«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Ақмет Тұғай
Ақмет Тұғай
Дайындаған: 2 ай бұрын

.

Ақмет Тұғай 1929-1931 және 1944-1947 жылдары қытай астанасы Нань Кинде Түркияның өкілетті елшісі болды. А.Тұғай мырза 1944-1947 жылдары елші болып тұрған кезінде Шыңжаң өлкелік үкіметтің делагаттарымен және бүкілмемлекеттік құрылтай жиналысына қатысушы қазақ-ұйғыр депутаттарымен астыртын кездесулер жасаған еді. Кездесу шаралары Түркияның Нань Киндегі консулында болды. Кездесу кезінде Шыңжаң делегаттары Түркиямен саяси қатынастар жасағысы келетінін білдірді. Астыртын байланыстар гоминьдаң үкіметінің қауіпсіздік комитеті жағынан білініп қалып, арнайы қызметтің агенттері Шыңжаң делегаттарының бұл кездесуі туралы рапотты орталық барлау комитетіне жолдап тұрған. Қазірше екіжақты кездесулер туралы құпия деректер солардың ішкі архивінде сақтаулы жатыр.

Түркияның қытаймен дипломатиялық байланыстары 1928- жылдан бастау алады. 1928- жылы Нань Кинде гоминьдаң үкіметі құрылған соң Түркия-Қытай "ынтымақтастық келсіміне" қол қояды. Келсімнен соң Түркия Нань Кинге, қытай жақ Анқараға өкілетті елшілерін жіберді.

1928-1943 жж арасында Түркияның қытайдағы елшілері:

Фуат Бей, 1928-1929

Ақмет Тұғай, 1929-1931

Әмин Әли, 1939-1942

Әбділ Меннан, 1942-1943

1943-1948 жж арасындағы Түркияның қытайдағы елшілері:

Ақмет Тұғай, 1944-1947

Муаммер Хамди, 1947-1948

Неждет Өзмен, 1948-1948

т.б

Қытайда елші болған Ақмет Тұғайдың тегі Қапқаздық Шеркес. Әкесі Фуат Паша әскери қайраткер болған. Бетке тіке айтатын өткір, тіл-жақты болғандықтан "Делі Фуат Паша" атанды.

Ақмет Тұғайдың зайыбы Әмина Тұғай атақты Мұқтар Пашаның қызы. Ақмет Мұқтар Паша аты шыққан әскери, саяси қайраткер. 1877-1878 жж Осман-Ресей соғысына белсенді қатысқан, соғыстың Қапқаз майданында әскери қызмет атқарған. Кейін ағарту қызметімен де айналысқан. Тіпті арада қысқа уақыт Осман мемлекетінің Садразам (Сұлтаннан кейінгі басшы) дәрежесіне дейін көтерілген.

Ақмет Тұғай қытайдағы Түркия елшісі қызметін атқарып жүрген кезінде Нань Кинь қаласында екі дүркін елеулі оқиға болды. Олар, 1946- жылы өткен бүкілмемлекеттік құрылтай жиналысы; Және 1947-1948 жылдары Нань Кинде өткен бүкілмемлекеттік президент сайлауы; Осы екі оқиғада Шыңжаң өлкелік үкіметтің қазақ делегат, депутаттары бірінен соң бірі Нань Кинге келген еді. Қалада аялдаған қазақтар мен ұйғырлар Түркия елшісімен кездесу өткізді. Түпкі мақсат өлкедегі саяси реформада Түркия жақтың да саяси ықпалын қатыстыру еді.

Екіжақты кездесуге қатысты нақты дерек бүгінше ғылми айналымға түсе қоймады. Сол кезде Түркия сыртқы дипломатиялық қатынаста қытайдың біртұтастығын қолдайтындықтан өңірдегі қазақ, ұйғыр саяси күштеріне нақты саяси қолдау көрсетуі мүмкін бола алмады.

 

Eldes  Orda, ғаламтордағы жазба

 

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер