«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Қазақ-Қырғыз Құрылтай Мәжілісі
Қазақ-Қырғыз Құрылтай Мәжілісі
Дайындаған: 1 ай бұрын

      «Жаңа Өмір» (Yiñi Hayat) деген атпен Қашқар қаласында шығып тұрған бұл газетте Шыңжаңдағы Қазақ тарихына қатысты деректер кездеседі. Бұның бір нұсқасын сіздерге ұсынбақшымын.

Мингоның 25-жылы 14-қыркүйектегі яғни 1936-жылдың 14-қыркүйектегі (184) 8-санында Шыңжаң Қазақтары туралы мынадай хабар басылған:

"Үрімжіде Қазақ-Қырғыз Құрылтай Мәжілісі Ашылып 16 Күнде Тамам Болды"

      Мақалада осы оқиғалар өрбиді. Тарихи деректерде бұл құрылтай 1935-жылы тұңғыш мәжілісін ашқан. Мәжіліске Алтай, Тарбағатай, Іле және бұрынғы Үрімжі аймағына қарасты 12 ауданнан сосын Қашқар уалаятындағы Қырғыздармен қосылып ұзын ырғасы 300 дей делегат қатысқан. Құрлытай қарары өлкелік үкімет губернаторы Шың Шысайдың саясаты бойынша Қазақ-Қарғыз Мәдени, Ағарту Ұйшымасын жариялайды. Ұйшымаға Сейітқазы Нұртаев төраға болады. Сол жылдың күзінде Әбеу Құддыш бастатқан делегация Сейітқазы Нұртаевпен бірге Құлжада кіші құрылтай ашып, Құлжада "Іле Аймақтық Қазақ-Қырғыз Мәдени, Ағарту Ұйшымасын" құрады. Бұл ұйымның төрағасы Мақсұт Сасанов, орынбасары Жабықпай Бұлғыншы болады. Іленің қазақ байларын аттанысқа келтіріп 3000 қойға Құлжаның ең сәулетті қызыл ғимыратын сатып алып, оны Қазақ-Қырғыз ұйымының аймақтағы бас штабына айналдырады. Сейітқазы бастаған Өлкелік Қазақ-Қырғыз Ұйымының делегациясы сол жылдың күзінде Шәуешекте және Алтай қаласында арт-артынан кіші құрылтай ашып аймақтық ұйымның төрағаларын сайлайды. Шәуешектегі "Тарбағатай Аймақтық Қазақ-Қырғыз Ұйшымасының" төрағасы Мұқаметқали Көксегенұлы болады. Сарсүмбе қаласындағы "Алтай Аймақтық Қазақ-Қырғыз Ұйшымасының" төрағасы Мәнкей Мәмиұлы болды. Бұл оқиғалар Шыңжаңдағы Қазақ тарихының ең елеулі, жаңа тарихи кезеңінің ең бетбұрыс мезгілі еді. Өлкелік Қазақ-Қарғыз Ұйшымасының төрағалары деректерге сүйенсек былай болған:

1935-1939 аралығында Сейітқазы Нұртаев

1939-1941 аралыңында Мақмет Шөкеманов

1941-1942 аралығында Дәулеткелді Құспекұлы

1942-1944 аралығында Ақат Қондықазақов

1944-тен жабылғанға дейін Сәліс Әміре

Қазақ-Қырғыз ұйымына қатысты сирек суреттер мен таңбалы құжаттарды реті келсе кейін жариялайын. Ұйымның нақты қандай жұмыс істегенін тәптіштеп жинап шықтым.

      1931-1933 жылдар арасында Шыңжаң Қазақтарында екі түрлі саяси таңдау болды. Олардың бір бөлігі Елісқан Әліппен бірге саяси таңдауын жасап, Дұңғандардың әскери, саяси элитасы (қытай деректерінде 西北三马) арқылы Шыңжаң өлкелік үкіметінің легитимсіз төрағасы Шың Шысайды аударып тастау еді. Бұл таңдауды жасаған қазақтар Гансу, Цинхайға аууып кетті. Ұзын ырғасы 3000 түтін.

      Екінші таңдауды жасағандар, Совет күші арқылы Шың Шысай үкіметін мойындау және үкімет құрамында кірісе жүріп мәдени, ағарту жұмыстарымен айналысу. Бұл таңдаудың басында Баймолда Қареке, Шәріпқан Көгедай және Әбеу Құддыш бастаған зиялы элита тұрды. Қазақ пен Қырғыздың жаңа буын саяси элитасы Үрімжіге шоғырланды. Өлкелік Қазақ-Қырғыз ұйымының 12 бөлмелі бас штабы бұл элитаның шоғырына, бұрқырап қайнаған ошағына айналды.

Елдес Орда, Ғаламтордағы жазба

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны