«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Орталық азиядағы саяси тұрақтылық . . . қытайдың күре тамыры
Орталық азиядағы саяси тұрақтылық . . . қытайдың күре тамыры
Дайындаған: 2 ай бұрын

Бір айналып келгенше бірталай өзгерістер болған екен... Соңғы жаңалық Қазақстан xалқына ғана емес әлемнің біраз еліне де тосын жағдай болды. Қазір орталық азияны қалыптасқан өңірлік гео-саяси жағдайда жаңа саяси таңдаулар мен саяси қарым-қатынастар күтіп тұрғаны айқын. Әлемдегі біраз алпауыт елдің назары Қазақстанда. Менің түсінігімше алпауыт елдер орталық азияға астыртын жаңа жоспарларды ойластырды, соның ішінде ең орайлы кезең саяси жүйенің бір форматтан екінші форматқа ауысуы, тб. дегендей...

        Алпауыт елдер ауыз салмай жатып президенттің тосын мәлімдеме жасап биліктің ауысуын бастап кетуі шынымен саяси тактика саналады. Ақш-Қытай, Қытай-Батыс, Қытай-Ресей, Ресей-Батыс, Ресей-Ақш қатынастарына байланысты тұтас орталық азия жаңа саяси күрделі таңдауға дөп келген еді. Бұндай күрделі өткіншіде әлем назары орталық азиядағы ішкі-сыртқы саясатты көбірек бақылауға алатыны рас. Сондықтан тұтас орталық азияда және Қазақстанда алпауыт елдердің саяси құрығына ілікпейтін, саяси тактикасы берік һам күншілік жерді көре алатын саяси қырағылық лазым-дұр. Кеше соның сеңі басталды. Әгәрәки, тосын таңғалдырмасақ алпауыттың тұзағына түсер ме ек, кім кепіл?! Қош, Қазақстандағы билік жүйесінің сәлде болса өзгеруі өңірдегі гео-саяси жағдайға да ықпал етуі мүмкін. Олар: Қытай; Ресей; Орталық Азия және Ақш пен Батыс. Өтпелі кезеңнің уақытша президенті Қ.Тоқаев мырзаны білікті дипломат ретінде әлемдік және өңірлік гео-саяси қатынастарға тың игі істерімен армен қарай жақсарта түседі деп сенеміз.                                          .
         Қазақстандағы билік транзитінің сеңі ертең орталық азия елдеріне және көрші қытайға, Шанxай Ынтымақтастық Ұйымына, Шыңжаңның атқарушы билігіне бәріне сөзсіз ықпал жасайды. Тіпті, түбірлі ауыс-күйістер пайда болуы да бек мүмкін... Егер орталық азияда күрделі билік транзиті жүріп жатса көрші қытай да шекаралас аймақтардағы әкімші саяси ауыс-күйісті соған қарай жаңалап түлетіп отырады. Бұл бұрыннан бар саяси тәжірибе! Онда мынадай заңды сауал туындайды "Қазақстандағы саяси билік транзиті Қазақ-Қытай қатынастарына және Шыңжаң мәселесіне тіке ықпал жасай ма?" деген... Орталық азиядағы саяси ауыс-күйісті Ресеймен қалыспай жіті бақылайтын ел-Қытай екенін ескерсек, Қазақстандағы билік транзиті қытай қатынастарына сөзсіз ықпал жасай алады. Қытай жақ саяси мінберде өзіне бұрыннан таныс тұлға немесе кландық жүйенің билікке келуін қалайды. Ақш-Қытай қатынастарына байланысты және қытайдың теңіз аймақтағы елдермен болған кірбеңдігі қытайдың шығыстағы экономикалық өндіріс салмағын елдің батыс аймақтарына сырғытып жатыр. Яғни бұрын қытайдың сауда ноқтасы теңіз аймақтарында көбірек шоғырланса енді ол құблыс күнбатыс шекара аймақтарға аунап барады. Теңіздегі су жолы транзиті аса белсенді емес және пайдасынан зияны, қаупі көбірек. Қытайдың теңіз аймақтарындағы сауда мен өндіріс ошақтары һам тасымал желісі орта және күнбатыс шекара аймақтарға қарай жылжи түссе онда Қазақстанға және орталық азия елдеріне келетін қытай қаупі һам пайдасы ұлғая түседі. Қай тұсқа келгенде қауіпті, қай тұсқа келгенде ырғын пайда дегенде, Қытаймен тең құқылы принципті келсімшарттар жасалса пайда көбірек, ал принципсіз келсімшарттар жасалса қаупі көбірек. Онда дәл бүгінге дейінгі "қытай қаупі" елу есе артуы мүмкін. Бұл - Ресей ықпалының тең жартысы деген сөз!

         Бірақ, қытайға керегі тыныштық пен тұрақтылық. Шыңжаң факторы сол үшін бізге өте маңызды! Кезі келсе Шыңжаң факторына байланысты ұзақ стратегиялық жоспарлар жасауға да болады. Шыңжаң- қытайдың орталық азиямен гео-саяси байланысында ең маңызды аймақ. Орталық азиядағы саяси тұрақтылық қытайдың күре тамыры. Сол үшін орталық азиядағы өзіне саяси балама күштермен белгілі деңгейде санасады. Бұл Қазақстан үшін Шыңжаңдағы Қазақтар мәселесін шешудің таптырмас орайы. Алдағы кезеңде жаңа үкімет қытайға нақты ұсыныс талаптарды сауатты айтудан талмауы керек. Кешегі президенттің тосын мәлімдемесі қытай тарапын бір састырды, қытай жақ кідіріңкіреп қалды. Және жаңа тұлғалардың дипломатиялық маңызына көбірек назар аударып жатыр.

Елдес Орда

 

Aqsaqaldar.kz

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер