«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Менің ойымша, ұлттық идея - ол . өзіңді өзің тану.
Менің ойымша, ұлттық идея - ол . өзіңді өзің тану.
Дайындаған: 3 апта бұрын

Әлеуметтік желінің беттерін парақтай қалсаң болды бітпейтін дау-дамай, айтыс-тартыстардың үнемі үстінен түсесің. Сондайда осы біздің қазақта неліктен ауызбіршілік жоқ деген ойға қаласың.

"Бас-басыңа би болған өңкей қиқым.
Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын?
Өздігінен түзелер дей алмаймын,
Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың"-деп Абай атамыз заманында бекер зарламаған екен.
Ол кезде бас еркі жоқ, өз тізгінін өзі ұстамаған халық болдық. Соның салдарынан басқыншы ұлт "сексеуіл әдісімен" қазақты бір-біріне айдап салып барынша ыдыратты.
Қазір тәуелсіз елміз дейміз...Бірақ, "Баяғы жартас, сол жартас...????

Қарама-қайшылықтардың өзара күресі әлем дамуының қозғаушы күші және негізгі заңдылығы екенін диалектика ғылымынан білеміз.
Демек, дау-дамай, айтыс-тартыс барша адамзат баласына тән заңды құбылыс. Шындықтың шыңы - ақиқаттың айтыс барысында анықталатыны да рас. Бірақ, бізде орынсыз, керексіз айқай-шу, көпірме көбік сөз көбірек. Меніңше, бұған қазақ кінәлі емес. Жалпы жұртты бір тұтастыққа бейімдейтін, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, өскелең ұрпақтың бойына сіңіретін елімізде мемлекеттік идеология жоқ. Ортақ ұстаным, айқын бағыт болмаған соң осылай болуы заңдылық.

Енді, қандай жағдайда біз айрандай ұйыған, береке-бірлігі бекем ұлт бола аламыз?
Кез келген адамның алдына қойған өмірлік мақсаты болатыны тәрізді. Ұлттың да ұлы мұраты болуы керек. Ол ұлттық идея. Жалпы ұлттық идея дегеніміз не? Менің ойымша, ұлттық идея - ол өзіңді өзің тану. Өзіңді тарихың, тілің, әдебиетің, салт-дәстүрің, әдет-ғұрпың, төл мәдениетің арқылы танисың және өзіңді өзгеге осы ерекшеліктерің арқылы таныстыра аласың.
Идея болмаған жерде идеология да болмайды.
Ұлтты ұйыстыратын, қоғамдық сананы қалыптастыратын құдіретті құралы, яғни идеологиясы жоқ елдің өмір сүру формуласы, болашаққа деген бағыт-бағдары, қандайда бір ортақ құндылықтары да болмайды.
Сондықтан да, ұлттық идеяны алға шығармайынша толық қанды заманның талабына лайық біртұтас ұлт бола алмаймыз. Осы қалпымызда қала берсек, онда болашағымыз бұлынғыр болмақ. Қазіргі кезде, өкінішке орай, тобырға айналып тоз-тоз болудың аз-ақ алдында тұрмыз.
Бұдан шығатын қортынды, мемлекетіміз өзінің императивтік, яғни міндеттеу құзіретін ұтымды пайдалана отырып, идеология құралы арқылы ұлттық иммунитетті барынша күшейтуі керек.

 

Мұқтарбек Тұрысбекұлы, ғаламтордағы жазба

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер