«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Келін...
Келін...
Дайындаған: 4 апта бұрын

       Осы тақырыпқа жазуды көптен ойланып жүретінмін. Бүгін сәті келген секілді.Сіздермеен ойларымды бөлісіп көрейін.                          .
       Келін - деген сөз, Кел - Ен деген екі сөздің қосындысы секілді. Кейбір ата, әжелеріміз әлі күнге дейін «Келен» - деп шақырып жатады. Кел ен. Осы келгеен жеріңе сіңіп, еніп кірісіп кет,- дегенді білдіреді.Тастай батып,судай сің, - еп тұрған секілді. Бұрын келін келіп табылдырық аттағаннан бастап тәрбиеге мән берілетін. Кәзір оған мән бермейтін болдық. Бізге қазір шоу керек. Тойды шулатып, шашылып, төгіліп пәленшенің тойы керемет болды. Келіннің тойға киген көйлегі пәлен мың доллар тұрады екен, гулянкеге пәлен лимузин жалдапты,- деген дақпырт үшін келін аламыз. Мен үш келін алдым. Үшеуінде де, мен, әйелім, балам, келін төртеуміз мешітке барып Ата -бабамыздың аруғына арнап құран оқытып дұға жасаттық. Мешітке нашар отбасына берерсіздер деп ақша тастап кеттік. Ал гулянка дегеннің неге қажет екенін? - мен әлі күнге дейін түсінбеймін. Алланың жолында немесе бақытты болулары үшін пайдасы болса? Келін алып жатқандар "Мен келін демеймін, қызым деймін," - деп бөседі.                                                                   .
 – Уа ағайын оның статусы келін. Қызымнан кем көрмеймін де.
       Сондайлар ұзамай әлгі қызын жамандай бастайды. Мен ылғый айтамын.   –    Өз балаңның еркелігін өмір бойы көтересін. Келгеніне бір ай болмай жатып бөтен елде өскен, басқаша тәрбие көрген, біреудің перзентін қалай жамандай бастайсың?  Тәрбиеле.

      Осы орайда осындай ойлардан пайда болған мақалымды жаза кетейін: "Құрлыстың мықты болуы шегеден, Келіннің жақсы болу болмауы енеден." Ол байғұс қыз бізді бақытты етемін, ұрпағыңды көбейтемін ,- деп келді. Сен оны көкірегінен итересің. Келіннің тәрбиешісі енесі. Ене деген сөз Е..не? -деген сөзден пайда болған. Келінді жұмсақ ұстасаң болмайтынын білген бұрынғы енелер. Осы күні құдағи жүзік дегенді бір біріне тойдың үстінде салып жатады. Дұрыс емес. Келін түскен жеріне әбден сіңіп балалы болып,сол елдің адамы екенін мойындаған кезде Құдағиы келіннің анасына арнайы Құдағи білезік,  немесе сырға әкеліп салатын болған. Қыз - келін сол жол қашан жасалынады деп күтіп жүрген. Жаман әдетін көрсетпей барынша енесіне жағуға тырысқан. Құдағи жүзік келген қыздың анасы мақтанып, марқайып жүретін болған. Сол ауылдың адамдары Пәленшенің құдағиы құдағи жүзік әкеліпті.- деп масаттана айтатын болған. Міне, қызы құдағи жүзік барғанша өз үйіне бармаған. Кәзір бір апта өтпей жатып үйіне шауып барады. Сонымен апта сайын бара беретін болады.                                            .
       Сонан соң келген келінді сол үйге сатып алынған күңіндей көретіндер бар. Келін байғұс үлгере алмай жатқанын көріп тұрсада күйеуі, атасы, енесі қайындары, қайын сіңлілері отырады. Және ұрсатынын қайтерсің. Менің әкем намазын оқып болған соң самаурын қоя салатын. Самаурынға отын тарашалай салатын. Ол кісінің көп айтатын мәтелі "Атаңның ұлы бол, Отбасыңның құлы бол.

       Қыздарыма, "Ертең сенде келін боласың, басыңа келеді, жеңгеңнің қасында жүріп көмектес."- деп отырамын. Көп жағдайда келіннің теріс пиғылда болуына əке шешесі кінәлі. "Тар құрсағыма сыйған балам, кең үйіме сияды." "Тесік моншақ жерде қалмайды". "Тағы бір бай табылар," деп анасы айта берген жерде, қызы күн ара үйіне барады да тұрады.

      Бір құдалықта қыздың әкесі: "Еті сіздердікі, сүйегі біздікі," - деп салды. Мен. "Қыздарыңызды уақытша беріп отырсыздар ма?"- дегенім де, төбелес шығып кете жаздады. Ол сөзді баланы молдаға бергенде айтқан, ұрыңыз соғыңыз майып болмаса болды, сауатын ашып беріңіз деген оймен. Айта берсе әңгіме көп.

      Ұрпағымызды өсірейін, осы үйге мәңгі еніп кетемін, - деп келген, бала - келін, сосын ана келін , кейін дана келін болатын келіндерімізді құрметтейік. Мен үш келін алып, он немере тәрбиелеп отырған ата ретінде айтамын.

Сіздерге де айтатын ой қалсын. Айтыңыздар.

Өмір – Ғажап,  ғаламтордағы жазба

 

Aqsaqaldar.kz

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер