«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Бізге бабалар мінезі керек!
Бізге бабалар мінезі керек!
Дайындаған: 6 ай бұрын

        Биліктің саясаты бұзық. Солай болғандықтан да оған қарсы шыққан, келіспейтін пікір білдіргендердің бәрі де қыспаққа ұшырады. Ешқайсысын аямады. Тіпті, Президенттің айналасында саясатын бірге бастағандардың өзін жолынан тайдырды. Жұмбақ жағдайда көз жұмғандар қаншама. Ататындарын – аттырды, қақтыратындарын – қақтырды... Ең ауырларының бірі – Дулат Ағаділдің аянышты өлімі. Ашынып, халықтың ақтық сөзін айтқаны үшін қинады. Қинаған – қазақтар. Үстінде формасы барлар...                      .
       Осыдан екі ғасыр бұрын қазақ жерінде түрме болмайтын. Қазір не көп – түрме көп. Ең ақыры аудандық ішкі істер бөлімінде де қамап, қинайтын орындар бар. Солар аздай, осыдан жыл бұрын Семейде «показательный» түрме салуды ауызға алған. Арада көп қасірет араласып, ел бүгінде оны ұмытқандай...
       Бұл билік мызғымай тұрса, қазағымыздың көретін қасіреті таусылмайды. Міне, осындай қасіретті жағдайға тараздық Роза Ақашқызы Бұқарбаева да қарсы үн қатып еді. Бұл туралы мен бесінші әңгімемде жаздым. Алда үшінші соты болады, сол түйін қояды деп едім. Дәл солай болды. Кеше Атырау қалалық сотында судья Уйгулова шешім шығарды. Шешімі әдеттегідей болды. Бұл телефон арқылы, Нұр-Сұлтан қаласымен алдын-ала келісіліп жасалатын процесс еді. Естуімше, бір сағатқа жетер-жетпес уақытта іс бітіпті.
«Істі жүргізген судья ештеңенің байыбына бармады. Тіпті, оны қажет деп те ойламаған сыңайлы. «Домбырам не дейді, мен не деймін» дегеннің кері болды. Роза Бұқарбаеваның өтініші қанағаттандырылмады», – деп хабарласты оған қатысқан бір азамат.                                                   .
       Айтуынша, Роза ашынып сөз айтыпты. «Мен басқадай шешім күткен жоқ едім. Уйгулова ханым менің ісімді оқымаған да. Соның бәрі ап-анық көрініп тұрды. Осы спектакльдеріне рахмет! Прокурор саған да разымын, судья саған тіпті разымын. Аман болыңдар...» – депті.                                         .
      Роза Атыраудағы УГ 157/11-дегі биліктің кесімді мерзімін одан ары жалғастырады. Әрине, намазға жығылған, аузында Алласы бар 65-тегі әженің осылай отырғаны аянышты...                                   .
     – Маған қолдау білдірген бәріңізге разымын. 37-нің ойраны да өтті ғой. Мынау да соның бірі. Назарбаев дәуіріндегі қуғын-сүргіннің уақыты да таяған секілді. Әлі-ақ күн шығады. Адалдығынан айнымай, қиянатқа қадам баспай, өзіммен бірге жазықсыз қамалған қазақ қыздарына апа болып отырғанша отырармын... – дейді ол.                                      .
     Иә, Роза, сенің осындай өр мінезіңе тәнтіміз. Бұлттан кейін күн шығады. Ол үшін қуалайтын жел керек. Халықтың бүгінгі бастан кешіп отырған қасірет-қайғысы осылай дегізеді.                          .
Ағайындар, аман болайық! Өзіміз үшін емес, әлі түк көрмеген, болашағы бұлдыр балаларымыздың ертеңін ойлайық. «Жатқанға жан жуымайды». Бабаларымыздың күрескерлік мінезі керек бізге...                           .
Біз – жау емеспіз. Қазақ елінің тірегі де, жүрегі де – біз, халықпыз. Обырлар кетеді. Сол кезде оған менің де үлесім болды ғой деу үшін мінез көрсетейік!

 

Талғат Айтбай,  ғаламтордағы жазба

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер