«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Сіз не дейсіз ?...
Сіз не дейсіз ?...
Дайындаған: 1 ай бұрын

       Қазақта отбасы - адам баласының алтын діңгегі дейді. Өйткені адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен отбасында өсіп, асқар тау әкенің өсиеті мен ананың ақ сүті ізгі тәрбиесінен нәр алып, ер жетіп тәрбиеленеді. Сондықтанда отбасы дейтін адамзаттың аса қажетті әрі қасиетті Алтын мектебін, отбасында берілген дұрыс тәрбиенің орнын ешнәрсе толтыра алмайтындығын білеміз.

       Қәзіргі қазақ қоғамында қандай үрдістер орын алуда, өз отбасымызда балаларымызға қандай тәрбие беріп жүрміз осыған бір ой жіберіп көрейікші. Ағайын, Адамдар-ау, біз осы қайда кетіп барамыз?

Бір-бірімізге деген мейрімділіктен ада болып, иманнан алыстап, аш қасқырша жанталасуымызға жол болсын. Елге төнген қауіпті дерт короновируспен алысып жатқан билік өкіліне, Президентке неге осы ақыл айтқышпыз. Биліктегі лауазымды тұлға ауысып басқа орынға кеткенде сәуегейлік болжау жасап, білгішсініп ақыл айтуға бойымыз үйренгені сонша тисе терекке, тимесе бұтаққа деп именбестен ауыз өзімдікіге сайып, бірді бірге соғып ғайбаттай береміз.

      Отбасындағы әке мен шешенің, аға мен апаның аузынан шыққан әрбір сөз өмірге қанат қаққан жасөспірімге қалай әсер етеді? Оған бас қатырып ойланып жатқан адам жоқ. Балалар - біздің өмірдегі айнамыз. Үлкендерден көргенін айна қатесіз қайталайды. Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін шеше жанұя мектебінің ұстаздары болып не тәрбие көрсетеді?

      «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген қағида отбасының - болашақ ұрпақтың бойында рухани құндылықтар қалыптастыратын мектеп екеніне әлдеқашан көзімізді жеткізген жоқпа. Адамды қиыншылыққа төзіп, тәрбиелі ететін мектептің біріде бірегейі осы-еңбек. Өсіріп отырған балаларымызды бүкіл ел болып қоғамдағы өз орындарын жаңылмай табатындай еңбекке бейімдеп, адал еңбек ету өмірдің өзгермейтін талабы екеніне көздерін жеткізуіміз керек.

      Бүгінде еңбек өмірді, қоғамды ұстап тұрған негізгі тұтқа болып саналады. Еңбек еткен адам оның өнбегінде көреді. «Бейнет түбі – зейнет» екені халық нақылдарында көп айтылады. Демек, ата-бабаларымыз салып кеткен еңбек деген дара жол өз қасиетін әлі күнге жойған жоқ. Ел басына күн туып, қауіпті індет белең алған шақта да дүрлігу мен шудан арыла алмай жүрген жандар қаншама осы ортамызда отыр.

     Қазіргі таңда төтенше жағдайға байланысты жұмыссыз қалғандарға, көмекке мұқтаж жандарға мемлекеттен 42500 теңге бөлініп, қолдау көрсетіліп жатыр. Халықтың жағдайы қазан аузы жоғары деп шапқылап жүрген билік өкілдерінің назарынан тыс қалып жатқан жоқ. Ендеше біз неге өңештен өткен өзімдікі деп ашкөздікке салынып, ақырзаман орнатамыз. Пейілімізді жөндейік. Жағдай тұрақталып, өмір қалпына түскенде бір сәт тәубеге келіп, қолдағы бардың қадірін білуіміз керектігі айтпаса да түсінікті емес пе?

     Халқымыз: «Жауынмен жер көгерер, еңбекпен ер көгерер»- деп еңбек етуден аза бойы қаза болып қашатын еріншектер мен ездерді өнбей жатып өлетін, жанбай жатып өшетін өнімсіздерге сабақ болсын деп өрнекті ой түйген.

 

      Сөз соңында айтарым, «Еңбекпен тапқан нан тәтті болады»-деген ұстанымды берік ұстаған дамыған елдерге барып, өмір көріп, бейтаныс елдің тіршілігіне етене араласып, азаңғы сағат 5-тен тұрып, қара кешке дейін жұмыс істеуге дағдыланған ел аралаған қарапайым сыншы қазақ баласының жан айқайын бірге тамашалайықшы.

       Мүмкін санамызға ой салар?! «Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды» деген аталы сөзді естен шығармайық. «Нан жоқ, ашпыз» деп Әкімдіктің алдында ереуілдетіп жүрген аналар мен үйде диван бастық боп, өзіне де өзгеге де қадірі жоқ серілерге азда болса ой салар деген үміттемін.

 

Астыға пікірлеріңізді білдіріп, ғаламтордағы жазбада отырыңыздар!

 

Сіз не дейсіз ???

 

Талғат Мұсаев,  ғаламтордағы жазба

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер