«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Біртұтас Қазақстан және Тәшенов
Біртұтас Қазақстан және Тәшенов
Дайындаған: 4 ай бұрын

«Егер, қазақ біреудің алдында борыштар болса, ол алдымен                                   Ж.А.Тәшеневтің алдында борыштар»
Қазақ КСР КПОК-нің бұрынғы 
1-ші хатшысы И.Юсупов

(Жалғасы)
Мұхтар Шаханов жас кезінде Шыментте бір газеттің корректоры болып жүргенінде шешесі екеуі үйсіз болғандықтан, бір сарттың жаздық үйін жалдап тұрып жатады. Төлеген Айбергеновтің айтуымен үй сұрап Тәшеневке барса, 20 шақты адам қабылдауына кезек күтіп отырады. Барлығын бірақ шақырып, қолдарына арыз жазатын қағаз, қалам бергізіп, мәселелерін тыңдайды. Үй сұрап келген соғыс ардагеріне 3 айда қоныс тойын тойлайсыз, дегенінде қария жылап жіберіпті. Жақсының шарапаты тиіп Мұхтар ағамыз да үй алады. Тәшенев облысты билеген Об Ком-да емес, Атқару комитетінің үй шаруашылығына қатысы жоқ сауда, мәдениет, медицина саласы бойынша орынбасар болса да осындай қарымды істерді шешіп жіберетін себебі – облыс басшылары күрмеуі қиын аса шиеленісті мәселелерді қызметтік міндетіне қатысы болмаса да осы кісінің көмегімен шешіп отырған.
Леңгір ауданында 2 совхоздың арасында рушылдықтың кесірінен жер дауы өршіп, облыс басшылары шеше алмай, жылға созылғанда Жұмекеңді жібергенде дауды 1 сағатқа жеткізбей шешіп тастайды. Түркістанға мақта кептіруге 500 тонна көмір келмей, т.б. шаруалары шешілмей жатқан күздің күнінде Тәшеневті тексеруге жібереді. Жыланды үш кессе де кесірткелік деген рас сөз ғой. Қарағанды облысының басшыларына телефонмен 500 тонна көмірдің үстіне тағы 500 тонна қосып 1000 тонна көмірді тездетіп жіберіңдер деп тапсырады. Ұзамай көмір де келіп түседі. Байланыс құралы жоқ, орталықтан 60 шақырымда жатқан Төрткүл ауылына 2 күнде телефон тартқызып берген. Төбе астында топырақпен көміліп жатқан шығыс моншасын қалыпқа келтіртіп, осы аудандағы Шүйтөбе учаскесіндегі емдік қасиеті бар су көзінің жанынан заманауи емдеу профилакториясын тездетіп салдыртты.
Түркістанның өзіндік ерекшелігі болып табылатын Тайқазанды да Санкт-Петербордан алдыруға белсене ат салысқаны шындық. Бір замандарда еліміздің Астанасы болған, жақсылары мен жайсаңдарының мүрдесі жатқан Түркістан қаласының мәдени, әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуына әр жылдары бұдан да басқа көптеген көмектер көрсетті. Оңтүстіктің елінің шексіз ықылас-пейіліне бөленгенін осы өңірдің ақыны Қаныбек Мейірбеков:
«Қазақтың жұлдызындай көгіндегі,


Ардақты ақсақалы төріндегі.


Қайраткер қамал бұзған батырындай,


Ардақты азаматы ең ілгері.


Қорғадың қасиетті халықтың арын,


Сол еді бар іңкәрлік ынтызарың.


Халқым деп көкірегің қарс айрылды,


Аузыңнан «Ах!» дегенде шықты жалын», – 

деп жеткізсе Омарбай Малқаров:


«Қастерлеп кім сыйламас Жұмабекті,


Ол бір жан туа салған ер келбетті.


Дауылда шыңға қонар қыран қабақ,


Дұшпанға жібермейтін бірде кекті.


Жұмабек жез таңдайлы, ойлы шешен,


Тамсантқан жиындарда қалың көпті.


Ерлігін, білгіштігін елі білер,


Демейді ақ жауындай өтті кетті» – 

деген өлең жолдарымен елдің және өз сүйіспеншілігін білдірді.


Орыс жазушысы Шекспир: «Ұлылардың ұлы-лығы өзінен төменгілермен қарым-қатынасынан білінеді» дегеніндей халқының мұңы мен мұқтажын терең түсініп, құрмет көрсеткеніне қарап Жұмекеңнің нағыз ұлы тұлға екеніне көз жеткіземіз. Табиғатынан таза Жұмекең алдына келген халықтың еш біреуін алаламай: «Қал жағдайың қалай? Бала-шағаң аман ба? Қысылып жүрген жоқсың ба? Қалтаңда ақшаң бар ма?» деп жақынындай жан тартқан.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесін басқарып тұрғанда кісі қолынан қаза тапқан ұлының мәйітін еліне әкетуге қаржысы болмаған Ақтөбе облысының тұрғыны басқалардан көмек болмаған соң, алдына барғанда Ж.Тәшенев ақсақалға алдымен дұрыс амандасып, көңіл айтып, ақсақалды, оның туыстарын, баласының мәйітін қызметтік ұшағымен үйіне жеткіздіріп салған. Үкімет басқарып тұрғанында соғыстан алған жарақатына байланысты жұмысынан босатып тастаған ауыл мұғалімі шағымданбаған жері қалмай, ақыры қабылдауына келеді. Орын тағынан тұрып, аса кішіпейілдікпен Жұмабек жағдайын сұрап, біледі. Қолма қол білім министрін шақырып алып, жұмыстан заңсыз босатылғанын анықтап, бос жүрген айларының еңбек ақысын толық төлететін қылып, қайта жұмысына кіргізеді әрі 6 айға емделуге шипа-жайға жолдама бергізеді. Жұмекеңнің осындай қайырым, шапағатын көргендер мыңдап саналады.                                                 .
Бірде Тәшеневтің ұшағын Ақмоладан Бурабайға Хрущевтің жанындағы ғалым көмекшісі Щевшенко рұқсатыз пайдаланып кетеді. Отаршыл саясатты үдете түскен шовинистерге керісінше істейтін Жұмабек рация арқылы оны орта жолдан қайтарып, алдына шақырып алып: «Қазақ жеріне келгенде ел мен жұртты басынбай, аяқтарыңды тартып басыңдар!» деп қатаң ескертеді. Щевченко кешірім сұрайды.                              .
Осының алдында жер біздікі деп өздеріне билік бермейтін Тәшенев келгенін ести сала, Мәскеуге шағым айтуға тұра қашқан Тың өлкесінің басшысында Қостанайдың үстінен Ақмолаға қайтарып алған. 1955 жылдары КСРО Жоғарғы Кеңесінің Төралқа Төрағасы К.Е.Ворошиловтың міндетін 1,5 айдан үш рет атқарған Тәшеневке украин ғалымын атуға кескен, Ворошилов келіскен үкімге қол қоюға әкелгенде, «көзім жетпей қол қоймаймын», деп түрмеге барып, ғалыммен сөйлесіп, жазықсыз екендігіне көзі жеткен соң босаттырады. Қандай істе болсын әділдікті жақтайтын Тәшеневті өзге ұлттардың да жаны таза азаматтары қолдап отырған. КСРО-ның соңғы басшысы М.Горбачевке кейіннен бәсекелес болған Ф.Т.Моргун кітабында ащы су ішіп отырған тың игерушілерге Арменияға бір қоңырау шалып, су тартатын құрал алдырып бергенін ризашылықпен жазған.
Д.А.Қонаевтың көп жыл көмекшісі болған Яков Белоусовта «Қазақстан Магниткасын» іске қосудағы Тәшеневтің ерекше ұйымдастырушылық қабілеті мен сіңірген еңбектерін, Одақ басшылары алдындағы асқан беделін, қауырт қимыл мен нақты істің адамы екендігін айта келе, басшылық қызметтен оны ерте алып тастағанына өкініш білдіреді. Зейнеткер шағында Ақмола-Қараөткел аймағындағы ел-жұртын аралап, үйіне қайтуға әуе жайға келсе, ұшақ тосып Қазақ КСР КП ОК-нің II- хатшысы Коркиннің жанында 11 министр тұрады. Ұлты орыс ұзын бойлы, денелі энергетика министрі Иванов Жұмекеңді көре сала құшақтаса амандасады. Оны көрген басқалары да жаппай сәлем береді. Осындай қасиеттерін білетін Бауыржан Момышұлы: «Бұл Жұмабек қызметім кетсе де, қадірім кетпесін деген нағыз азамат қой!» деп әр кез риза болып отырған.                                               .
Солтүстік – теріскей алты облысты Ресейге қостырмаймын деп, басын бәйгеге тігіп, Генсектің Бас хатшысымен айқасқанда Қазақ КСР КПОК-нің ауыл шаруашылық жөніндегі хатшысы әрі Министрлер Кеңесі Төрағасының орынбасары Г.А.Мельниктің қолдағаны, Мақталы аудандарды Өзбекстанға қостырмаймын деп арпалысқанда Молчановтың, Қазақ КСР КП ОК хатшысы Борковтың қазақтарды ашық жақтауы, Шымкентте жүргенде КСРО КП ОК-нің хатшысы Титов қатысқан Алматыдағы үлкен жиында Шымкент облысының басшысы Ливенцовтың Тәшеневтің ерекше қабілетін бағалап, қолдап, Хрущевті кінәлай сөйлегенін, қазақ мемлекетінің біртұтастығы үшін күрескен жандарды қолдаған осындай тұлғаларды еліміздегі түрлі диаспора өкілдеріне үлгі-өнеге қылып, насихаттай алсақ, әр түрлі тектерге бөлінбей, мемлекеттік санадан шығатын ұлттық бірегейлікке бастайтын жол болмақ.
2008 жылы Алматыдағы Д.А.Қонаевтың мұражайында болғанымда сондағы жасы егде тартқан ғылыми қызметкер: «Жастар, сендер Тәшеневтің «Жұмабек» деп атын айтпаңдар. Жиналыстарда қара шашы толқынданып, көздерінен ұшқын атып, оттай жанып тұратын, ұлттық рухы ерекше тұлға болатын. Сендер тұрмақ көзін көрген мына біздер Жұмабек демей «Жұмекең» дейміз. Сендер де солай құрметпен атаңдар» деп еді.                                     .
«Жер болса ел болады, ел болса ер болады» деген Н.Назарбаев 5 жыл бұрын күзде дихандарға алғыс хат жолдағанда: «Биыл республика бойынша 21 млн. тонна астық жиналса, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстары 16 млн. тонна шамасында астық жинады» дегенін бәріміз білеміз. Жер бетіндегі егістіктің 90-95 пайызын жұмсақ бидай сорттары екені белгілі.. Кеңес өкіметі кезінде алып державаны астықпен асыраған біздің еліміздің бидайының негізгі ерекшелігі – қазақ астығы қосылмаса нан пісіруге жарамайтын Ресей астығындай емес, ақ уызы жоғары, қамырлылығы да (клейковина), протеині де көп, өте сапалы қатты бидай.                                          .
Тың игеруді әлеуметтік-экономикалық, саяси шындықтың негізінде алып қарастырсақ, оның рөлі республика экономикасы үшін өте зор. Бұл жоба дүние жүзіне жоғары технологиялық астық сату үшін алғы шарт болды. Қыры – мал, ойы – өнім егіс, асты толған кен, қазба байлық, жиырма Бельгия мемлекеті сиятын ата қоныс Арқаны, бәрінен бұрын қазақтың небір марғасқаларын тудырған тектік қорын бір оқ атқызбай, жалғыз өзі қорғап қалған Жұмабек Тәшеневтің өршіл рухы мен жарқын бейнесі көзін көргендердің жүректерінен терең орын алса да, ресми түрде тарихи-саяси бағасы күні бүгін берілген жоқ.
Жат елдің ежелгі құлдар көтерілісінің көсемі Спартакты он күн оқытатын біздің тарих мемлекеттік-патриоттық идеологияның жоқтығынан Жұмабек Тәшеневтің атын да жазбағандықтан, небір оқымыстылар мен жоғарғы биліктегі шенеуніктеріміздің көпшілігі ұлт қаһарманының теңдессіз ерліктері тұрмақ, оның кім екенін де біле бермейді. Кешіктірмей мектеп оқулықтарының, жоғары оқу орындарының бағдарламаларына өмірі мен қызметін толық кіргізіп, мемлекеттік басқару академиясындағы болашақ шенеуніктерге «Тәшенев тағылымы» міндетті түрде оқытылуы керек. Осылай етсек, ала-құлалыққа бет бұрған жастарымыз елінің, жерінің өткенін сезініп, ерлікке, өрлікке толы тарихынан нәр алып патриоттық, отаншылдық рухта тәрбиеленері хақ.                                      .
Оңтүстік Қазақстан өңірінде Тәшеневпен қызметтес болған жазушы Әбжаппар Жылқышиев «Шындық пен сұмдық» кітабында Жұмекеңе естелігімен мәңгілік, ғажайып ескерткіш соғыпты: «Жұмекең ғұлама адам еді. Ел тарихы, өнер мен мәдениет, саясат пен экономика, мәдени құрылыс – осылардың бәрі туралы ең кем дегенде әр саланың ғылым кандидаттарындай мағлұматы болатын. Денесі тұтас еді. Сырт бейнесі батырларға ұқсайтын, қырғи қабақ кісі болатын. Қой көздері тікелей қарағанда кімді болса да жасқандырып тастайтын. Сөйлеген сөзінің анықтығы мен нық айтылуынан бойында қажымас қайрат, жасымас жігер бары айқын сезіліп тұрушы еді. Содан да оған қарсы сөз айтуға көп ешкімнің батылы жетпейтін.                         .
Жұмекеңнің елге, жерге сіңірген еңбектері туралы айтыла қалса: «Уақыт деген алып бар, тарих деген шежіре бар. Осы екеуі әркімді өз орын-орнына қояды» – деп өзі туралы айтуды ұнатпайтын. Мақтаншақтар мен татымсыздарды жаратпай, ондайлардан іргесін аулақ салатын». Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан: «Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт келешекте басына қандай күн туатындығын да білмейді» – деп тегіннен-тегін айтпаған.
Сондықтан, әрбір ісі аңыздар мен дастандарға бергісіз асыл еріміздің тарихи-саяси бағасын бергізіп, Тәшеневтің ерлікке толы асқақ рухын жастарымыздың жүректеріне сіңіріп, «болмаса да ұқсап бағуға» баулу ұлт тарихын зерттеуші зиялыларымыздың қасиетті борышы һәм міндеті болмақ. Жаман айтпай жақсы жоқ. Халық даналығында тарих қайталанады деген сөз бар.
1989 жылы КСРО-ның соңғы басшысы М.С.Горбачев Солтүстік облыстарды «өндірістік аймақ құрамыз» деп Ресейге қосуға қаулы дайындаса, су ішкен құдығына түкірген есуас Жириновскийдің сандырағына құлақ аспасақ та, Ресей «Даму орталығының» бас экономисі Валерий Мироновтың: «Дегенмен біз өзімізге тағы екі облыс қосып алар едік. Жай облыстар емес, өте қызықты әрі пайдалы облыстар. Қазақстан бұл – қосымша мұнай-газ провинциясы. Онда астық егетін сахара даласы бар» деп зымиян саясаттарын жасырмай жайып салған. «Мемлекет қылу – құдайдан, сақтап қалу – халықтан» екенін әрбір қазақ шын жүректен ұғынып, ұлан-ғайыр жер берген, айрандай ұйытып ұлт қылған мырза Құдайға сыйынып, ұлттығымыздың басты белгісі баба тіліміз бен мемлекетімдің тұғыры қасиетті жерімізді, экономикалық та, саяси да пайдасы жоқ түрлі одақтардың арам пиғылынан сақтап қалудың қамын шындап ойлап, қарекет қылар шақ тағы да ел басына туғанын аңғарамыз. Алаш арыстары Әлихан, Смағұл, Отыншы, Ережеп, Ахметтердей, олардың істерін жалғыз өзі атқарған Жұмабектей келер ұрпақтарға тарихи, саяси ауыр жүктер қалдырмау дәстүрін орнықтырып, осындай қасиетті дәстүрді сөзбен емес іспен көрсетуге біздің қазіргі буын жауапты әрі тарихи міндетті! Тәуелсіздік алған елдерде отарсыздандыру саясаты көрші әрі бауырлас ел өзбекстандағыдай өту міндетті болса да, біздің еліміз де бұл саясат мүлдем солғын, тіпті жүргізілмеді десе де болады. Отарсыздандыру саясатының негізгі бір түрі – ел үшін, жер үшін күрескен осындай арыстан жүректі ерлердің өмір жолдарын кеңінен насихаттау болып табылады.


Бабаларымыз «Орыс ойына келгенін істейді» десе, орыстардың өзі: «Ойладың – орындадың» дейді. Ендеше, Құдай да сақтанғанды сақтайды. Рухты ел – мықты ел екендігі әмбеге аян. Сондықтан, бірінші кезекте мемлекет тірегі болатын халқымыздың ұлттық рухын абыройлы тарихымен суара отырып көтерейік. Қытай ойшылы атанса да, кейбір тарихи деректерде түрік текті халықтан шыққан дейтін Куңфуд-зының: «Аталарын еске алса, өлгендерін құрметтесе халықтың қасиеті қалпына түседі» деп айтқанында үлкен ғибрат жатыр.
Ұлтымызды арман-мұратына жеткізуге бағытталған үгіт-насихатты мемлекеттік идеология деп атасақ, ғасырда бір туар қаhарман тұлғаның елі мен жеріне сіңірген осы еңбектері мен ерліктері мемлекеттік-патриоттық идеологияның құрғақ сөз емес, өмірде болған нақты үлгісі мен айғағы. Белгілі себептермен барынша ұлықталмай, лайықты насихатталмай жатқандықтан көпшілікке белгісіз болып тұрған ұлтымыздың Ұлы тұлғасы Тәшеневтің біреу білетін, біреу білмейтін өмір жолдарын жастарымыз білсін деп әдейі баса жаздым. Білетіндер болса артықтық етпес, білгішсіді деп мені айыпқа бұйырмас деп ойладым. Қазақтың ұлттық рухының асқар шыңы, қайнар бұлағы болатын ұлы тұлға Жұмабекті рухтас қалың қазағымыз шамамыз жеткенінше насихаттап, барынша ұлықтайық.


Алаш арысы Мағжан Жұмабаев «арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қанатты» – Жұмабектей інілеріне көрегендікпен сенім артса, біздер де бүгінгі жалын жүрек жастарымыздың Жұмекеңнен үлгі алып, ұқсап бағатындарына толық сенеміз!

(Соңы)

Ертіс Нұрқасым,  Республикалұрқасымық «Жұмабек жолы» журналының редакторы

Адырна  ұлттық порталы

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер