Аты жөні | Статус | Лауазымы | Э-почта | Телефон |
Алдамжаров Ғазиз | Қоғам қайраткері, саясаткер | Алқа төрағасы | ||
Дүйсембі Болат | Қоғам қайраткері, ақын, публицист | Алқа төрағасының орынбасары | ||
Қойшыбаев Бейбіт | Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы | Алқа төрағасының орынбасары | ||
Бәкірұлы Әбдірашит | Қоғам қайраткері, философ-публицист | Алқа мүшесі | ||
Аңсатов Сәдуақас | Саясаттанушы | Алқа мүшесі | ||
Шаяхмет Ақылбек | Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі | Алқа мүшесі | ||
Арман Қани | Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері | Алқа мүшесі |
![]() |
(USD) | //-// | ![]() |
(EUR) | //-// |
![]() |
(RUB) | //-// | ![]() |
(CNY) | //-// |
САЙТТЫҢ РЕДАКЦИЯЛЫҚ АЛҚАСЫ
![]() |
|
Шәкәрім сынаған Еуропа
Дайындаған: 2 жыл бұрын
![]()
Әр бір ел өзінің тамыры тереңде жатқан тарихына үңілсе қазіргі жеткен жетістіктерінің астарында қаншама сыр жатқандығын көрері сөзсіз. Қазақ елі бүгін де өзге елдермен терезесін тең ұстап келе жатқан жайы бар. Дегенмен, осы деңгейге өз күшімізбен жеттік пе? Біз көтерген зілдің салмағы қандай? . Дәл осындай жағдайға өз кезінің куәгері Шәкәрім Құдайбердіұлы Еуропа халқының сол кездегі білімділігін былайша көрсетеді:
Көрiнер ғылымды елдiң сырты таза, Руханият дегеніміз не? Ол біздің салт-дәстүрімізді, тілімізді, діліміз бен дінімізді біріктіріп отырған мәдениетіміз. Өз мәдениетіңді сыртқа итеріп, өзге елдің мәдениетіне ұмтылу-әуелі Алланың жаратылысына қарсы шығу, екіншіден ұлтқа жасалған қастандық деп білуіміз керек. Себебі, Алла тағала Хұжрат сүресінің 13-аятында: «Сондай-ақ бір-біріңді тануларың үшін, сендерді жеке ұлт, ру қылдық. Шынында, Алланың қасында ең ардақтыларың – тақуаларың» деп әр елдің өзіне сай тәртіп-тәрбиесі болатынын көрсетеді. [1, 571 б.]. Адамның табиғаты сол, елдер өзара білім алмасқанымен рухани құндылықтарды алмаса алмайды. Осыны меңзеген Шәкәрім Құдайбердіұлы өлең жалғасында:
Сол естi елде киiм бар «мода» деген‚ Міне, бүгінгі қазағымыздың қаракөздерін жоғарыдағы өлең жолдарымен салыстырып көріңіз. Елде қаншама білекті ер болсын, әлемді тербететін болашақ аналар бұзылса ол білектер ел қорғауға қалқан бола алмайды. Өйткені, ел қорғау келешекті ойлаудан бастау алады демекші, ондай аналардан ер емес, ез тумауына кім кепіл?! Осылай бейқам жүргенімізде атын жазуға жиіркенішті Шырын Нарчаева дегеннің сұмдығын да көзіміз көрді. Болымсыз істерде арыстандай ақырығымызды естіртіп, болымды істерде шымшық құрлы дыбысымыздың шықпағаны ма? Мынадай құндылығымызды аяқ асты етіп жатқанда «ескінің киімі ғой» деп отырсақ, бір күні басқасы келіп киіз үйіңнің үлгісімен әжетхана жасап, туыңмен сүртінбейтініне кім кепіл? Тағы да өзімізді ақтағандай, «оның ұлты қазақ емес екен» деген хабарды тараттық. Алпауыттай патша өкіметі тұрған уақытта жасқанбастан бабамыз Міржақып Дулатұлы:
«Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,
Біреу мылтығын кезеп, елдің қаны, жердің шаңы шықпаса да бүгінгі қазақ ұлтының алдында одан да жаман болған руханиятын, абыройын жоғалту қаупі тұрғанын аңғартады.
Ел басына күн туып, етікпенен су кешетін заман келсе атойлап атқа қонатын азаматтар қазақта қай заманда да аз болмаған. Қазір де ондай азаматтар жетерлік. Өйткені, бөрінің артынан бөлтірік ақылды болғанынан ермейді. Арсыз қолым істеді, арлы бетім ұялдымен ештеме өнбейді. Сондықтан, мұндай нәрсені көрсетер екен, көрер жазасы да болуы керек. Сондай-ақ, бүгінгі күні маңызды болған мәселенің бірі ғаламторлық ақпарат соғысы. Осы мәселеде мейлінше сақ болғанымыз жөн. Ол сорақылар әлдегідей видеороликтердің тарауы арқылы пұл жинайтын көрінеді. Сол себепті ел игілігін ойлаған әрбіріміз ондай ақпараттарды тарату мен көруден сақтансақ оларға жасаған тиымдарымыз сол болмақ. . Айдос Бердібеков ҚазҰПУ «Құқық және тарих» институтының магистранты qazaquni.kz
ТАҚЫРЫП БОЙЫНША СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
|
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
![]()
Соңғы пікірлер
|