«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Шыңжаң өңірін мекендеген . қазақтың исламдық . руханияты
Шыңжаң өңірін мекендеген . қазақтың исламдық . руханияты
Дайындаған: 2 апта бұрын

1948-жылы Құлжа қаласында жарық көрген діни кітаптар. 1944-жылы Құлжада Шарқи Түркістан уақытша үкіметі құрылған соң уақытша үкіметтің діни басқармасы да құрылған еді. Діни басқарманың жұмыс принциптері 1944-1946-1949 жж арасындағы халықаралық саяси жағдайларға байланысты жиы өзгеріп тұрды.

Шын мәнінде Шыңжаң өңірін мекендеген қазақтың исламдық руханияты екі түрлі рухани мектепке бөлінді. Алғашқысы, Бұхараны орталық еткен классикалық ислам. Екіншісі, Қазан, Уфаны негіз еткен кейінгі ислам. Екінші рухани мектептің өзі саяси, рухани өзгерістерге байланысты үшке бөлініп тұрды. Олар:

Патшалық ресейдің діни идеялогиясы негізінде пайда болған Уфа, Қазан мектептері;

Жәдитшілдік рухани революцияға жақтас топтар;

Татар-Ноғайдың классикалық түркі ислам мектебі;

Ал, Шыңжаң өлкесіндегі қазақтар арасына таралған Бұхара мектебінің өзі екі рухани бағытта дамыды. Олар:

Бұхараның тарихи классикалық ислам мектебі;

Шағын ықпалдағы аз санды тариқат мектебі;

Біздің бұл айтып тұрғандарымыз 1944-жылы Құлжада діни басқарма құрылып, уақытша мүфти сайланғанға дейінгі өңірдегі діни сипаттаманың шағын шолуы. 19-ғасырдың басы мен 20-ғасырдың басқы кезеңіне дейін жүз жылда орын алған Шыңжаң өңіріндегі діни жағдаят мынадай болды:

Бірінші, бастапқы кезеңдерде Түркі танымдық дала нанымдары басым болды. Кейін Бұхара мектебінің классикалық исламы ықпал жасады. Дала мен қала танымдары араласып Түркі танымдық ислам құндылықтары пайда болды;

Екіншісі, Түркі танымдық исламның негізгі құндылықтары негізгі рухани сенімге айнала бастады, бірақ шариғи мектептер толық қалыптаспады. Үкім тұрғысынан ханафилік, таным тұрғысынан матуриди әлі де болса бейтаныс болды. Діни ағартушылар үкім мазхаптары мен ақида мазхаптарынан көрі көбінше дін танырлық, құран танырлық сауаттармен көбірек айналысты.

Үшінші, өңірде діни үкімдерден көрі дала үкімін, дала танымын көбірек негізгі орында санайтын бұрынғының тұлғалары мейлінше көбірек болды. Олар исламның Тәңір танырлық құндылықтарына мән берді де, шариғи мәніне аса мән бермеді. Сол себепті жұрт арасынан діни фанатизм мүлде болмады.

Бір ғажабы, Шыңжаң өңірін мекендеген қазақтар патшалық ресейдің Уфа мен Қазанды орталық еткен діни идеялогиясын тым ерте сезді де, діни идеялогияның ықпалынан сақтану үшін Бұхарамен қою байланыс орнатуға және рухани сабақтастықты үзбеуге тырысты. Уфа мен Қазаннан діни кадр алмау үшін, өз ауылының балаларын Бұхара орталығына көбірек жібере бастады. Кейбір қазақтың игі-жақсылары Бұхара әмірлігі арқылы Осман халифатымен де байланыстар құруға тырысты. Ал, Уфа мен Қазаннан оқыған патшалық ресейдің кейбір указной молдалары Үрімжі мен Құлжа қалаларына көбірек жиналды. Олардың қалаға көбірек ойысуымен ислами талас-тартыстар көбірек орын алды. Ең соңында Бұхара мектебі мен Уфа мектебінің өз жамағаты пайда болды.

Уфа, Қазан мектебі "патшаға қарсы тұру құдайға қарсы шыққанмен бірдей" деп көбірек үгіттеген соң олардың рухани үкімдері жергілікті үкіметтің құлағына жақты. Бұхараның классик мектебі көбірек саяси жиһадты, әділдікті уағыздағандықтан Бұхара мектебін көргендер "саяси төңкеріс" орнатуға, "саяси әділдік" орнатуға бейім болды. Билеуші тап Бұхара мектебінің діни тұлғаларын шама бар құртып отыруға тырысты. Сонымен, 20-ғасырдың басқы кезеңі Бұхара, Уфа, Қазанның ислами мектептерінің талас-тартыс кезеңі тым терең сипат алған кезең болды. Қазан, Уфадан тым ертеде қашып келген Татар, Ноғайлардың көбі кейін ислам жәдитшілігін қабылдады. Өйткені олардың арасында әр санаттағы исламның күрделі тұлғалары көп болды. Түркі исламдық бағытты ұстанғандары да, ресейдің діни идеялогиясына мұрагер болғандары да және діни танымдық революцияны жақтағандары да болды.

Екі рухани мектеп арасында пікір-талас құқықтық, ақидалық мәселелерден көрі көбінше саяси позицияға байланысты басым болды. Осыған байланысты Түркі Ханафи ұстанымының өз ішінде өңірлік һам аймақтық мектептер пайда болды. Сырттай қарағанда бәрі Түркі Ханафи мазһабы болғанымен өз ішінде кейбір мәселелер бойынша аймақтық ерекшеліктер сақталды. Әрине, патшалық ресейдің діни саясатын жоққа шығару мүмкін емес...

Бір қызығы, Уфа, Қазан қалаларынан келген Ноғай, Татарлардың көбі Қашқарияға орныға алмай қалды. Қашқария аумағындағы Алты Шаһардың ислам орталықтары бұлардың діни танымдарын мүлде қабылдай алмады. Ақсу, Тұрпан, Қашқар, Құмылға қашып барған Ноғай, Татарлар кейін түгелімен Шәуешек, Құлжа, Үрімжіге қашып келіп зорға жан сақтады. Қашқариядағы Қараханиттар дәуірінен бері сақталып келе жатқан ислам мектептері Ноғай, Татарларды "діни жаңалық әкелуші" деп қуғындауға тырысқан. Бұл өңірге барған Ноғай, Татарлардың көбі ислам жәдитшілдері болғандықтан жергілікті молда, имамдар жағынан қатты қудалау көрді.

Жүз жылдық Бұхара мен Уфа, Қазан мектептері арасындағы діни бәсекелестік және ислам жәдитшілігінің қазақтар арасында кеңінен ықпал етуі және қазақтардың дала танымы, дала еркіндігіне деген саяси ұмтылысы 20-ғасырдың басында бейне жанар таудай жойқын атқыланып жатты. Жүз жылдық рухани әртүрлі ағартушылық негізінде елде Түрікшіл, Исламшыл және Даланың еркіндігін аңсаған Ұлтшыл саяси топтар пайда бола бастады. Осы топ өкілдері саяси позицияларына байланысты белгілі тұлға мен алпауыт күштердің маңында топтаса бастады.

Қош, 1944-жылы құрылған Шарқи Түркістан уақытша үкіметі және оның уақытша діни басқармасы мен мүфтиі бұл рухани мәселеге қалай жауап бере алды?! Бұл әлі басы ашылмаған зерттеуді тыңнан қажет ететін ғажап дүние... Біз өңірдегі саяси даталарды көбірек айтып жүрміз, ал рухани жағындағы маңызды оқиғаларға әлі батынып кіре алмай, анализ жасай алмай отырмыз! Айтқым келген көп нәрсе бар, уақты мен реті келгенде айта жатармын. Әзірге осы...

Ілшат Көкбөрінің  твиттер парақшасынан алынды.

 

Елдес Орда

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Начало формы

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер