«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Ауылдың – баласы қазақия
Ауылдың – баласы қазақия
Дайындаған: 2 ай бұрын

Немесе уацаппен келген мына әңгіме:


          Сексенінші жылдардың басы. Совет армиясының қатарына шақырылдым. Мәскеудің маңындағы әскери бөлімге Орта Азиямен, Кавказдан келген жас жігіттер бірге түстік. Орта Азиядан келген он қазақпыз. Қалғандары өзбек, тәжік, екі қырғыз, төрт түркімен.
Әскери бөлімнің қақпасынан кіргеннен-ақ, жемтігіне көз салған бөрідей,бізге бәрі жақтырмай, аларып қарайды. “Оказывается здесь землячества. Кавказцы рулят”-деген дағыстан жігітінің айтқан сөзін, құлағым шалып қалды мана. Құдай-ау,неге Кавказда тумадым екен деген жаман ой, санамнан сумаң етпесі бар ма?                                               .
          Баняға түскеннен кейін, жаңа киім алдық. Ротаға барып, жағамызды, шеврондарымызды тігіп жатырмыз. Түннің бір уағында топырлап жерлестерін іздеп келген, кавказдықтарды көрдік. Көп болса өзімізден бір-екі-ақ жас үлкен жігіттер, бірақ сайдың тасындай, кең иықты, кексе жігіттер екені көрініп тұр.
Өз тілдерінде шүлдірлеп сөйлеп жатыр. Бір кезде ішінен біреуі бізге қарап: «Откуда вы узкаглазые ?-деді. С Казахстана-дедік. “Ящына” земляки что ли?”-деді. “Ящасы” кім деп қоямыз.                                .
         Іңірт ауа казармаға көзі сілеусіннің көзіндей сығырайған, арыстан жал, қабылан жота, бойы ұзын, жалпақ жауырынды солдаттың төресі кіріп келді. Палуан екенін, пелмен қылып түйіп тастаған, екі құлағынан көріп тұрмыз. Жуан балтыр, сом білек, түйе табан жігіт екен.                                  .
Орманға “Шерхан”кіріп кеткендей әсерде болдық. Бағанағы кавказдықтар “Яща саламалейкум брат”- деп жамырасып амандасып жатыр. Олардың біреуін қаперіне іліп тұрған Яща жоқ.                         .
“Қазақтар бар ма әй”- деді қазақша. Әкемізді көргендей иә, бармыз, мындамыз - деп мойнымызды созып жатырмыз. Жүріңдер - деп мойнын қиқаң еткізді. Енесіне ерген күшіктердей бәріміз оның артынан Ленкомға кірдік. Қайдансыңдар? Аттарың кім? Бәрін сұрап жатыр. Көп күттім ғой сендерді бауырларым - деп қояды.                                                           .
“Яща”-деп жүргеніміз қазіргі Оңтүстік Қазақстанның Жандарбек деген жігіті екен. Өзі палуан, көкпарышы. Жандарбектің арқасында жаман өмір сүрмедік. Арқамызды тауға сүйегендей болдық. Ағамызда жігіттің арланы екен.
Байқағаным күндіз онша көрінбейді, түн қата төбесін көрсетеді. Менмін дегендердің өзі оны көрсе, сырттан қасқырды көргендей сырт айналып өтеді. Түсі суық демесең, Жәкең өте бауырмал, қазақы жігіт болып шықты. Санчастьқа ауырып түсіп қалсақ, жылы - жұмсағын алып келеді. Қалтамызға бес - он сомын салып, ағалық қамқорлығын көрсетеді.                                        .
Әсіресе үлкен мейрамдарда, столовыйдың төріне он бір адамға дастархан жаяды. Қалғандары бізден төмен отырады. Дастарханда жылы - жұмсақтың, тәттінің бәрі бар. Мереке біткесін дастарханнан қалтамызға бір кәмпит салдырмайды. Бәріміз тұрып, столдағы тағамдарды сол күйі қалдырып кетеміз.
        Бірде, жиырма үшінші ақпанда Совет Армиясының күнін тойлап болып, дастархандағы екі кәмпитке қызығып, қалтаға сала бергенім сол еді. Яща мені ала көзімен атып жіберді. Сасқанымнан әлгі тәтті кәмпиттерді столға қайта қоя салдым.
        Казармаға келген соң, Яща бауырымыз, өмір бойы есімізде қалатын әңгімені, жүрегімізге мөрледі.                                             .
“Осы әскери бөлімге соңғы жеті жылда келген мен жалғыз қазақпын, сендер менен кейін бір жарым жылдан соң келдіңдер. Көп қорқытады, терең батырады. Мықтылардың арасында балпаң - балпаң басу үшін де, балтыр керек жігіттер. Марканы ұстап тұру, маған да оңай болған жоқ.
Сико, сен алған екі кәмпитте тұрған ештеңе жоқ. Сұңқар шашып жейді, құзғын жемтігін, бауырына басып жейді - деген. Бұлар діні бір мұсылман дегенмен де, тілі басқа, табиғаты басқа, дәстүрі басқа жігіттер. Сырт көз сыншы, бізге бұлар сынап қарайды. Бұл жерде бес мың солдат бар, яғни, біз он мың көздің назарында жүрміз.                                       .
Өзімізден бұрын, халқымызға сөз келмесін. Түсінгенге, түкке тұрмас екі кәмпиттің өзі көп нәрсені айтады. Көже қарнымыз тойғанға мәз болып жүрген құлағы тесік құлдың балалары емеспіз ғой. Көңіл қарны тойған текті атаның ұлдарымыз. Бізден қалған көл көсір тамаққа қарап, уызына жарыған халық екен – деп, біздің қазаққа баға беретін мықты жігіттер бар ішінде олардың.
Бірге бір төбелессем, маған төтеп беретін жігіттер аз арасында. Оны мен бір жарым жылдың ішінде, жұдырығыммен талай рет дәлелдегенмін. Күшті білек бір бақыт, мінезден көрініс табатын, тектілік мың бақыт бауырларым.

Тектінің қай кезде де мысы басым.  Өзің жұртты қалай сынасаң, оларда бізге сондай сын көзбен қарайды. Аттың түгіндей әлемде, тайдың төбеліндей ғана елміз. “Бабасы басын имегеннің, баласы тізе бүкпейді”- дегендей. Қазақ батыр халық деп құр кеуде кергенше, қанымыздағы тектілікті, бегзада мінезімізбен де дәлелдейік”.                                                 .
        Жиырмаға толмаған, өзіміз қатар жас жігіттің айтқан сөздері, басқасын қайдам, өзімнің өңменімнен өтіп кетті. Жарты жылдан соң Жандарбек брат елге кетті. Сабаздың баласы он жігітке татитын қазақ екен. Қалған бір жарым жылда, қалған онымыз, оларға, мықтылығымызбен тектілігімізді дәлелдеуге тура келді. Бізге де оңай болмады.                                                    .
        Алла абырой беріп, армиядан ауылға аман есен оралдық. Үлкен өмірге араласып кеттік. Талай қазыналы, қызметтің құлағын ұстап келеміз. Кейде мына қызылды - жасылды дүниеге қатты қызыққанда, Жандарбек бауырымның сөзі есіме оралады:

”Дүниеге қатты қызығып, сол екі кәмпиттей тәттіні қалтаңа салғаннан кейін: өзіңе, отбасыңа, әулетіңе, халқыңа сөз келмей ме?”- деген сөзі ғана мені көп нәрседен тоқтатады

Мақсат Сқақов

 

Aqsaqaldar.kz

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер