«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Қазақта ұлттық иммунитет бар ма? Бар болса, қытай инвестициясынан . неге қауыптенеді?
Қазақта ұлттық иммунитет бар ма? Бар болса, қытай инвестициясынан . неге қауыптенеді?
Дайындаған: 1 апта бұрын

Қазіргі кезде біз жаһанданудың әсерінен болып жатқан ақпараттық тасқынның астында қалдық. Бұндай ішінде тасы да, лайы да, кір-қоқысы да бар асау ағынға, тек тамыры тереңге бойлаған бәйтеректер ғана төтеп бере алады. Шөп-шалаң, қурай-бұтаны түбірімен қоса қопара жұлып әкетіп құрдымына құйып жоқ қылады.                                                      .
Талай ғасырлық тарихына үңілген, сол арқылы мәдениетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын игерген, тілін, дінін ардақтайтын, яғни өзінің ұлттық бейнесін тани алған халық - БӘЙТЕРЕК. Бәйтеректей бекем, өзінің төл дүниетанымымен өмір сүретін, ата-баба жолымен жүретін жұрт, басқа ұлттардың алдында                                          .
асқақ басын аласартуды намыс көреді. Демек, ұлттық ИММУНИТЕТ дегеніміз - ол ұлттық НАМЫС! Басқалардың ықпалына, ырқына көнбей өз ерекшелігін сақтауға деген ҰЛТТЫҢ ҚОРҒАНЫС ҚАБІЛЕТІ!                                                    .
Осыған орай айтпақшы ойым:                       .
Қазақтың рухани иммунитетін жоюға бағытталған орыстың отаршылдық идеологиясының қатерлі вирусы біздің халықтың етінен өтіп сүйегіне дейін бойлай сіңіпті. Рухымыздың жаншылғаны соншалық, орыстан тәуелсіздік алғанымызға отыз жыл толса да, әлгі күнге отарлық санадан арыла алмай келеміз.
Қазіргі алаш баласының рухани ахуалының аяныштылығының айқын бір көрінісі, көзін ашқаннан тәуелсіз елде өскен жастарымыз өзара бір-бірімен орысша сөйлесуді жетістік көруі. Рухымыз жаңғырмағандықтан осы күнде басқалармен салыстырғанда санымыз артса да, сапамыз ақсап өз жер, өз елімізде тіліміз бен ділімізді сақтап қалуымыз мұңға айналып барады.
Мұның бәрі тәуелсіздік алғаннан кейін деколонизация, декоммунизация секілді санаға сілкініс жасайтын пәрменді шараларды қолға алмауымыздан және де осы уақытқа дейін әлеуетті елдердің тарапынан азаматтарымыздың санасына жасалып жатқан мәдени, ақпараттық шабуылдарға тосқауыл қоймауымыздан болып отыр. Нәтижесінде, халқымыз кешегі кеңестік интернационалистік саясаттың салдарынан орын алған космополиттік көзқарастың шеңберінен шыға алмай одан сайын мәңгүрттенуде.
Бұндайда, ел болып еңсемізді тіктеп үлгермеген біз үшін ең қауіпті дұшпан - сыртқы жау емес! Ең қатерлі дұшпан ол - біздің санамыздың солқылдақтығы, яғни уланған жан дүниеміз, өзімізді өзіміз менсінбеушілігіміз. Осындай олқылықтарымыздың орнын толтыра алмай жатқанымызда, ел келешегіне алаңдаған азат саналысы онсызда аз қазаққа, тағы да бір алып көршіміз - қытайды құшақ жайып, көтеріңкі көңіл-күймен қарсы ал деудің қаншалықты қисыны бар?                                                       .
Онсызда зорға жүргенімізде, жығылғанға жұдырық болып экономикамызға салған инвестициясын желеу етіп шұбыра жететін шүршіттерге кім бөгет бола алады?
Жемқор шенділеріміз тұрғанда олардың жерімізге сыналай кіріп, сыпыра жаулап алмасына кім кепілдік бере алады?                                 .
Бетін әрі қылсын, бірақ та сондай атты күн туып жатса, бүгін орыс болуға арланбаған қазақ, ертең қытай болудан қорлана ма?
Осы уақытқа дейін бізде жұртымызды бір тұтастыққа бейімдейтін, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, өскелең ұрпақтың бойына сіңіретін елімізде мемлекеттік идеология жоқ. Ортақ ұстаным, айқын бағыты болмаған ел осал болмағанда қайтеді.                                            .
Өз үйімізде өзімізді қожайын сезінбегендіктен, одыраңдаған орыс пен шіренген шүршітке шаңырақты көрсетіп қабақ шытып сес көрсете де алмаспыз.
Біріккен Араб Әмірліктерінің халқының сексен пайызын басқа елден келген келімсектер құрайды. Жергілікті арабтар оларды шаруаға жегіп, тек жұмыс күші ретінде ғана пайдаланады! Олар біз сияқты өз көлеңкесінен өзі қорып, айдың-күннің аманында күн жаумай су болып қалтырап-дірілдеп отыратын халық емес . Оның себебі, біз секілді санасы уланған сапасыз, опасызы көп осал жұрт емес. Керісінше, ұлттық рухпен мейлінше сусындаған қылықты қыздары мен рухты ұлдарының қатары қалың, қорғаныс қабілеттеріне, яғни ұлттық иммуниттеріне нық сенімді халық.                               .
Ұлттық идеологияның ықпалымен қалыптасқан ұлттық иммунитеттің әсерінен намысы мықты, ғылымы мен білімі озық он миллионға толмайтын азғантай ғана-Еврей елі. Айналасындағы өздерінен анғұрлым көп ұзын саны жарты миллиардқа жуықтайтын жиырмадан астам елден тұратын араб жұртын желкелеп, жеңімпаз болып отыр.                                     .
Ұлттық рухтың асқақтығының арқасында бір миллионға толмайтын шешен халқы, біз секілді қағаз жүзінде емес, іс жүзінде орыс аюынан азат болып өз жерінде ғана емес Ресейдің өзге өңірлерінде де алшаң басып, алаңсыз жүр.
Демек, мәселе санда емес- сапада. Бір бомбамен бірнеше елді жермен жексен етіп жайратып салатын жойқын қару заманында жаудан жасқануға болмайды. Қолға қалқан мен найза алып қорғанатын қара күштің заман өткен. Білекті бірді, білімді мыңды жығатын заманға жеткенбіз.

Жазбамды ақпарат қауіпсіздігнен бастаған соң ойымды мына бір саясаткердің тағлым аларлық тәлімді сөзімен тәмәмдайын.                        .
1970-73 жылдары Аугусто Пиночеттің әскери төңкерісіне дейін Чили президенті болған Сальвадора Альенда айтыпты-мыс, "Мен армияның қолдауынан айырылғаныма біраз уақыт болып еді, бірақ ел басқаруда оның теріс әсерін байқамаған едім. Ал ақпарат құралдарының қолдауынан айырылғаным кеше ғана еді, міне бүгін биліктен аластатылдым" -деп. Сөз арқылы жасалынатын үгіт-насихаттың құдіретті нәтижесі деген осы.

Осыған орай айтпағым, сын сағатта сыртқы дұшпанға жығып беретін, іштен шығатын жауы жоқ, ұлттық иммунитеті күшті, азат саналы саңылақ ұлт болсақ империалистердің экономикалық инвестициясының саяси салдары тұрмақ, тікелей әскери интервенциясынан да қаймықпас едік.

Отар елден Отанды ел мәртебесіне оңай жеткен жоқпыз!
Сондықтан, айналамызда айдаһар, аю секілді алыптар анталап тұрғанда санаға сақ болайық, Ағайын!

 

Мұқтарбек Тұрысбекұлығаламтордағы жазба

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер