«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Жапонияға жазылған хат
Жапонияға жазылған хат
Дайындаған: 3 апта бұрын

Бұл кісінің аты Мақмұт Мұхиди. Шыңжаң өлкесінің Тұрпан аймағында туған. Ағайынды төрт Мұхиди болыпты. Ағасы Мақсұт Мұхиди жаңашыл зиялы кісі. Тұрпанда жәдиттік бағытта ағартушылықпен айналысқан. Мақмұт бала кезінде ағасы ашқан жәдиттік жүйемен біліп алыпты, кейін сауда байланысымен Үрімжі, Шәуешек, Семей, Ташкен және Мәскеу, Петербур қалаларын аралапты. 20- ғасыр басындағы Алаш қозғалысы мен Түркістандық қозғалыс көп ықпал етсе керек, кейін Тұрпанға келген бетте ұлттық рухани құндылықтардың жандануына барынша еңбек етіпті. Соңыра 1931- жылы Қожанияз көтерілісіне белсенді атсалысып, көтерілістің Тұрпандағы ұлт лидеріне айналды. Дұңған Ма Жунгин армиясы мен Қожанияз арасы бүлінген соң өз әскерін бастап Аты Шаһарға аттанған және Қашқар қаласында құрылған ұлттық респубиликаның бас қоманданы болған.

 

        Қожанияз өлкелік үкімет губернаторы Шың Шысаймен екіжақты келсім жасап коалициялық үкіметтің төраға орынбасары болған соң Мақмұт та өз армиясын бастап Дихуада (Үрімжіде) жаңа үкіметті қабылдаған. Екіжақты келсім негізінде бұрынғы Құмыл, Тұрпан көтерілісші армиясы жаңа дивизия болып қайта құрылды, Мақмұт дивизияның бас қоманданы болды. Бұл 1934- жыл еді.

 

      Өлкелік коалицялық үкіметтің көбесі 1937- жылдан бастап сөгіле бастады. Өлкедегі ұлт зиялылары бірінен соң бірі репрессияға ұшырады. Мақмұт Мұхиди сол жылы (1937- ж) отбасын алып бір жолда Үндістанға эмиграцияға кетті. Үндістанда тиянақ таба алмай Жапония, Токиоға кетті. 1944 - жылы Пекинге келді, арада көп ұзамай Пекинде қайтыс болды. Сүйегі Пекиннің мұсылмандар біршама көп тұратын Уигунгсуньде (魏公村) жерленген. Ағылшын деректерінде қытайдың Шиь Ань (西安) қаласында қайтыс болды деп айтылады.

 

     Жапон үкіметіне жазылған хат 27 - наурыз, 1940 - жылы жазылған. Хаттағы жазуды кейін транскрипциялап мазмұнына соңыра тоқталайын.

Ана жылы Қытай қазақтарының Жапониямен байланысы туралы постымда баяндап кетіп едім, Мақмұт Әпендінің 1940 - жылы Жапонияға хат жолдауының тарихи себебі мынау: Сол кезде Жапонияда Манжур, Моңғол және Түркі халықтарына байланысты үш үлкен құпия жоба болды. Бұның әуелгісі орындалып 1932 - жылы Манжурлар уақытша тәуелсіз респубиликасын жариялады. Кезек Моңғол мен Түркілерде еді. Осы мақсатпен Моңғол және Түркі даласына ғылми экспедиция жіберді, экспедиция құрамында үкімет агенттері мен барлаушы топтар да болды.

 

      Олар Моңғолия мен Шыңжаң өлкесінің оңтүстігі мен солтүстігін құпия шарлап шықты. Кейін Жапондар еуропада жүрген Осман сұлтаны Екінші Әбдүлхамиттің немересі Шаһзада Әбдікерім Әпендіні Токиоға алдырып оны Шығыс Түркістанның саяси лидері ретінде пайдаланбақшы болды. Хат осындай қым-қуыт оқиғалар бірінен соң бірі туындап Қытай-Жапон, Қытай-Совет және Жапон-Совет қатынастары жаңа кезеңге көтеріліп жатқан тұсында жазылды.

 

      Шыңжаң өлкесінің тарихын зерттеу Қазақстан үшін өте маңызды саналмақ. Шыңжаң Қазақстан - Қытай арасындағы маңызды аймақ. Осы аймақтың өткен ғасыр басындағы саяси, мәдени тарихы үнемі басты назарымызда болуы керек. Бұл аймақтар арасындағы дипломатиялық қатынастарға оң септігін тигізеді.

 

Дереккөз: Жапония мемлекет мұрағатының азия елдеріне қатысты сирек құжаттар бөлімі мен Ұйғыр ғылым-академиясының мамандары жағынан алынды.

 

Елдес Орда,  ғаламтордағы жазба

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер