«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Біздің Отан…
Біздің Отан…
Дайындаған: 1 ай бұрын

Совет одағы кезеңінде шетелдегі қазақ қандастармен мәдени байланысты үзбеу және жаңғырту мақсатында бірқыдыру іс-шаралардың қолға алынғанын білеміз. Соның бірі- Ақпараттық ықпалдастықты сақтау. Сол жүлгеде төтеше газет те жарық көрді, аты "Біздің Отан". Бүгін осы газеттің ұйғырша нұсқасын ұсынып отырмын (1979, 1980-жылғы сандары). Бұрын "Біздің Отанның" тек қазақша нұсқасы жарық көріпті деп иланып келіп едім, мүлде олай емес екен. Газет ұйғыр тілінде де жарық көріп тұрған екен. Ұйғыршасы- "Бізнің Уетен".

Газет көбінде мәдени байланысты жаңғырту мақсатында хабарлар басып тұрыпты. Аса күрделі саяси даурықпа жоқ көрінеді, дегенімен бұл тақырып қазірше бәрімізге таныс болмай тұр, ол үшін газеттің бүкіл санын бірден ақтарып шығу керек.

70-80 жылдары совет одағы қытайдың Шыңжаң өлкесіне ақпараттық шабуылдар жасады яғни Шыңжаң кеңістігінде анти-қытайшыл әуе ақпараты көптеп тарады. Мысалы, біздің ауылдың үлкендері сол жылдары қас қарайса болды радио толқынына белгісіз қазақша әуе толқыны қосылып кетіп "отан құтқару" атты хабармен ел естімеген ақпараттарды таратады десіп жүретін. 80-жылдардың іші болса керек, қазақтар біршама шоғырлы қоныстанған аймақтардағы институт, колледждерде белгісіз адамдар қазақ оқушыларға "ақ жейде" таратып кетеді екен. Екі үш күн өткен соң "ақ жейдені" жуып жәйіп қойса жейденің үстінен "Отанға оралыңдар" деген жазу шығыпты.

Біздің ауылдың үлкендері бертінге дейін айтып жүретін "Алатау" атты телеарнасы тағы бар. Білуімізше бұл арна әуелі Қырғызыстанда қазақ, ұйғыр екі тілде хабар таратқан, кейін Алматыға көшіріліпті. Он неше жылын Мәскеудегі ақпарат орталығында өткізген Айтан Нүсіпқан мырза кейін осы "Алатау" арнасына басшы болып келетінін білеміз. Бұл да арнайы зерттейтін ғажап тақырыптар.

60-70-80 жылдары Совет-Қытай қатынастары ең төменгі деңгейге дейін түсті. Екі ел арасындағы "салқын соғыс" (суық соғыс) өте терең сипат алып кетті. Советтің әскери шабуылынан сақтану үшін шекара аймақтағы қорғанысты күшейтіп ішкі қытайдан адам капиталын әкеп төкті. Кейде кері көрініс те жоқ емес. Мысалы, совет әскері шекарадан басып кіреді екен деген ақпарат тараған кезде ішкі қытайға жаяулап болса да босқан Шыңжаң қытайлары да болды, әуелі Үрімжі сияқты қалалардың авто вокзалында адам бастырлу оқиғалары туып тұрды.

Совет-Қытай қатынастарының "салқын соғыс" кезеңі арнайы зерттелсе қызық та құнды ақпараттардың шығуы мұнда тұрған іс. Әрине, сол кезде Советтік Қазақстанда да төтешені оқып тани алатын миллионға жуық оқырмандардың болғанын да ескеруіміз керек.

 

Eldos Orda,  ғаламтордағы жазба

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

+3

 

Начало формы

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер