«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Үрімжі.
Үрімжі.
Дайындаған: 3 ай бұрын

 

Бұл қаланың аты- Үрімжі. Бұрын Мин Го дәуірінде Ди Хуа деп аталушы еді. Бұл шар(шаһар) бүгінгі күні білдей бір автономиялы регионның орталық қаласы. Осы қалада көп болмадым. Жол-жөнекей аялдап аралайтын едім. Қалаға барған сайын ауасы мен ауыз суына жайсызданамын. Қаланың орналасқан жері науа сияқты, иінтіреліскен қала алып астаудың ішінде тұрғандай көрінеді. Жан-жағы ұлы таулармен, қар шыңдармен қоршалған. Үрімжіге барғанымда міндетті түрде баратын жерім - Қызыл Шоқы. Қытайлар Хұң Шән дейді. Суреттен де сол шоқының қазіргі және байырғы бейнесін анық көре аласыз. Жотаның төбесіне шыққан сайын жан-жағыма қарап ауыр ойларға батамын.

Үрімжі- Шығыс Түркістандағы қазақ зиялыларының ең шоғырлы қоныстанған жері. Жотаға шығудан кейінгі міндетім қаладағы жас қазақ зиялыларымен кеңесу. Және қазақ базарын аралау. Қалада Шыңжаң Университеті, Педагогикалық Университеті, Ауылшаруашылық Университеті, Медециналық Университеті сияқты бірқатар университеттердің әр бірінде екі мыңнан қазақ студенттері, әр бірінде жүздей қазақ магистранттары білім алып жатыр. Ішкі қытайда жирма мыңнан астам қазақ студенттері білім алуда. Тіпті бұл көрсеткіш жыл сайын артып жатыр.

Үрімжі- Қазақстан сияқты орталық азия елдері мен Ресей, Ауропа (Европа) елдеріне базар ашумен бой тіктеген қала. Қаладан батысқа қарай үш сағаттық жерде Күйтін деген қала және бар. Иен жерден шар (шаһар) болған Күйтін қаласы өз кезінде Қазақ Автономиялы Облысының орталығы болып еді, сонда бүкіл қазақтың шоғыры Күйтінге ағылып еді. Үрімжідей емес Күйтін мидай жазық жерде әм Орталық Азия мен Ресейге жол торабы жақсы еді, сол күйі Қазақтың шоғырына айнала берсе Үрімжі "қаңғырап бос" қалардай еді. (Шынымен Үрімжі тиімсіз) Үш уалаяттың қазағы мен Еренқабырғаның қазағы Күйтінге ағылып үлкен күш қалыптасып келе жатыр еді, біреулер бір тықырды сезді ме, Қазақ автономиясының орталығын қайта Құлжаға көшіріп қазақтың руxани шоғырын ірітіп жіберді. Күйтінде қазір небәрі он мыңдай қазақ тұрады. Қаладағы Қазақша жазулар көзге жылы ұшырайды. Бұл басқа әңгіме, уақыты келсе қозғаймыз.

Үрімжі- Қазақ xандығының ең шығыстағы шекарасы болған жер. Абылай Хан Цин елімен саяси тұрақтылықы түзген соң екі жаққа да ортақ бір жерді таңдап еркін сауда айналыс жасайтын база құрмақшы болады. Цин үкіметі Алтай жақтағы Буыршын жерін көрсеткен, кейін ортақ келісу негізінде қазіргі Үрімші елді-мекені таңдалған. Қазақтар төрт түлік малын Үрімжіге айдап әкеп Цин елімен тауар айырбастаған. Сөйтіп қазіргі алып шаһар Үрімжінің қала құрлысы қалыптасты. Үрімжі қаласының қалануына Қазақ xандығы мен xандарының тіке ықпалы бар.

Үрімжі қаласының айналасы дерліктей қазақтың көктеулік, күзеулік, жайлаулығы. Сіз Үрімжіге барған сайын міндетті түрде қыдырып баратын "Боғда көлі" деген жер бертінге дейін бір қазақтың жайлауы еді, кейін қытайлар мол ақшамен зорлықпен сатып алып саяxат орнын ашып отыр. Үрімжі қала маңындағы Ұланбай деген елді-мекен бар. Ол да қазақ батыры. Сүйегі Абақ Керей Шеруші. 1947-шы жылға дейін Тұрпан, Пішән мен Үрімжі арасында бұлаңшы, содыр-сотанақ асырмаған, жұртты тонаттырмай қорыған, бүгін аты ұмыт қалып отыр. Үрімжі қаласының іші де, айналасы да Қазақ ұғымына тұнып тұр. 1949-шы жылға дейін Үрімжі қаласында ең көп қоныстанған xалық әуелі Дүңгендер одан Қазақтар болған. Одан кейін Монғолдар, одан Қытайлар, ал ең азы Ұйғыр, Өзбек, Татарлар болған. 49-шы жылы қазақтар көменес билікке қарсы тұрамыз деп Оспан батырға ілесіп шығысқа көшкенде Үрімжі қаласындағы қазақтың шоғыры шайқалды. Кейбірі Сауан-Манастан ауған елмен ілесіп Тарымды басып шетелге кетсе, көбісі Бөкен (қазіргі Фу Каң), Құтыби қазақтарының бүлігіне ілесіп Шонжы, Баркөл асты. Әп-сәтте Үрімжі қазақтарының қаймағы бұзылып, қазақ мектептері, мекемелері жабылды, бос қалғандарын Ұйғырлар иеленіп кеткен. Бұл туралы дерек қолымызда. Көменес билік орнап алғаш жер законы қабылданып ұжымдастыру науқаны басталғанда қазақтар Үрімжінің тауына қашып шығып таудан түспей қойған. Ұжымдастыруға қарсы болған. Сол себепті Үрімжі айналасындағы мидай жазық қазақ көктеуліктері келімсек қытайлар мен Дүңгендерге, кейін келген ұйғырларға бөліп берілген.

Үрімжі- шамамен 1962-шы жылға дейін Санжы облысына қарасты болған. Кейін жеке бөлінді. Үрімжі қаласында 40-50 мың қазақ тұрады (тіркелген саны). Ал, жалпы саны 150-200 мың қазақтар тұрады.


Елдес Орда

 

Aqsaqaldar.kz

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер