«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Тәңірші, ислам болып. . . бөлініп жатқан қазаққа
Тәңірші, ислам болып. . . бөлініп жатқан қазаққа
Дайындаған: 1 апта бұрын

"Әу!" демеске болмады.

Немесе, ҚМДБ-да екі жол тұр.

 

          Алғашқы бір клеткалы тіршілік қалай пайда болды деген сұраққа осы күнге дейін ешқандай ғылым жауап бере алған жоқ. Бәрі тек болжамдар ғана айта алады.

          Осы сұраққа жауап табылған күні, Құдайға сену-сенбеу мәселесіне нүкте қойылады.

          Әзірге сенім мәселесінде "қызылкеңірдек" болып қырылудың қажеті жоқ.

 

          Тек дәстүріңнен айрылмай, ұлт болып сақталып қалуыңды ойла. Ал, сол ұлттығыңа қауіп төндіретін кез-келген ағымдардан өзіңді аулақ ұста.

 

Діннің тірегі шариғат емес – түсінік (ақида).   

          Өз басым Матуриди ақидасын ғана мойындаймын. Өйткені, сенің салт- дәстүріңе ешқандай зианы жоқ. Уахабилік, сәләфилік, Хизбут, Ахмадия т.т барлығы салт-дәстүріңді жоққа шығаратын идеологиясына шақырады. Мен осылардың барлығында болып шыққан адаммын. Мені бұлардан бөліп шығарған "құдірет" --- кітап! Кітәпсіз білім жинап түсінік қалыптастыру мүмкін емес. Ал, қазіргі адасып жүргендердің ешқайсысында кітәп жоқ. Бар болсада бірен-саран. Оныда оқымайды. Тек уағыз тыңдауға құштар.

 

Уағыз дегеніміз не?

 

          Уағыз дегеніміз біреуге бір нәрсені уағыздау. (Үгіттеу деген мағынада қолдансада болады). Яғыни, сенің әуелгі кітапсыз салт-дәстүрді ескермей белгісіз бір түсінік қалыптастырып қойған болсаң, сол түсінігіңді сол әуелгі "бағытыңмен" жетелеп кете береді. Сондықтан, әуелгі сенің міндетің құманмен бұтыңды жуу емес, сенімің жайлы түсінігіңді қалыптастыруың керек.

 

         Қазақстандағы бүгінгі өріс алып бара жатқан "дінге қарсылық үрдісіне", қазіргі "тек шариғатпен" қаруланған уағыз айтқыштар қауқарсыз. Олардың "тозақпен қорқыту арқылы" жамағатты ұстап тұрамыз деген стратегиялары, өзінің актуалдылығын жоғалтты. Тозақтан "Қорқа-қорқа батыр болдық" дегеннің кері болып тұр.

 

Енді, қайтпек керек?

 

          Досай ағам айтқандай, "Дінді мешіттен шығару керек". Ол үшін "Асыл арна" ТВ-нен күні-түні құранның аяттарының үзінділерін тарата беруді тоқтатып, сол арнадан Матуриди түсінігін салт-дәстүрмен ұштастырып түсіндіру жұмыстарымен айналысу керек. Егерде, ол арна бұған қарсы болса, онда жабу керек ол арнаны.

         Теолог ғалымдармен жұмыс жасау керек, Шариғатшылармен емес.

Қазақты қазақ қылып сақтап қалған шариғат емес. Керісінше, салт-дәстүр мен тілің. Осылармен дінді ұштастыра білген түсінігің.

 

Мен түсінбейтін бір сұрақ бар.

 

          Неге, ҚМДБ бас муфтиі қайта-қайта ауыса береді?

Бас муфтидің бірәз жылда білімі түгесіліп қаладыма? Не болмаса түсінігі өзгеріп кетедіме?

         Әлде, бір топтың ықпалымен екінші топтың адамын "ығыстыру" процестеріме?

Бір адамға еліміздегі діндегі жауапкершілік жүктелгенсоң, өзінен білімді адамды тәрбиелеп шығарып, халыққа бағыт беру миссиясын қолына алғанша неге жалғастыра бермейді?      

         Он екі министірдің ауысқандығының салдарынан, білім саласының тоқырауға ұшырағандығы сияқты, қайта-қайта Бас муфтиді ауыстыра бергендігініңде салдары бар деп ойлаймын.

        Қорыта айтсам: "Діннің мақсаты Құдайдың құлы қылума? Әлде, салт-дәстірмен ұштастырып мейірімділікке баулума?" деген сұрақтарға ҚМДБ жауап беріп алғандары дұрыс болар.

 

Дәл қазір біздің елде ислам дінінің екі жолы тұр.

 

1) Қоғамға сіңісе алмай ысырылып қалады. 2) Қоғаммен біте қайнаса алады.

Құлдық түсінікті қазақтың мұрнынан май қылып құйсаңда сіңіре алмайсың.

ҚМДБ бұл жолды ұстанса дінді тоқырауға ұшырататыны айқын көрініп келе жатыр.

Дәл солай біреуді жақсы көру қабілетінен, мейірімділік, бауырмалдық қасиетіненде ешкім айыра алмайды.

         Тағы бір ескеретін жайт. Қазақ ешқашан ханның өзіне алдымен кірсе де, артымен шығып көрмеген.

Таңдау ҚМДБ-да.                 

 

 Төртуыл Шоқан баурымның постына пікір қалдырамын деп, постқа лайық қылып жазып жіберіппін. Сондықтан, арнайы пост етіп жариялап отырмын.

 

P.S Жеке басқа өтпей, ойын мәдениеттен аспай жеткізе алмайтындарыңыз айналып өтеберіңіздер.

 

 

Рүстем Ашетаев,   ғаламтордағы жазба

 

 

 

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер