«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Шыңжаң
Шыңжаң
Дайындаған: 2 апта бұрын

"Шыңжаңды Таныстыру" (新疆介绍) атты бұл кітап 1949-жылдың қазан айында жарық көрген екен. Кітапта Қазақтар мен Моңғолдарды баса таныстыруға мән беріпті. Кітапта Қазақтарды арнайы суретімен (атқа мінген, тымақ киген) беруін мен мынадай жағынан түсіндіремін:

          Бірінші себеп, қазақтардың қолында жаппай дерлік қару болды; Мысалы, 1944-45 жж Құлжадағы Шарқи Түркістан үкіметіне қарасты 30 мыңнан астам Ұлттық Армияның кемінде 90 пайызы Қазақтарды құрады. Қазақ әскерлерін Қазақ ССР-дан құпия келген екінші дүние жүзілік майданда соғыс көрген офицерлер мен әскери мамандар арнайы әскери жаттығудан өткізген. Манас өзеніндегі келсімшарттан соң жүзден астам әскери мамандар Қазақ ССР-ға қайтып кетті.

           Екіншісі, 1944-жылы Құлжада Шарқи Түркістан үкіметі мен Ұлттық Армия құрылған соң уақытша үкімет құрамына кірмей қалған Қазақ уалаяты Нан Кин үкіметінің қорғаныс министірлігінен арнайы қаулы шығартып Тиян Шань баурайындағы тоғыз Қазақ аудан-окургі дербес Қазақ Полкьн құрады және Қазақ полкьнің Манас, Құтыби, Санжы, Ми Чуань, Бөкен (Фукаң), Жемсары, Шонжы, Мори қатарлы қазақ аудандарында әскери бөлімшелерін ашады. Қазақ Полкьне Нан Кинде (南京), Лань Жоуда (兰州) және Диxуа (Үрімжі) офицерлер колледжінде әскери, саяси білім алған жас қазақ мамандарын қояды. Бұл Полкьті Нан Киндегі қорғаныс миністірлігі қаржыландырады. Әскер құрамында мыңдаған қазақ жастары әскери қатаң тәлім алды. Өкініштісі, бұрынғы Әліп, Елісқан елі Баркөл, Құмыл өңірінің қазақтары Тибет асып кеткендіктен ол өңірлерде әскери қуат күштер белсенді болмады. Бұл қарулы әскерлер Құлжадағы Ұлттық Армиядан бөлек-ті. Біз осы күнге дейін Құлжадағы уақытша үкімет құрамындағы Қазақтар туралы айтып келдік де Тиян Шань өңіріндегі Қазақтың дербес полкь туралы аса көп мән бере алмай келдік.

         Үшіншісі, Қазақтар 1939-жылдан бастап ұлт-азаттық көтеріліске кіріскендіктен, олардың қан майдандағы ОН ЖЫЛДЫҚ әскери тажірибесі барды. Он жыл бойы ат үстінде мылтық асынып, түйенің өркешін жастанып отшашар (Пулемет) шақылдатқандықтан әскери тактикасы біршама жоғары еді. Тіпті оқты үнемдеу үшін қатар келе қалған екі жауды бір оқпен атып үлгіретін. Бұның барлығы ОН ЖЫЛ бойы толассыз қан кешкен тағдырдың өзі силаған ерлік пен өнер-ді. Жоғардағы кітапта бұл фактілер ескерілгені дұйым жұртқа жасырын емес.

Ұзын сөздің қысқасы 1949-жылы Қытай Шыңжаң өңірінде 500 мыңнан астам қазақтар өмір сүрді, оның 50 мыңдайы қолына қару алып ат үстінде соғыса алатын дайын тұрған әскер-ді. Және олардың қолындағы қару Советтің Еуропа майданынан қайтқан озық қарулары еді. Кей қарулар Нан Кин үкіметіне Ақш-тан енгізілді. Осыншама қарулы қазақтың ара-жігін ашу үшін xалықаралық ұйымдар ат төбеліндей аз қазақты күрделі саяси таңдау жасатып қысқа уақыттың ішінде жік-жікке бөлді. Соның кесірінен соншама қарулы қазақтар дербес әскери қуатынан, дербес саяси таңдау еркінен айрылды. 1949-жылғы Шыңжаң туралы кітап дәл сол тұстағы "Қазақ Қаупін" ескере отырып таныстырған іспетті. "қазақ деген осындай, атқа мінеді, тымақ киеді" деп суретімен көрсетіп тұрғандай. Өйткені кітапты жай адамдар емес Шыңжаңға жаңадан үкім етуші партияның әскери өндірістік дивизясының Шыңжаң аxуалын бақылап-басқарушы арнайы органы жағынан жинақталған. Демек олар Шыңжаңда нақты кімдер қауіпті екенін жақсы біледі деген сөз.

 

Eldes Orda,  ғаламтордағы жазба

 

Aqsaqaldar.kz 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер