«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Қазақтың тал бесігі
Қазақтың тал бесігі
Дайындаған: 1 апта бұрын

Даланың асылы Шалқы Би:

 

– Кім де кім Ашамайлы бесікті тепсе,

Кебіні тегін беріледі, аруламай көміледі,

Жаназасынан жылан жерінеді, – депті.                             

 

         Сонау бабаларымыздан бастап, бəріміз де тал бесікке тербеліп, Ананың əлдиін тыңдап жетілдік. Бесік ертеде Айырқалпақ Айдаһар Бидің заманында дүниеге келіпті.

         Қасиетті Мизам Баба осы туған даласын жат көздерден көзінің қарашығындай қорғап келіпті.

 

         Қазақ даласымен іргелес жатқан қысық көз қара қытайлар, біздің даламыздың кеңдігіне қызығып, ішімізге кіруге ұмтылыпты. Дала Тектілері қанша ескертсе де, құмырсқадай өріп, тіліктен(шекара) ішке тап беріп кіріп отырған. Əбден қажыған Мизам Баба белгі болсын деп өзі тал егіп, содан асқандарды жазалап отырған. Олар тістерін қайрап, іштен тынып жүргенде, Мизам Баба жарық дүниемен қоштасады. Бұл хабар құлақтарына тиісімен, Қытайлықтар киелі талды түнде өртеп жібереді.

 

         Сол түні Мизам Баба Айырқалпақ Айдаһар Биге аян беріп:

– Əй, неге жатырсың? Пейілі қара қоңсыластар, менің талымды өртеп кетті,- деп ғайып болады. Шошып оянған Би, таң алакеуімнен атқа қонады.

Діттеген жеріне жетсе, зəулім талдың бұтақтары ғана қалыпты. Ол атынан түсіп, баба əруағына сыйынып, оттан қалған ірілі-уақты бұтақтарын жинап, атына өңгеріп, кері қайтады.

        Үйіне келсе, емізулі қызы анасына көнбей шарылдап жылап, емшек ембейді. Үрейленіп, ауыл емшілеріне, қоңсы ауылдардың да емшілерін аралайды, бірақ шипа болмай, ертеңіне еңселері түсіп үйге кірсе, үйдің ортасында ақ киімді кісі, бірдеңені тербетіп отырғанын аңғарып қалады.

Айырқалпақ Айдаһар би аң таң болып, ой жарығы келіп, бабаның талының бұтақтарынан ашамайлы бесік жасауды ұйғарады.

Бесікті көшіп, қонуға ыңғайлы етіп, жиналмалы етіп жасайды. Қосағы бесіктің жасауын дайындап, сəбиін бөлегенде, ол жылауын қойып, қалғып кетеді. Бидің қуанышы қойнына сыймай, далада бой жазып келсе, ақ киімді қария бесікті тербетіп отырғанын тағы көреді. Осылай далаға ашамайлы бесік келіпті.

 

.... – Бесіктің жеті қасиетін білген адамның, екі күнəсі болса, бірі төгіледі. Бесіктің жиырма бір қасиетін ұғып, оны ұмытпай жүрген адам періште....!!!!

Оның жетпіс қасиетін біліп, қадірлеуді білген адам əулие....!!!!

         Бертін келе Айырқалпақ Айдаһар Би Алты Алаштың басын жинап, Мизам Бабаның əруағына ас береді. Мамырақай заман-асқа Қытайдың атқа мінер белсенділерін тегіс шақырады.

Қалың ел жиналып, тамақ тартылады. Халық асқа қол салғанда, қытайлықтар асты ауыздарына апарғаннан бастарын көтеріп алады. Оны байқаған Айдаһар Би қастарына барып, мəн-жайды сұрайды. Сонда олар:

– Біз жейік десек, тамақ у татып тұр. Қазақтар қалай жеп жатыр, – деп таң қалады. Би күліп:

– Ə... Солай ма? Барлық тамақ бір қазанда піскен, бірақ сендерге арнайы ұсынайын, – деп үйіне барып, Мизам Бабаның талының бұтақтарынан əр адамға екі бұтақтан сындырып, жуып əкеліп береді де:

– Міне, мынаумен жеп көріңдер,- дейді. Олар шұқып жеп көрсе, тамақ бал татып, тəбеттері ашылады. Би күліп:

– Біз үріп жейміз, сендер шұқып жеңдер,- деп өз шаруасымен кетеді. Ас желініп болған соң Қытайлықтарды бастап келгені:

– Би мырза, мына талдың бұтағына қайранбыз, сырын ашыңыз,-деп өтініш жасайды. Айдаһар Би:

– Ол баяғы аталастарың өртеген Мизам Бабаның киелі талының бұтағы болатын,-дейді. Олар бастарын иіп, кешірім сұрап:

– Біз өткен айыбымыз үшін кешірім сұраймыз. Мына бұтақтарды бізге сатыңдар. Ұрпағымызға айта жүрейік, күндердің күнінде ұлы далаға жаманшылық істемесін.

– Əулиенің бір талының орнына жетпіс тал егіп, жетпіс күн аза тұтамыз.

Жетпіс ақ боз үй тігіп, аталарыңның əруағына ас береміз, – жалбарынып тұрып алады.

         Алаштың аузы дуалылары қонақтарды жалындырмай келіседі.

Қытайлықтар сөздерінде тұрып, Мизам Баба атына ас береді. Қазақтар сол жерді "Қытай төккен, ағаш еккен", – деп атап кетеді. Сол кезден –

"Тектілікті мойындамағанның əруақ тонын теріс кигізеді, Асылдың əруағы да туған даласын қорғап жатады", – деп, əрі қытайлардың тамақты екі таяқпен шұқып жеуі басталады.

 

Киелі ағаш құлады,

Мизам Баба жылады.

Кəрі ағашқа тіл бітіп,

Мизам Баба қуанды, – деп Айырқалпақ Айдаһар Бидің айту себебі осы.

 

            Бесіктің бел ағашын ана бұлақ десе, екі қапталымен бала жататын бөлігі киелі бастау саналған. Қазақ бесікті кез – келген ағаштан істемеген.

Оны тобылғы ағашынан жасаған. Ұсталар сауда үшін емес, сауап үшін істеген.

Ежелден бесікті саудаламаған, саулаламайды да.

Ұста айтқан бағаға алады. Ұстада қанағаттан аспау керек, қымбат баға айтпайды.

 

... – Қазақ дəулет пен байлықтан бұрын ұрпақты биік қойған халық....!!!!

          Сондықтан, оның жаны таза, мейірімді болып өсуін ойлаған.

Бесік жарамай қалып жатса, оны отқа жағуға болмайды, жарамсыз болып жатқан күнде оны басқа нəрсеге пайдалануға болмайды.

Ол күнə.

Өйткені, ол сəбидің алғашқы құтханасы. Оны өмір бойы аялау əр пенденің парызы.

Жарамсыз болса, жерге көміп тастауға болады. Сынған бесікті жөндеген ұстаға, Ата-баба аруағы риза болып, Тәңірім жарылқап, Қыдыр баба ақ жолын ашады....!!!!

 

.... - Ашамайлының бесігінде тербелгендер,

Арыстандай топтың алдында тұрады,

Жолбарыстай жол тосады, – деген Шыңғысхан кезінде.

 

            Сəби дүниеге келгенде, кім қалай көтерсе, бала соған ұқсайды.

Сондықтан, нəрестені анасы алғаш оң бұлағынан бастап емізу керек.

Рухты, жігерлі болу баланың бесігінен басталады.

Аш адам қомағайлықпен жат əрекет көрсеткенімен, ол қарны тойған соң , бастапқы қалпына барады.

Ал, қарны тоқ адам надандық танытса , ол тоқырау орны толмас өкініш.

 

....- Адамзаттың рухани рухты тәрбиелі баласы халқының жалғауы, елінің тілеуін тілеп тұрады әрқашанда....!!!!

 

...- Бала бағуға Қазақтан шебер халық бар ма екен...???!!!!

Кім болса да, өз перзентін əлдилеп өсірер,

Ал Қазақтай мейірімнің шуағымен тербету екі ұлттың бірінде жолыға берер ме екен...???!!!!

 

... – Ақ əжелер ақ тілегіне шомылдырып , сəби жылдың жүзіне қадам басып , былдырлап сөйлей бастағаннан аузына қойдың құйрығын үзіп салып:

 

– Иə, Жаратушы ием Тәңірім...!!!!

Жұмсағыма жарқын ғұмыр бер. Ата-анасының алдында қойдай момын болсын. Көгенге үйі толсын.

Аш болса да, пейілі тоқ болып өссін,- деп артынан қойдың сүтінен ұрттатады....!!!!

 

... – Əжесі немересін етегіне салып , айналып-толғанып, еркелетіп аузына қымыз тигізіп:

– Уа, Тəңірім, немеремді жылқыдай жүйрік ете көр...!!!!

 

... – Желке жүні күжірейіп, аузына сөз сала көр....!!!!

Қандай алапат дəуір келсе де, тұяғын тайдыра көрме, – деп тілеп , енді дастарханнан түйенің қымыранын алып , немересінің аузына апарып:

.... – Балақайымды Ойсылқарадай төзімді ете көр ,

Шөлді көрсе шөкпесін ,  

Жұтты көрсе де, елден безіп көшпесін, – деп тілейді....!!!!

 

.... – Сосын əжесі ешкінің сүтін беріп:

– Төрт түлікке бастаушы,

Топан су келе жатса да,

Жолды сол бастайды....!!!!

.... – Өсімді де, ерке жануар.

Елдің еркесі, серкесі бол,

өсіп өн, қарағым, – деп соңынан баланың иығына қасқыр ішік жауып:

– Жауыңа жеткізбе,

Тістессе тісіңде қалсын, – деп əжесі немересінің маңдайынан сүйеді.

 

.... – "Ұлыны мойындау,

Ұлының ұшқыр ойының ұшқынын білу,

Ұлы болам деген ұланның қасиеті.

Ұлылыққа жетелейтін бабалар өсиеті.

Ұшқан балапанның қанатын қағу, жыланның қасиеті, – деп Əбу Нəсір Əл-Фараби текті бабамыз айтқан.

 

Ақпантай Əлиасқарұлы Байғұт,

Асан Тұрабаев.

Жолдығазы Додаұлы, ғаламтордағы жазба

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер