«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Қытайдағы қазақ мәселесін . шешу
Қытайдағы қазақ мәселесін . шешу
Дайындаған: 1 ай бұрын

           Өткен жылы осында "Қытайда қазақ қаупі бар ма? " атты мақаламды жариялағаннан кейін, іле-шала сиямды құрғатпай "Қазақстан Қытайдың стратегиялық тұзағына түсе ме?" атты сараптамалық мақаламды жазып едім, бірақ жұртқа жария етпедім. Оның себебі көп еді... Бүгін сол негізде бірер ойды ортаға салмақпын. Шыны керек, Қытай әлі күнге дейін "қазақ қаупі" үрейінен сейілген жоқ. Қытайдың соңғы он, онбес жылдан бергі Орталық Азия мен Шыңжаң мәселесі туралы жазған ғылми сараптамалық мақалаларының қортындысы – Қазақстандағы ұлттық рухани жаңғыру Қытайдағы қазақ пен ұйғырға жан жақтылы ықпал жасайды және одан қалай сақтанамыз, міне осы. Әсіресе Қытай қазағы өзін ұлт ретінде не Қазақстанды таңдауы керек, не Қытайды таңдауы керек дейтін күрделі "сұрақ" қоюға әкеп соғып отыр. Бір қызығы он, онбес жылдан бері Орталық Азия және Қазақстан мен Шыңжаң ұлт мәселесін талқыға салып жүрген ғылми кіші қызметкерлердың лауазымы өсті. Олар он бес жылдан бері бір орындықта тапжылмай мақала жазды деп ойлайсыз ба? Жоқ, олардың алды мемлекеттің ең маңызды жұмыстарына идеялогиялық кеңесші болып көтерілді. Олар ойларын кеше теория жүзінде айтып келсе (мысалы, қазақ қаупі), бүгін саяси практикада соны шынайы іске асырып жатыр немесе үкіметке кеңес беріп жатыр. Сіз ойлауыңыз мүмкін – «Қазақстан Қытайды "қорқытып" үрей салатындай алпауыт ел емес қой» деп. Әрине, Қазақстанды Қытаймен қатар қойып теңестіру мүмкін емес. Бірақ мәселе онда емес. Мәселе, қазақ Қытайға ешбір қаржының шығынысыз, ешбір әскери күшсіз тарихи һам табиғи сұрыпталған бүгінгі қауіп мәселесін қалыптастырып отыр. Ал, Қытай «қазақ қаупі» үшін белгілі шығынға батары анық. Айталық, адам капитал шығыны, экономикалық зона қалыптаудың шығыны, шекара қауіпсіздігі үшін әскери сұбашылар шығыны, т.б дегендей. Қалай десеңіз, Қытай отыз жылдан бері қазақтар шоғырлы қоныстанған өңірге Ішкі Қытайдан адам капиталын тасимын деп миллиард шығынды сарп қылды. Қазақтар шоғырлы қоныстанған таулы өңірді қазақтан арылту үшін экономикалық шығынға батты. Қазақ шоғырын іштен және сырттан ыдыратып сейілту үшін тағы қаржы және адам капитал шығынына батты. Енді ойлаңыз, Қазақстан ше? Қытайдағы "қазақ қаупі" үшін қалтасынан көк тиын шығарып "әуре" болды ма? Жоқ, ешқашан әуре болған емес. Бұл тарихи һам табиғи болмыстың бүгінгі нәтижесі еді.

          Сонымен Қытайдың «Батыс шекара өңірін игеру» деген атпен соңғы отыз жылда жұмсаған шығынын ешкім білмейді, бұл қарамаққа солтүстік-батыс шекараны игеру болғанмен шынтуайтында кеше Сәбет ықпалымен күрессе, бүгін (1991-ден бері) Қазақстанмен және Орталық Азия түркі респубиликаларымен күресіп келеді. Шығында есеп жоқ! Қазақстан дейтін ел Қытаймен көрші тұрады екен Қытайдың Шыңжаң өңіріне мәдени, саяси һам экономикалық жақтан ықпал жасамай қалмайды. Бұны Қытайдың онбес жылдан бергі Қазақстан туралы әр саладағы сараптаулы ой-желісінен аңғарасыз. Әрине, бұны Қазақстандағы «Қытай қаупінен» әсіре қорқатындар мен Қытайды ұзақ бақылай алмай немесе Қытайдың әлсіз тұсын біле алмай жүргендерге сендіру қиын.

         Біз Қытайды тану үшін алдымен өзіміздің Қытайға қаншалық стратегиялық салмақ салып отырғанымызды да тануымыз керек. Қытай бір жарым жылдан бері тек ғана қазақтарға геноцит жасап жатыр десек қателесеміз. Бұл саяси науқан бүкіл Қытайда жаппай туындап жатыр. Мао өлген соң Қытайдың жаңа саяси реформашылдары билікті Мао сияқты бір адамның қолына ұзақ уақыт беріп қоюуды шектеу үшін билікті бөліске сала бастады. Коммунист тапта болмаған партия-топтардың билікке ақыл айтып, саясатқа араласуына мүмкіндік берді. Сонымен Қытайда бұғып жатқан ішкі капиталист күштердің потенциалы артып, бұндай тарихи мүмкіндікті қолдан бермеуге тырысты. Соның нәтижесінде 1983 жылдан бергі отыз жылда Қытай билігі өз ішінде үлкенді кішілі оншақты топқа бөлініп, бірін бірі тыңдамайтын, бірін бірі "жемқор", "қиянатшы" деген атпен соттатып құртатын жойдақсыз күйге түсті. Кейбір топтар Еуропа мен Америкаға жақындап билікке ақпараттық һам саяси құқай көрсетті.

         Енді қараңыз, Қытай қазағы осы оншақты топтың ішінде коммунисттік партияға ең адалы. Былайша айтқанда, қазақтың бірде бір саяси қайраткері, ақын-жазушысы, өнерлісі, басқасы билікпен балама бақас топтар мен ұйым партияларға мүше емес екен. Ши билікке келген соң отыз жылдан бергі билікке бақас барлық партия топтарды саяси күшпен "тегістеп" жатыр. Оның бес жыл күресіп алтыншы жылы Конституцияға өзгертулер мен толықтаулар енгізіп, билік мерзімін ұзартуы әне содан. Шимен тіресе алатын күштердің баскөтерер тұлғаларының көбі жойылды. Көбісі лидер тұлғаларынан айрылған соң Ішкі Қытайдың әр бұрышында тісін қайрап жүр. Шиге тікелей қауіп төндіретін күштер мен ұйымдардың біразы шетелде. Оларды екіге бөліп қарауға болады: 

          Біріншicі, Шиге дейін яғни отыз жылдан бергі саяси бақталастық кезінде шетел асқан саяси олигархтар; Екіншісі, Ши алғаш рет соттау репетициясын бастаған кезде шетелге қашып үлгірген саяси олигархтар. Қазір олар Ши билігіне қарсы күресуге күш біріктіріп жатыр. Ал, Ши билігінің саяси олигархтармен күресінің соңы 2017 жылы Шыңжаң қазағын бірге күреске алып кетуіне нақты кімдер себепші болғаны өз алдына бір тақырып. Бір анығы, Қытайдың қазіргі билігі мен билікке балама саяси олигархтардың күресі ұзаққа жалғасады.

Сондықтан қазақ елі осы мүдделер қақтығысын зерттеп сараптап Қытайға нақты қандай саясат жүргізу керектігін осы бастан айқындап алуы тиіс. Бұл Қытаймен арадағыны шешудің бірінші алғышарты болмақ. Сонымен, Қытай олигархтарының арасындағы текетірестен саяси тұлғалардан көрі қарапайым халық көп зиян шекті. Шыңжаңды айтпаған күннің өзінде Ішкі Қытайда жазықсыз қамалғандар, адами құқықтарынан айрылғандар, діни сенім еркіндіктері бұзылғандар, қираған ғибадат орталықтар өте көп.

Ал, Шыңжаң өлкесінде бұл әрекеттердің шектен шығуының бір себебі – Шыңжаңның қытай кадрлары бұған дейін іштей тісін қайрап келуі. 2009 жылғы 5 шілде оқиғасынан кейін Шыңжаңда қытай мен қазақ-ұйғырдың ара жігі ашылып, қытай өз базары мен өз районында, қазақ пен ұйғыр өз базары мен өзінің шоғырлы ықшам ауданында ғана жүретін, бір-біріне кірігіп кетпейтін, аса іштесіп жақындамайтын жағдай қалыптасты. Сонымен бірге, қазақ жастарының қазақстаншыл болу факторы он есе артып, «бізге бәрібір Шыңжаңда болашақ жоқ, оданда еліме кетейін» дейтін ой көп мазалайтын болды. Ал, кейбірі тым болмағанда Қазақстан бұйымдарын әкеп орта және шағын бизнес жұмыстарын қолға алды. Шыңжаңның ең үлкен қаласы Үрімжі көшелерінде Қазақстан әндері әр бұрышта жаңғырып, Қазақстан байрағы талай қазақтың көліктерінде желбіреп жүрді десе, осы күні кім сенеді?!   

            2009 жылға дейінгі және одан кейінгі жағдай Шыңжаң қытайларының қазаққа деген қызғаныш һам өшпенділік "аурыуын" одан ары күшейітті. Саяси олигархтармен күресте Қытайдың Шыңжаңдық басшылары өңірдегі "қазақ қаупін" барынша жойып, тамырына балта шабу үшін барлық саяси тәсілдерді қолданып жатыр. Дегенмен, бұнымен "қазақ қаупі" жойыла қоймайды деуге болады. Қайта ол жақтың қазағы ысыла түседі... Ұлттың жетілуі, саяси күресті түсінуі, ұлт ретінде бойына қуат алуы үшін бір партияның (компартия) ұзақ жыл алақанға сап мәпелеуіне сеніп қалмау керек екенін, ізденуі, азаматтық қоғамның не екенін сол қиындық ішінде сезінуі, ұлт ретінде ойлануы керек.

            Қытай қазақты қырық жыл түрмеге сап, жиырма жыл саяси абақтыға қамай алмайды, бұл уақыттық құблыс. Осы уақыттық құбылыс кезінде қазақ ұлт ретінде қалудың басқа тактикаларын іске қосу тиіс. Себебі, Қытай түбінде өзгереді, бұл елді өте күрделі демократиялық өзгеріс пен толқу күтіп тұр. Осы өзгерістер мен реформаға, толқуға Қытай қазағы кез келген уақытта дайын болуы керек. Сондай дүниенің болатынына сенуі керек. Бір ғана компартияның "шапағатына" ие боп жата берудің тарихи қателік екенін сезіп, ұлт ретінде ұлттық мүддесін қорғайтын жаңа таным мен  көзғарасты қоғам легіне шығаруы керек.

           Қазақ қоғамы Қытайдағы мәселелер үшін бір жарым жылдан бері тосырқап, абдырап, не істеу керектігін дер кезінде аңғара алмай созбақтап қалғаны рас. Осы тұрғыда қазақ қоғамы мен қазақтың құзырлы билігіне Қытайдағы қазақ мәселесін шешудің мынандай 6 түрлі жолын ұсынуға болады: Бірінші, мәселені шешудің бағдарын анықтау. Яғни, Қытайдағы "қазақ мәселесімен" күресеміз бе, әлде Қытаймен күресеміз бе?

Қазақ қоғамындағы өз ерік-жігерімен белсенді түрде ортаға шыққан азаматтар, бастапта, "Қытай қазақтарының Қазақстанға еркін келіп-кету мәселесімен" айналысқан әрекеттерінің соңы тіке «Қытаймен күреске» әкеп соғып жатыр. Қазіргі қазақ қоғамы үшін Қытайдағы "қазақ мәселесімен" күресудің соңы жеңіс, ал "Қытаймен күресудің" соңы жеңіліс екені анық.  

          Екіншісі, Қазақстан билігі Қытайға "қазақ мәселесі" дейтін саяси түсі қою, ұлттық сипаты басым жалаң терминді айтуының қажеті жоқ. Бұны, Қазақстан-Қытай арасындағы сауда-саттық мәселелері, еркін сауда айналымындағы жеке кәсіпкерлердің екі шекарада еркін кіріп-шығуы, еркін сауда жасасуы, туыс-туғандарының екі елде еркін қарым-қатынас жасауы, зейнетақысын кедергісіз алуы, екі ел арасындағы еркін сауда айналымына кереғар діни экстремистерге, заңбұзушылықтарға ортақ қарсы тұру, екі ел арасындағы ұлттық бөлшектеуші заңсыз ұйымдарды ортақ тыю, т.б. сөздерді қолданып, шын өмірдегі "қазақ мәселесін" сауда-бизнес мәселелерін дамыту мен шешу дейтін ұсыныс аясында майдан қылшық суырғандай, істікті де, төстікті де күйдірмей шешіп алуға болады.

Ал, керісінше Қазақстан құзырлы орындары мен дипломат тұлғаларының аузынан Қытай тарабына "қазақ мәселесі" дейтін сөзді айтқызу Қазақстанның жеңілісі болмақ. Себебі, қазақ – Қазақстанға емес, Қытайға проблема болып отыр. Қазақстан тарабы Қытайдағы "қазақ қаупі" мәселесін стратегиялық тұрғыдан ескере отырып, екі арадағы мәселені шешуде дипломатиялық тактиканы өзгертуі тиіс. Тіпті керек болса оның жобасын ел болып ақыласып жасауға болады.

Бұл тұста Қытай билігі стратегиялық жақтан айла-шарғы жасап өзіндегі "қазақ қаупі" жарасын ашық айтпай, керісінше Қазақстанға "қазақ мәселесі" туралы айтқызып, Қазақстанды ұлт мәселесін шешуде дәрменсіз етуді көздейді.

Сондықтан, қазақ қоғамындағы белсенді азаматтар мәселені сыңар жағынан қарап,жадағай түсінік, тұйық оймен асығыс шешім жасап, Қытайдың саяси құрығына түсіп қалмағаны оң. Ол үшін билік саналы да сапалы азаматтық пікірмен санаса білуі керек.

           Үшіншісі, қазақ билігінде бұған дейін Қытаймен екі арадағы ұлт "мәселесін" шешудің саяси практикасы жоқ. «Алаш» кезеңінде, одан ары Қазақ хандығы кезеңінде төл саяси практикамыз бар деуге болады.

 

Айталық,  «Алаш» зиялылары Қытайдағы қазақ мәселесін асықпай, даурықпай, атын атап, түсін түстемей (қазақ жойылып жатыр, құрып жатыр деместен), ым-жымын білдірмей қоғамдық құрылтай, кеңеспен шешкен.

Қазақ хандығы кезеңінде де Цин империясымен арадағы қазақтың мәселесін үлкен стратегиялық тактикамен шешкен.  Соның арқасында жер-су бермей отырған Цин империясын Іле, Тәңіртау, Тарбағатай мен Алтай даласына емін-еркін қоныс тебуіне мәжбүрлей алған. Қазақ хандары, сұлтандары Цин империясына арадағы сауда барыс-келістерін жандандырып, қазақ сұлтандары мен батырларын Үрімжіге дейін сауда-бизнес келсімдерімен жіберіп мыңдап қой, жылқы айырбасын жасап отырды. Сауда сылтауымен жер-суын, стратегиялық тұжырымын танып, біртіндеп жер мәселесі, жайлау мәселесі деген атпен жүз түтіндеп, мың түтіндеп қазақты Цин территориясында қалып кеткен байырғы жеріне көшіріп отырды.

Сол кездегі Қытайдың орда жазбаларын қарасаңыз Цин үкіметінің Орталық Азиядағы сауда айналымы құлдырап, қазақ руларының дүркін-дүркін көшіп келуін тоқтата алмай әбігерге түскенін байқайсыз. Сонда кім ұтты? Цин империясынан он есе әлсіз болса да қазақ ұтты. Әрине саяси стратегиялық тактиканың арқасында. Қазақстан құзырлы орындары Қазақтың Қытаймен саяси қарым-қатынасын жақсы зерттеп, қазақтың мәселе шешудегі төл стратегиясын қайта жаңғыртуы тиіс.

Қалай болмасын, Қытайдың ішкі-сыртқы саясаты қазақ қоғамына әрдайым сергек болуын, деркезінде суырып салар саяси стратегиялық біліктілік болуын талап етеді. Осындай түйткілдерді шешу барысында Қазақстанның саяси мектебі арта түседі, кемелдене береді.

           Төртінші, Қытаймен арадағыны шешуде қазақ билігі тек өзінің құзіретін пайдалана ма, әлде халықаралық күштерге сүйену керек пе? Бұл мәселеде халықаралық күштердің барынша аз араласқаны дұрыс. Өйткені, халықаралық ұйым заңды және заңсыз болып екіге бөлінеді. Жоғарда айтылғандай, Қытайдағы саяси олигархтардың біразы шетелге қашты. Олар Қытайда жүргенде қазақ мәселесін көтерген емес. Енді олар қазіргі Қытай билігін құлатып, өздері билікке жету үшін, Қытайдағы қазақ пен ұйғыр мәселесін барынша өздерінің саяси мақсаттарына пайдаланып әлек. Қытайдағы қазақ мәселесін шешу үшін саяси аңғалдықпен оларға жұғысуға болмайды.

Ал, заңды халықаралық ұйымдар бұған дейін қаншалық мәселе шеше алғаны белгілі. Ауғанстан, Ирак, Сирия немесе басқа да адамзат қоғамындағы ірі оқиғалар орын алғанда халықаралық ұйымдар тек гуманитарлық көмек беруден ары аса алған емес. Демек, Қытайдағы қазақтарға гуманитарлық көмек керек болып жатқан жағдайда халықаралық ұйымдардың көмегіне таянуға тура келеді.  

Ал басқа саяси тепе-теңдік мәселелерінде Қазақстан-Қытай екі жақ ортақ шешуі керек. Халықаралық ұйымға жүгіну үшін қазақ қоғамы бір тарапты таңдауына тура келеді.  дегенде Қазақ қоғамы тарап таңдау дейтін сынға түседі, Еуразиялық Экономикалық Одақ, ТМД, Еуроодақ, АҚШ, Мұсылман әлемі, Түркі Дүниесі, Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымы, тағысын тағы. Ал, мұндай тараптардың бірін таңдау қазіргі қазақ қоғамына пайдалы емес.

          Бесіншісі, Қазақстанда Қытайдың стратегиялық саясатын зерттеп билікке кеңесші болатын ғылми орталықтар көптеп ашылуы керек. Бұл стратегиялық орталықтар Қытайдағы өңірлік саясат пен қытай еместердің Қытай саясатына ықпалын зерттеп, Қытайдың аймақтағы саясатын алдын ала топшылап Қазақстанның сыртқы саясатын реттеп толықтап отыруына түрткі болады. Сондай-ақ, Қытайдағы"қазақ қаупі" мәселесін алыстан меңгеріп Қытаймен арадағы саясатты бақылауына алып отырады.

          Алтыншысы, қазақ билігі Қытайдағы қазақ мәселесін шешуді екі ел арасындағы сауда байланыстарына сыйдыра отырып реттеу үшін де Қазақстан тарабы орта және шағын кәсіпкерлікті шынайы қолдап, қазақ жастарының Қытаймен саудадағы бәсекелестікке қабілеттілігін арттыруы керек. Үйткені, Қытай Орталық Азиядағы сауда-саттықты шеңгелдеу үшін қолдаған топтары соңғы кездегі саяси жағдайларға байланысты құлдырап кетті. Қытай мен Орталық Азия арасындағы осы кәсіпкер топтардың орыны ойсырап тұр. Қазақ билігі бұл түйінді мықты ұстап, оны қазақ кәсіпкерлерінің иелік етуіне жағдай жасауы керек. Соған сай қазақ жастары да жаппай бизнес ашып, ұлттық капитал қалыптастыруы керек.  

Елдес Орда,  ғаламтордағы жазба

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер