«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
«Ақсақалдар» сайтының тұжырымдамасы
«Ақсақалдар» сайтының тұжырымдамасы
Дайындаған: 3 жыл бұрын
  Сайттың мақсаты мен міндеттері:
 
            1.Қазақстан Ата Заңы бар тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіздікті көздің қарашығындай қорғау – Қазақстан мемлекетінің әрбір азаматының міндеті және парызы.  Мемлекет тәуелсіздігін сақтау мен қазақ халқының  тарихи қалыптасқан бай рухани құндылықтарын игере отырып, әлемдік өркениеттің тиімді жетістіктерін пайдалану негізінде халқымыздың ұлттық жаңғыруын іске асыруға үлес қосу, қазақ жерінде тұрып жатқан барша азаматтардың қасиетті борышы болып саналады. Мемлекетіміздің тәуелсіз  «Мәңгілік ел» болуының темірқазығы – Қазақ халқының ұлттық миссиясының басты мақсатының бірі келешек ұрпақтың білімді, білікті ғылым мен техника  жетістіктерін меңгерген, рухы биік, сезімтал, ұлттық намысты қорғауда жігерлі, өз елінің тағдыры үшін жанын аямайтын патриот болып қалыптасуын жүзеге асыру екені аян. Осы мақсаттың орындалуына  өмірлік тәжірибесі мол, білімді, ары таза, жұрт арасында беделді, өз халқының рухани құндылықтарынан сусындаған Ел ішіндегі Ақсақалдардың берері бар екені белгілі.
 
2.Қазақ жерінде тәуелсіз ұлттық мемлекетің шаңырағын көтеруі, халқымыздың асыл қазынасы рухани құндылықтары негізінде қоғамдағы силасымдықты, ел бірлігін сақтаудағы парасаттылықты, жастарды тәуелсіз қазақ мемлекетінің болашақ иесі ретінде қалыптасуана ықпал ететін жаңа ұстанымдардың пайда болуына және оның дамуына зор мүмкіншілік туғызып отыр.  Осындай кезеңдерде өмір тәжірибесі мол, айтар сөзі таусылмаған, даналыққа бет бұрған Ақсақалдардың қоғамға тигізер пайдасы мол болатынын ескеру қажет. Алайда, әзірге, мемлекет және қоғам тарапынан осы қажеттілікті бір жүйеге түсіру және «ақсақалдық институтын» ұлттық тәрбиенің тиімді тетігінің біріне айналдыру шаралары жеткілікті қолға алынбай келеді.  Сондықтан, «Ақсақалдар сайтын» ашу − осы олқылықтың орнын толтыруға, яғни, өз елінің болашағын қорғау үшін халқымыздың бар ынта , жігерін осы мақсат төңірегінде парасатпен ұйысуға ықпал ету. Елімізде ұлттық тәрбие мәселелерін дамыту, мемлекетшілдік пен патриоттықты мансұқтайтын, ары таза, рухы биік, жоғары деңгейдегі азаматтық ұғым қалыптастыруға қолдау көрсету болып табылады.
 
3.Халқымыздың бірлігіне зиян әкелетін мәселе, ол қоғамда орын алып отырған сырттан келетін түрлі діни ағымдар және тарихи қалыптасқан ұлттық менталитетімізге қайшы саяси ұғымдар мен «мәдени» үлгілерді тықпалау  Соның бірі, мемлекет пен қоғамның бақылау аясынан тыс қалған дін, соның ішінде − қазақ елінің табиғатына жат діни бағыттар − қоғамдағы ахуалды күрделі жағдайға әкеліп отыр. Міне, осы  кемшіліктерге, қазақтың ақсақалдары мен зиялылары келешекте белсенділікпен бірігіп тосқауыл қою жолдарын іздеуге ат салысуы қажет. 
 
4.Мемлекетқұрушы қазақ ұлтының да біртектілікке байланысты ішкі  мәселелері туындап отырғаны белгілі.  «Бізде ұлттық мінез бар ма?» «Бар болса, ол неден көрінеді?», «Қазақ жұртының ұйысуына кедергі болатын қандай ыдыратушы себептер бар?», «Оны болдырмаудың қандай жолдары болуы мүмкін?», «Ол үшін бүгінгі ұрпақ не істеуі керек?», «Ұлттық біртектілікті қалай қалыптастырамыз?», Ақсақалдар сайты осы сұрақты үнемі қаперге алатын болады.
 
5.Неге осы уақытқа дейін ұлттық идея негізінде экономикалық, әлеуметтік, мәдени, ағарту, жастарға тәрбие беру салаларының  мемлекеттік идеологиясы қалыптаспай отыр? Оның себебі,  ұлтты біріктіретін, өз ерешелігі бар ұлттық идея негізінде «ұлттық мінездің» пайда болмауында жатыр. Бүгінгі күн жастарымыз небір ділімізге жат ақпараттар ағынына тап болуда. Соның  нәтижесінде, өсіп жатқан ұрпақтың жадына «ұлттық» сананы сіңдіруден гөрі халықтың рухани байлығын шайатын ұғымдар көптеп насихатталып енгізу басым. «Қазақстан мемлекеті» және «қазақ ұлты» деген ұғымдар біріктіргенімен – көптеген  жастарды ақпарат алаңындағы «ойындар» қазақ болу жолынан тайдырып отырғаны  алаңдатады. Бұл мәселе мемлекетімізді даму жолында келеңсіз жағдайларға әкеліп, қазақ ұлтының әлжуаздыққа душар болуы мүмкін. Ақсақалдар, осы мәселелердің шешу жолдарын табуға дарынды жастарды тартып және оларға  үнемі көмек көрсетіп, қолдап отыруы қажет.
 
6.Біздің мемлекетіміздің келешегі халқымыздың парасаттылықпен ұйысып өзіне тән береке, бірлігін, бауырмалдығы мен бабадан қалған қайсарлығын сақтай білуіне байланысты. Елімізде тұрып жатқан басқа жұрт өкілдері қазақ халқының іс – қимылынан өнеге алып құрмет тұтатын деңгейге жету қажет. Ол мақсатқа жетуге апаратын жол: жастарды білімділікке, біліктілікке, ғылым мен жаңа технологияны ыждаһаттылықпен меңгеру мен қатар жігерлік пен парасаттылыққа, төзімділікке әкелетін Ұлттық тәрбиені қалыптастыру болады  . Ол үшін біз халқымыздың рухани құндылықтары мен менталитеті ерекшелігін әлемдік өркениеттің тиімді жетістіктерімен ұштастыратын ұлттық идея негізінде мемлекуеттің қуатын арттырып нығайтатын жолда тер төгуіміз керек.
 
7.Еліміздегі ұрпақ тәрбиесіндегі бірізділікті қалыптастыру, яғни аға буын, орта буын мен жастардың рухани жалғастығын сақтау мен дамытуын іске асыруға Ақсақалдар сайты мұрындық бола алады.Бұл мәселе де біздің қоғамның назарынан тыс қалып отыр. Қазіргі кезеңде «Жұртқа силы, жастарға өнеге болатын, Қария қандай болуы керек?» деген сұрақтың туындап отырғаны белгілі. Осы мәселені де  ұлттық мүддеге лайықтап, арнайы сайттар арқылы қоғамға көмек қолын созу − қазіргі заманның міндеті. Бұл жауапкершілікті мойынға алу − бүгінгі зиялы қауымның парызы!  Ақсақалдар сайты зиялы ойды адамға қарай бұрып, қоғамды жұмылдырып, болшақта мемлекетшілдікті уағаздайтын ортақ қоғамдық ұғым қалыптастыруға қызмет етеді. Сонда ғана, бүгінгі ұрпақ ғасырлар бойы арман болған ата-баба аманатын  жүзеге асыра алады.
 
8.Ұлтты шыңдау мен тәрбиелеудің жолы дұрыс болса − ұлттың өзіне деген сенімділігі нығаяды. Ұлтта «мен» деген өршіл-накмысшыл мінез қалыптасады. Сонымен бірге «әр қазақ жалғызым» деген бірлік ұстанымы күшейе түседі. Өйткені, келбеті бар халық қана болашағына сенімді бола алады! Біздің басты мақсатымыз осы.
 
9.Ақсақалдар сайтының жұмысы, құрылтайшылардың өзара тең құқылы келісімдеріне сүйене отырып, Қазақстан Республикасынаң Ата Заңы мен заң, заңнамаларына сәйкес ұжымдық негізде жүргізіледі. Ақсақалдар сайтының жұмысына қандай да бір қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың ықпалын жүргізуге жол берілмейді. Сайттың мақсаты халықтың мүддесін қорғайтын мемлекетшілдікті қолдау.
 
 
Редакция алқасы
 
 
 
 
 
ТАҚЫРЫП БОЙЫНША СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
3 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
  • Жомарт Ақтау [77.240.42.59] 2017-03-10 15:28:46
    Сайт жақсы екен, ұзағынан болсын. Материал жіберіп тұруға тырысам
  • проф. Совет-Хан Ғаббасұл [95.56.75.112] 2017-01-19 20:26:53
    Бауырым Болат мынадай сайыт ашқаныңа ризамын... АЛЛА - аброй - бақыт - ғұмыр - берсін !!.. Бүгін , 19. 01. 2017 жылы кешкі сағат 18.30- да өзің айтқаннан кейін-ақ ашып таныстым. Ақ жол тілеп... Іске сәт !!!..
  • Марат Бәйділдәұлы Тоқашба [188.0.136.130] 2016-11-11 18:39:33
    Бөке! Сайтыңызды қарап шықтым.Өте ұнады.Ең алдымен сайттың құрылымы сәтті екендігін айту керек.Екінші, сайттың жоғары мазмұны.Ішінде тың деректер, тосын ойлар, келелі тұжырымдар бар.Өз басым баяғыда Өскеменде төрт қазақ жігітін бауыздап кеткендерді әлі күнге чешендер деп ойлайтынмын.Оқыс қанды оқиғаға чешендердің қатысы жоқтығын, ол орыс қарақшыларыңың қолымен жасалғандығын енді біліп отырмын.Бөке, жасыңыздан күрескер едіңіз." Ақсақалдық " жоба сол күрескерліктің жалғасы екен.Кейбіреулер сияқты үйде отырып құры күңкілдемей осындай нақты шаруамен айналысқаныңыз ұнайды.Рахмет! Іске сәт! Құрметпен, Марат Бәйділдәұлы Тоқашев Республикалық қоғамдық-саяси "Президент және Халық" газетінің Бас директоры, Қазақстан Педагогикалық Ғылым академиясының академигі, профессор.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер