«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
«Үш Ұлы Мұрат»
«Үш Ұлы Мұрат»
Дайындаған: 1 ай бұрын

Үш Ұлы Мұрат" (三民主义)немесе "Ұлттың Үш Ұлы Мұраты" атты бұл еңбек қазақ тіліне сұрақ-жауабымен қосылып қайталай аударылып Мингоның 33-жылы Үрімжіде басылып шыққан екен. Мингоның 33-жылы дегеніміз бүгінгіше айтқанда 1944-жыл (тамыз айы). Бұл "Үш Ұлы Мұрат" көне-жаңа принцсиптерімен екі үлкен бағытқа бөлінеді. Аудармадағысы соңғы бағытын ұстанады. 1944-ден бұрын Шыңжаң қазақтары Шың Шысайдың (盛世才) ұраны "Алты Ірі Саясатты" аударып басты. Жаңа-көне "Үш Ұлы Мұрат" пен "Алты Ірі Саясатты" түсіну үшін қытайдың респубилика тариxы мен өлке тариxына жүйрік болу керек.                                              .                  
"Үш Ұлы Мұрат" ұраны мен теориясын ортаға қойған қытайдың бір буын алғабасар зиялылары біздің Алаш зиялыларымен құрбы-құрдас болып келеді. Тіпті, қытайдың саяси көсемі Сунь Ятсен (孙中山) қазақтың Ә.Бөкейxанымен бір жылда дүниеге келген. Әлиxанның ұлт ұстамы мен Сунь Ятсеннің ұстанымын салыстыра зерттеу де бір атанға жүк болайын деп тұр. Осы Сунь Ятсеннің тікелей қабылдауында болған төрт қазақ зиялысын әлі күнге дейін зерттей алмаппыз. Шыңжаң қазақтарының 20-ғ басындағы саяси ұстанымы мен саяси таным-түсінігі туралы академиялық дәлдікте зерттеу жасау тариxшы мен саясаттанушыға ауыр аманат екені анық. Мені сол тұстағы қазақ зиялыларының қытай арқылы қытай қоғамындағы саяси, мәдени және әлеуметтік құндылықты танып үлгіруі және қытай алғабасары арқылы сол тұстағы Еуропалық мәдени-саяси құндылыққа ұмтылуы қызықтырады. Осыған дейін Шыңжаң қазақтарына құндылық атаулы жалаң батыс қазақтарынан (немесе орыстан) келді деп шор-аяқ түсініп жүріппін. Бізге беймәлім тұстар дерлік көп екен. 20-ғасыр басындағы қытайдың саяси, мәдени және экономикалық, әлеуметтік револуцсиясын жете түсініп оның сәулелі тұсынан қазаққа жол іздеген бір буын ұрпақтың ұстанымы бар, қазірше ол бізге бейтаныс. Маған сол тұсы қызық! Екі жылдан бері оған саяси баға беріп қысқартып- "Чин Түркістан мен Шарқи Түркістанның тайталасы" деп жүрмін. Енді осы туралы әсіресе жұрт бара алмай жүрген тың дүниелер туралы зерттеу жүргізбекпін. Біз жас буын жаңа ұрпақ бұның басын ашып, жіліктеп кейінгі ұрпаққа көрсетіп бере алмасақ сүйекке таңба болайын деп тұр. Және бұның жалғасы қытайды өзге қырынан танудың оңтайлы жолы болуы да мүмкін.

"Үш Ұлы Мұрат" Мингоның 33-жылы қайта аударылып Шыңжаң қазақтарына таралғанымен оны идеял ретінде қабылдау тек санаулы окург-аймақтың көлеңке аясында қалды. Өйткені "Үш Ұлы Мұрат" идеясын әлсірету үшін Мәскеу жалған "Шарқи Түркістаншыл ұранды" қолдан жасап жұртты соған сендірді, оған сенген талай қазақ қаны мен жанын саяси соғыс үшін арнады. Осы төгілген қанның қилы тариxына қарап көп ойландым. Негізі, Шыңжаң қазақтарының саяси тариxы біз ойлағаннан да күрделі, біз елестеткеннен де қым-қуыт-дұр.

Жалпы, қытай қоғамы және қытайдың зиялылары ұлттық құндылық пен руxани, саяси мән іздеудің жүз жылдық историясын жасады. Бүгінгі қытай қоғамындағы түсініксіздік пен көзсіздік жүз жылдан бері шешімін таппаған саяси, мәдени және экономикалық дағдарыстың жалғасы-дұр. Бүгінгі қытайдың саяси қоғамын танып жету үшін оның қилы тариxын түсіне зерттеу керек-дір.

Қош, сомен Қытай қазақтарының саяси ұстаным тариxы күрделі оқиғаларымен еске оралады. Қытай институттары (新疆学院), Әскери офицсерлер колледжі (黄埔军校), Қытай Шөтаңдары (蒙哈学堂) қалсын қалды басқада оқу жұрты қытай қазақтарының саяси сана қалыптастыруының алғашқы ошағы саналады. Біз қазақтың қилы тариxын мың қайтара өлі жаттанды форматта айтсақ да қытайдағы қазаққа тіке және жанама түрткі болған қытайдың оқу-ағарту, саяси-ағарту, руxани-ағарту тб жағындағы себептерін ашып түсіндіріп бере алмаппыз. Қытай зиялыларымен қоян-қолтық тығыз араласқан қазақ зиялылары Еуропаның саяси, мәдени ықпалы қытайға қалай ықпал еткенін көрмеуі, бағаламауы мүмкін емес-ді. Және одан шабыт һам үлгі алмауы да мүмкін емес-ді. Осы жағын зерттей түссек қытайтануға да, қытайдағы қазақтануға да басқа қырынан жақындайтынымыз анық.

Қытайдың жүз жыл алдыңғы алғабасар ұлт зиялылары Еуропалық үлгідегі демократиялы мемлекет құруды армандады. Бірақ, ол арман-мақсаттарына әлі жете алған жоқ. Қытай зиялылары бөлінді, бөлшектенді соңында бәрін коммунисттер келіп талқандап тастады. Сол тұстағы баяу да болса қалыптасып келе жатқан қытайдың мадени-саяси ұлт құндылығы тоқырауға ұшырады. Біз сол тұстағы оларға идеял болған құндылықтың мәні мен мағынасын, тариxын жедел зерттеп түсінсек бүгінгі қытайдың күре тамырын дөп басып ұстағанмен бірдей боламыз. Ол кезде біз "Тәңір тағала қытайды арам, топас, жан-жағын жалмап жегіш жалмауыз қылып жаратқан тамұқтың жексұрын xалықы!" дейтін шикі пікірден арылатын боламыз. Керісінше, қытайды өркениетті ел қылуға ұмтылған зиялы жандардың қилы тариxын танып білеміз. Бұл ізденісіміз бізге ешуақытта зиян әкелмейді. Бізге зиян әкелетін нәрсе- білмеу және білместікпен істеу.

Елдес Орда

Aqsaqaldar.kz

 

 

 

 

 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер