы болып қала береді. Өзім басымнан өткізген, куә болған жайды ғана баяндайын. 1979 жылдың тамызында Шымкенттегі Қазах химия - технологиялық институтын бітіріп, одактык жолдамамен (ол кезде техникалык жоғарғы оқу орындарын бітірген студенттерді Москва арқылы одақтық өндірістерге арнайы бөлетін) Тәжікстанның астанасы Душанбеге жақын жерде орналаскан Яван қаласындағы «Таджикхимпром» атты химия саласының үлкен өндірістік бірлестігіне 2 жолдасыммен бірге жұмысқа келдік. Оныншы бесжылдықтың Бүкілодақтық екпінді алып құрылыстарының бірі боп саналған бұл үлкен өндіріс кешенінде 10,5 мың адам жұмыс істейтін. Бұл химиялық зауыттағы инженер - техник қызметкерлер мен басшы кадрлар негізінен Москва, Киев, Горький, Волгоград, Иркутск, Ангарск, Баку, Ачинск, Новомосковскі мен Стерлитамак қалаларынан келген болатын. Кешендік кәсіпорындағы 5 өндірістегі 35 цехтың ішінде жергілікті тәжік ұлтынан 1 ғана цех бастығы болды. Сол өндірісте 3-4 жыл қызмет атқарғаннан кейін компартия қатарына кабылданып, 500 адамдык күрделі цехтың бастықтығына тағайындалдым. Ол жерлерде қызмет еткен жылдары жергілікті тәжік, өзбек халықтары өкілдерінен қаншама инженер - техник кызметкерлер дайындадық. Мен басқарған ұжым бірнеше рет Социалистік жарыстардың» жеңімпазы атанды. Марапаттар мен беделге де ие болдық...

 

      Бір күні осы зауытта жұмыс істеп жүрген Иркутскі қаласына жақын жердегі Ангарскі химия зауытынан арнайы шақыртумен келген Какенов Қуантай деген қазақ кісімен танысып, кейінерек отбасымызбен араласып кеттік. Қуантай «Хлор жане Каустик» өндірісінде Бас технолог боп қызмет атқаратын еді. Оның туылған жері Қостанай облысынан екен. Әйелі Сібірдің орысының қызы, бір ұл, бір қызы бар. Туыстарынан қалған немере қарындасы Сәния мен інісі Нұрланды, әкесінің 90 - ға жақындаған апасын да қасына шақыртып алыпты. Ал өзі болса, қазақшаны нашар біледі екен. Апамызбен, Сәниямен жақын таныса келе Қуантайдың балалық шағы Солтүстік облыстардағы тың игеру кезінде өткенін, ал оның әкесі Қадырдың сол өңірлердегі белгілі саятшы, беделді, әрі тұрмысты, ауқатты кісі болғанын естіп білдік. Табиғаты сұлу, ата-бабасынан келе жаткан «Айнакөлдің» жағасында тұрыпты. Үйлерінен сыйлы қонақтар үзілмепті. Сол тың игерген 1955 жылдары Қазақстан өкіметінің басшылары тың игерілген жерлерді аралап жүргенінде іштерінде Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев ақсақалда бар, техникалары батпаққа тығылып, кешке қалып қояды. Сонда жергілікті басшылар сол маңайда тұратын Қадыр ақсакалдың үйіне әбден шаршап, титықтаған қонақтарды бастап келеді. Ол кісі тез арада малын сойып, басшыларды жақсылап күтіп, домбыра, сырнайымен Арқаның сұлу сазды, арқалы әндерімен құлақ құрыштарын қандырып, әңгіме дүкен құрып қонақтарын демалдырып, ертеңіне шығарып салған екен. Ол кездері айналаның тұрғындары ССРО - ның әр жерінен айдалып келген түрмеден шыққандармен қатар, алып Елдің түкпір - түкпірінен жер ауып келген түрлі ұлт өкілдерінен тұрыпты. Бұл кезеңдер халқымыздың ұлт азаттық көтерілістері мен төңкеріс, азамат соғыстары мен ашаршылық, соғыс нәубеттерінен кейінгі азшылыққа айналып тұрған уақыттары екен. Қазақтар сол жерлерде 4-5 үй ғана болса керек, қысқасы ол кісілер Қадырдың үйіне қонып шығады. Мылтықтары мен азулы бөрібасар иттері бар Қадекең өкімет басшыларының қауіпсіздігі мен демалысын ойдағыдай қамтмасыз еткен болуы керек, Димаш ақсақал ертеңіне 10 жасар Қуантайды көрсетіп: «Осы балаңды кейін оқу бітіргесін маган жібер!» - деп, ризашылыкпен аттанады. Қонаев ақсақал кейінерек іссапармен Қостанайға келген сайын арнайы ат басын сонда бірнеше мәрте бұрыпты.

      Қуантай мектеп бітірер кез жақындағанда әкесі мен шешесі о дүниелік боп кетеді. Одан соң әскер қатарына шақырылып, Қиыр шығыстағы Тынық мұхиты әскери - теніз флотында 4 жыл теңізшілік қызметті абыроймен атқарып, флот қолбасшылығының арнайы жолдамасымен Иркутскідегі политехникалык институтка түсіп, оны үздік бітіргесін Сібірдің химия зауыттарында бірнеше жылдар бойы жұмыстар істеп, ССРО бойынша «10-шы Бесжылдықтың Екпінді құрылысы» «Таджикхимпромға»жолдамамен келіп жұмыс істегеніне де 5 жылдай уақыт өткен екен. Әңгіме арасында Елге қайту жайлы сұрағанымда, онда ешкімнің күтіп отырмағанын, бірақ баспананың да басты мәселе екенін алға тарта отырып, енді қаншама жылдардан соң мүмкіншілік болып жатса, әрине елге оның ішінде Қостанайға барып тұрғысы келетінін армандап жүргенін айтты.

      1984 жылы мен Қуантайдың жалгыз туысқан қарындасы Сәниямен, апамызбен ақылдасып, жоғарыдағы Қуантайдың басынан өткен жағдайларды түгел баяндап, КПСС Орталық комитетінің Саяси Бюросының мүшесі, Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы Д.А.Қонаевқа арнайы қазақша хат жазып, оны Алматыға Сәниядан беріп жібердік. Сәния Душанбе – Алматы рейсімен ұшып барып, Үкімет үйіне қабылдауға барғанда, ол кісінің жұмыс орнында жоқ, іссапарда ұзақ болатынын айтқан көмекшісіне хатты тапсырғанын, Алматының да өзіне өте ұнағанын айтып келді.

 

      Әлі есімде, Сәнияның сапарынан 1,5 ай өткен соң Тәжік ССР- і басшылыгы мен Қорған -Төбе обкомы мен Яван ауданының басшылары мен зауыттын Бас директорына дейін дүрліктірген оқиға болды. Ол Совет Одағы Компартиясының Орталық Комитетінің Саяси Бюро мүшесі, Қазақстан Компартиясының ОК нің 1 хатшысы Д.А.Қонаевтың атынан Какенов Қадірұлы Қуантайға арнайы қызмет орындарының әкелген «Үкіметтік хаты» еді.

Онда Какенов Қуантайды Қостанайдағы салынып жаткан химволокно зауытына өз мамандыгы бойынша Бас технолог кызметіне шакырылғандығы және қала орталығынан 4 бөлмелі жаңа пәтер берілетіндігі, бір ай ішінде жаңа қызметке кірісу керектігі айтылыпты. Бұл Қуантай үшін де, біз үшін де төбеден түскен жай сияқты оқиға болды. Себебі сол баяндалған кезеңдерден бері 30 жылдай уақыт өтіп кеткендіктен біз мұндай жағдайдың болатынына сенген де жоқ едік. Содан не керек Какеновтер отбасын жақсылап, улап – шулап Қазақстанға шығарып салдық...

 

      Міне қазір Какеновтар отбасы Қостанай қаласындағы сол пәтерінде тұрып жатыр. Мен 7 жылдай жұмыс істеп, елге 1986 жылдың қаңтарында оралып, Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытына жұмысқа орналастым. Сәния медициналық техникумды Куляб қаласында бітірген ұлы Маратпен бірге 1992 жылы Шымкентке келіп осында тұрақтап қалып, ұлын Шымкенттің қызына үйлендірді. Марат медицина институтын бітіріп, білікті дәрігер атанды. Сәния бірнеше немерелер сүйіп, осыдан бірнеше жыл бұрын дүниеден өтті. Топырақ марқұмға Шымкент жерінен бұйырды...

 

      Заманында Елінің ар намысы мен туы болған Д.А.Қонаев ақсақалдың адамгершілігі мен үлкен қасиетті адам екенін осы бір оқиғаның өзі көрсетіп тұрған жоқ па?! Ал ондай оқиғалар Ұлы Ақсақалдың өмірінде жетіп артылады...

 

Ілесбек Байжанов, ғаламтордағы жазба

Шымкент қаласы

 

Aqsaqaldar.kz

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны