«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Тоқал тамдағы жарты . . сағаттық тәрбие
Тоқал тамдағы жарты . . сағаттық тәрбие
Дайындаған: 4 ай бұрын

Бір күні ауылдық жерде тұратын бір жолдас жігітімнің үйіне бардым. Кәдімгі қазақ ауыл, тоқал там, еврожөндеудің жұрнағы да жоқ тапал үй. Төбесін қамыспен жауып үстіне күл шығарып тастаған, жел алмасқа етегіне той құйып тастаған, қысқасы шатырсыз үй. Саман тас, ауасы таза. Кеңшілікте кең көсіліп өскен Ізбасар көп балалы жанұядан еді. «Ұяда не көрсе ұшқанда соны ілесің» дегендей, енді өзі де жапырағын жайып 7 балалалы болған. Үйге кірсем Құдайым бере түссін, өзінің жетеуі, апа-қарындастарының жиендері, аға-інілерінің балдары, қысқасы көрші-көлем, ағайын-тумалардікін қоспағанда 20 шақты сәби балалар үйдің ала-шаңын аспанға көтеріп астан-кестен ат-топанын шығарып жатыр екен. Мен балабақшаға кіріп кеткеннен саумын ба? «Балалы үй – базар» деп атам қазақ текке айтқан ба? Біреуі құлап жатыр, екіншісі жылап жатыр, үшіншісі бұтына дамбал кимеймін деп, төртіншісі гәршөкке симеймін деп зыр-зыр қашады. Біреуі сандықтың үстіне мініп алған: «Былай тұрыңдар, ұшам» дейді, енді біреуі айранға тойып алған, ішін ұстап: «Тышам» дейді. Біреуі түкірігі мен мұрын боғы ауыз айналасына қатып қалған, көзі былшық-былшық ұйқыдан жаңа тұрып жатыр, енді біреуі «бокс» деп келесісін ұрып жатыр. Көп балалы маймылдың мөлтпиліміне ұқсас көрініс. Қысқасы қызықтың бәрі осында. Қолында таспиығы бар кейуана қарт әжеміз төрде раххаттанып жатыр. Үстіне құрақ көрпе жауып алған. Оған немере-шөбере, шөпшек, жиен-жиеншарларының біреуі басына мініп, екіншісі бөтекесін езіп үстінен секіріп жүргендері титтей де әсер етпейді. Мәз. Шамасы кезінде үлкендерден: «Өркенің өссін, тұқымың жайылсын, жапырағың жайылсын, көсегең көгеріп, кемең өрге тартсын» деген сияқты батасын көп алған-ау деймін. «Баласыз үй – қу мазар» дегендей, әйтеуір Жылқыбектің қарындасының үйінен мың артық! Жылқыбектің жалғыз жиенін осында қосып қою керек екен деп ойладым. Біреулері арқаларын қасып қышынып жатыр, біреулері «ашшамайкүм» деп қолдарын ұсынып жатыр. Ізбасар балабақшаның бастығы құсап: «Тәйт, шуламаңдар, ауылға Ыбырай Алтынсарин ұстаз келіп жатыр, сіздерге осы тоқал тамның ішінде кішкене дәріс береді» деп басып қалды, әзілдеп. (Менің иегімнің астындағы кішкене қарайған сақалға қарап әзілдеген болуы керек шамасы). Бәрі тосырқап аң-таң күйде тұрып қалды. Мен де Ізбасардың әзілін іліп әкеттім. Ыбырай атамыз құсап қолымның басын бешпенттің төсіне қыстырып, бір Аллаға сиынып, кел, балалар оқылықты түгел айтып шықтым. Сосын: «Кім не біледі қане, ортаға салыңдар» - дедім. Манағы комсомол жастар бригадасының пішеншілері құсап қауырт жұмыс жасап жатқандар түгел отыра қалды. Ізбасардың 4 жасар Әсемай деген жиені суырылып алға шықты. Мен ыстешок айтып берейінші. Ал айта ғой.

«Мышка косолапый, по лесу идет, 
Шишку собирает, песенку поет. 
Вдруг упала шишка, прямо в мишку в лоб, 
Рассердился мишка, и ногами топ. 
Я больше не буду, шишки собирать, 
Сяду на машину и уеду спать» - деді.

Бәрі қол шапалақтап жатыр. Бұл қазақ ауылға, бұл қазақтың сәбилерінің саналарына мына орысша тақпақ қалай ғана жолын тауып кіріп кете қойған. Кәдімгідей мишка косолапый дегенде тырнағының сояу екенін, орманда келе жатырғанын, жаңғақты теріп жүргенін және қонжықтың маңдайына тигенін, қонжықтың ренжіп аяғымен жер тепкілегенін, т.с.с. өлең мәтініндегі нәрселердің бәрін айна-қатесіз ишара-амалмен тура дайындалған актер құсап шебер көрсетіп берді. Кәдімгі орыстікіндей пысықтық. Дұрыс тәрбие берсе жанайын деп тұрған бала. Сосын мен оларға: «Балалар сендер қазақсыңдар, сендер мұсылмансыңдар, біздің Қазақстанда тұратын қазақтар және де өзге ұлттар ең әуелі қазақ тілінде таза сөйлеу керек. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың "мемлекеттік тіл біздің өз ана тіліміз қазақ тілі дегенін ұмытпаңдар» - дедім. Сосын мен оларға ол тақпақ негізінде былай еді ғой:

«Жезтырнақты аю, орманда келед, 
Әуендетіп жүріп, жаңғақты теред. 
Кенет үзілген жаңғақ, тиді маңдайға, 
Таяқ жеген қонжық, қапа болмай ма? 
Жер тепкілеп аяқпен, ренжіді көкем, 
Енді жаңғақ термеймін, бұл жерде нетем? 
Көлігіме мінем де, ұйықтауға кетем» - дедім.

Шыбынның ұшқаны білінетіндей тоқал там сілтідей тынды. Сәбилер ауыздарының суы құрып аң-таң. Бәрі де мәз болды. «Миию, күшті дә қазақшасы». Маған үйретіңізші деп бәрі қайта айтып беруімді өтінді. Бала деген бауыр етіміз емес пе, мен әсерлі етіп және қайталап айтып бердім. Ізбасардың өзі аузын ашып тыңдап қалыпты. Мына ертек кітапты базардан алып берген мен еді, қазақшасы да бар ма еді? Жапондар 5 жасқа дейін балаларына өзге тілдің бір әрпін де көрсетпей тәрбиелейді екен. 5 жастан кейін бұлардың балаларын, ана-тілдерін ешқашанда өзге ұлт, өзге тілдер сындыра алмайды екен. Қайран кейінгі ұрпақтарым! «Жалғыздың үні, жаяудың шаңы шықпайды» дегендей қолдан келер қайран жоқ! Ал кейінгі ұрпақты ойлайтын жоғарыдағы лауазым иелері ағылшын, орыс, қытай тілін білмесеңдер жарық жоқ деп бөседі. Қысқасы қазқтың тағдырын ойлап отырған ешкім жоқ! Әй, біз мына түрімізбен болашақта ел болар ма екенбіз? Ізбасарға "Бала тәрбиелеу өзімізге байланысты. Бала деген - жас шыбық! Қайда бұрсаң солай иіледі. Ұрпағымызды теріс иіп ертеңгі күні қап ұрмайық" дедім!

 

Тұрар Шапқарағаламтордағы жазба

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер