«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Ар ілімі оқылса
Ар ілімі оқылса
Дайындаған: 2 ай бұрын

        Қазақ топырағында даналықтың таным жолын салған бабаларымыз Әбунасыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Иасауи, Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының рухтарына тағзым ете отырып, бабалар салған таным жолдарын зерттеп, тұңғыш рет халық игілігіне     ұсынып отырған, ұлттық идеологияның негізіне қадам жасаушы Тоқтасын Міштайұлы Өмірзақовтың таным жазбасынан үзінді ұсынамыз.

 

       Қазақ елі ежелден бір-бірімен сабақтасқан бірнеше сатылы рухани және табиғи негіздерден алған ұлттық таным әлемімен етене байланысты болған.                                            .
Мифологиялық сана тұңғиығы – Алғашқы қауымдық құрылысын (б.з.д. 2,6 млн. жыл – б.з.д. 35-30 мың жыл) құрды. Көшпелі мәдениет қоғамын; Көшпелі өмір салтын, Көшпелі мал шаруашылығын, Көшпелі өнер туындысын; Көшпелілердің түр-түс әлемін; Көшпелілердің таңбалық әлемін; Маусымдық төрт мерекесін; Мифологиялық ғаламның мөлтек туындысы – Киіз үйін – дүниеге әкелді.                                                                                    .
        Ата-баба рухы ықылымы– Қазақ этносын ұйытқан ру-тайпалық одақтарын құруы (б.з.д. 35-30 мың жыл – б.з.д 5 мың жыл аралығы).                                                                         .
«Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» демекші ар, ұждан, намыс, жайында адамгершілік ұғымдар:                                      .
Араға жеті ата салып арулап жар алған үйлену дәстүрі;                          .
Өлген адамды арулап о дүниеге аттандырған жерлеу рәсімі;                .
«Аруақ разы болмай, тірі байымайды» деп, санаттағы тірілер мен санадағы өлілерге құрмалдық ғұрып;            
«Үлкенге құрмет, кішіге ізет» қылатын сыйластық әдеті;                                                  .
Қысқасы, қазақ ұлтының ділінің негізі Аруақ нанымы арқылы қалыптасқан.
Тәңір діні дәуірі– Көшпелі және жартылай отырықшы Көне Түркі қағанаты (б.з.д. 5 мың жыл – 960 жыл).                                        .
Біздің заманымызға дейінгі бес мың жыл бұрын шумер тілінде «Дингир» - («жаратушы, аспан») сөзі о баста аспан құдайы деген ұғымды білдірген, келе-келе дін сипатын алған тәңірі көне түркі әлемінде мемлекет дініне айналған. Еуразия даласында 552 жылы Шығысы – Шын, Батысы – Үрім, Қырым, Солтүстігі – Сібір ойпаты, Оңтүстігі – Жиделі байсын, қысқасы, Көне Түркі қағандығының құралуына өз үлесін тигізген;                                         .
Ата жұрт, туған жер, туған тіл, ұлттық діл, ата заң, төл жазу, және етене әскери өнері бар жауынгер қағанаттың тууына себеп болған.                                                  .
        Демек о бастан-ақ, бір-бірімен сабақтасқан, бірін-бірі толықтырған, бір-біріне негіз болған Мифологиялық сана, Аруақ нанымы, Тәңірлік дін – рет, жөн, жол, тәртібімен:

Бір жерлі, бір тілді, бір ділді, бір мінезді, бір намысты, бір рәсімді, бір үрдісті, бірыңғай, бірегей, біртұтас, бірбүтін билік пен бірлігі бар Тұран елінің Еуразия кеңестігінде іріктеліп-сұрыпталуына рухани ұйытқы болды.                                                                       .
Бізді қоршаған орта, табиғат, ғарыш әлемі бүкіл дүние түгелдей толқындардан құралған.

        Толқындар жиілігіне байланысты адамға әртүрлі әсер етеді. Адам ағзасына тигізетін пайдасы да, зияны да болады. Адам баласы сол толқындардың зәредей, болымсыз бөлігін ғана ажырата алады. «Олар сенен жан (руһ) туралы сұрайды. Жан дүниесін Тәңірім ғана біледі. Сендерге берілетін білімнің шегі аз ғана» (17-сүре, 85-аят).                         .
        Тәңірлік дінде өмірден озған адамға Үшін, Жетісін, Қырқын, Жүзін және Ас беру рәсімдері өтеді. Баланы туғанда Қырқынан шығарып, дүниеден озғанда Қырқын беру де, исламда жоқ.
Осының барлығын арабша емес, қазақша айтып, жасап, қолданып жүрген Ата – бабаларымыз. Мұның бәрі біздің танымымызға ғылымға сәйкестендіріліп айтылып отыр. Шын мәнінде энергетикалық ағын көзге көрінбейді. Адам өлгеннен кейін жетінші күні эфирлік тән ыдырайды. (Жетісін беру). 40 күннен соң асральдық тән өледі. (Қырқын беру). Одан соң 100 күннен кейін ментальдық тән ыдырап кетеді. Ал, кармалық (тағдыр) тән өлмейді, мәңгілік сақталып жоғарылай береді.                                                  .
        Ислам діні заманы– орта Түркі қағанатын (960 жыл – 1200 жыл), Қазақ елінің – (1465 жыл – 1731 жыл) құралуына ықпал етті. Ежелгі Қазақстан жерінде 960 жылы ислам діні ресми түрде мемлекеттік дін ретінде қабылданған.                                        .
Табиғаты өте жақын даралық Тәңірі діні мен жалқылық ислам діні бір-бірімен өте тез кірігіп кеткен:
Ислам діні, түркі еліндегі өте жоғары жетілген байырғы руханиятты мәдениеті мен мұсылман әлеміндегі гүлденген ғылымы бар дамыған материалды өркениетті тоғысқан, яғни мәдениеті басшы, өркениет қосшы болған. Орта Түркі қағанатының құрылуына себеп болған;
Ислам дінінің арқасында Қазақстан жері Ежелгі Грециядан кейін ғылым-білімнің дамуына ұйытқы болған, ғылымнан әлемнің екінші ұстазы атанған Әбунасыр әл-Фарабидің, Түркі елінің Еуразияға тарихи географиялық орналасу аумағының картасы мен тарихи салыстырмалы сөздігін жасаған Махмұт Қашқаридың, екі дүниені де ескере отырып, әрі өркениетті, әрі мәдениетті мемлекет құрудың жолын жазған Жүсіп Баласағұнның, Алланың ілімін меңгерген Қожа Ахмет Иасауидің т.б. ғұламалардың шығуына бірден-бір себеп болған;
Ислам діні көнедегі қазақ халқының жоғары адамгершілік қасиеті жетіліп, рухани зердесінің толысып, ұлттық ділінің рухани маңызының қалыптасуына ықпалын тигізген, яғни, әрі мәдениеттің һәм рухани жетілудің жебеушісі, әрі өркениеттің һәм материалдық дамудың демеушісі болған.                                                  .
        Ислам дінінің күш-қуатымен тұңғыш рет Тұран елі тарихта:                         .
1. Ел; 2. Жер; 3. Тіл; 4.Діл; 5. Дін; 6.Ғылым; 7. Өнер; 8. Кәсібі бар, «Сегіз қырлы бір сырлы», Төрт құбыласы тең біртұтас этносқа айналған болатын. Демек, Мифологиялық сана тұңғиығымен жалғасқан, Ата-баба рухы ықпалымен сабақтасқан, Дара Тәңірлік дін дәуірімен үйлескен. Әлемдік ислам діні заманымен үндескен әрі өркениетті, әрі мәдениетті, әрі рәсімді, әрі үрдісті, тілі, ділі, жері, діні, ғылымы, өнері, кәсібі бар төрт құбыласы тең ел болдық. Осы дәуірлерді Рухани көздерден сусындаған кезеңіміз деп атауға болады.

Коммунизм идеясы– Қазақтың Кеңес үкіметі (1917 – 1991 жыл).

Демократия мен нарық заманы– 1991 жылы зайырлы Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін орнатқан.

 

Әнуарбек Ералы, ғаламтордағы жазба

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер