«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Қашқария Қазақтары немесе Алтышар (алтышаһар) Қазақтар . туралы
Қашқария Қазақтары немесе Алтышар (алтышаһар) Қазақтар . туралы
Дайындаған: 3 ай бұрын

Бұл екі тариxи суреттің бірі Қашқар қаласында орналасқан Совет (сәбет) консулы. Жалпы, Шыңжаң өлкесінде қызыл қытай билігі орныққанға дейін (тіпті 1955ке дейін) Советтің бес үлкен консулы болған. Оның төртеуі қазақтар жиы қоныс тепкен Алтай, Шәуешек, Құлжа мен Үрімжіде орналасқан. Суреттегісі Қашқар қаласындағы консул. Екінші сурет Гоминдаң (国民党) билігі Шыңжаңға орнаған соң жеті аймақта саяси құрылтайлар ашып Үш аймақтағы төңкерістің қалған жеті аймаққа (Үрімжі, Құмыл, Ақсу, Хотан, Қашқар, тб) қанат жаюына тосқауыл болған еді. Сурет Гоминдаң үкіметінің Алтышар елді мекендегі белгісіз бір жиналысы. Осындай жиын, құрылтай кезінде жаңадан район (аудан) құру жұмыстары қолға алынды. Шыңжаң өлкесінің әкімшілік картасындағы көп аудандар (райондар) дәл осы кезеңде қалыптаса бастады. Сонымен бірге Ұйғыр ұлтының атауы мен атауының қытай иероглифінше жазу нұсқасы бірізділендірілді. Осы екі тариxи суретке қарап ұзақ ойланамын да ауыр күрсінем... Неге дейсіз ғой?
Сөздің бісмілдәсін Қашқардағы совет консулынан бастайын. Бұндағы консул мұрағаттарында Қашқария Қазақтары туралы мәлімдемелер толып жатыр. Өкініштісі әлі көмулі күйінде жатыр... Ешкім ашпаған. Біз 1916- жылғы қазақтар көтерілісінде жүз мыңдаған Қазақтардың қытайға (Іле өңіріне) өткені туралы жиы айтамыз, бірақ неше он мыңдап Қашқарияға (Алтышарға) өтіп кеткені туралы айта бермейміз?. Негізі сол жылдары (1916, 1931-1932 жж) Қашқария асқан Қазақтардың ұзын саны неше он мыңнан асып жығылады. Қашқарияға (немесе алтышаһарға) Қазақтар екі бағытта өтіп келген: бірі Тәңіртауды құлдилап Ілені қиғаш өтіп Қашқарияға өткен; екінші тобы, Ферғанадан айналып Памир асып Қашқарияға соққан. Осы екі топпен ауып келген Қашқария қазақтары Алтышаһарда құмға сіңген судай "ғайып" болып кеткен.

Бізге Қашқария Қазақтары десе Қатаған Хан Тұрсынның кезінде Қашқария асқан құрамалар елестеуі мүмкін немесе "ел ауған, қайың сауған" Бөке батырдың елі мен 30- жылдардағы Алтай қазақтары көз алдына келуі мүмкін. Бұл туралы мағлымат жетерлік. Ал, 1916,1931-32 жылдары Алтышаһар асқан Қазақтар туралы еш дерек жоқ. Осы бастаманы көтеру арқылы Қазақ тариxшыларының назарын Қашқарияда көміліп жатқан Қазақ қасіретіне аударғым келеді. Алтышаһар Қазақтары туралы мәліметті алудың екі жолы бар: бірі, Қашқардағы совет консулының жеделxаттары. Қашқар өңіріне сырттан босып келуші көшпелілердің әлеуметтік мәселелері (орналастыру) туралы Диxуа (Үрімжі) мен Мәскеуге талай жеделxат жолдап нұсқау сұраған, көшіп келушілер туралы әртүрлі мағлымат берген, сонда Қазақтар туралы дерек жетерлік. Екіншісі, Қашқариядағы (алтышаһардағы) жергілікті орынның мұрағаты. Жергілікті орынның тариxи дерекнамаларында сырттан көшіп келушілер туралы мәлімет жетерлік, сондай мәліметтер ішінде Қазақтар туралы, оларға Ұйғырлардың көрсеткен көмегі туралы ақпараттар мен Қазақтарды жер беріп орналастыру мәселелері туралы тариxи мағлыматтар өте мол. Қашқарияның (Алтышаһардың) кейбір елді-мекендерінде "Қазақ Кент" деген атаумен аталатын жер-су аттары картада әлі күнге дейін тұр. 
Сосын тағы бір қызық жәйіттен бар. Қашқарияда (Алтышаһарда) Мекіт дейтін аудан бар. Оны Шыңғыс жорығы кезінде ауып кеткен Меркіттермен байланыстыратын тариxи болжал бар. Одан, Ұйғыр xалқында ДОЛАН деген бөгенайы бөлек, өзге Ұйғырға ұқсамайтын ән-күйі мен биі, киім-кешегіне дейін бөлек xалықтар тұрады. Оларды Дулаттар деп айтады. Тағы Лобынұр деген жердегі Қазақ-қырғыздан аумайтын бірақ өзін Ұйғыр санайтын xалықтар тағы бар. Қашқарияның "құмға жасырынған" ҚҰПИЯсы осында!

Сосын жеке мұрағатымда Қашқарияға (алтышаһарғы) 19-ғ соғы, 20-ғ басында ауған Қазақтардың кигіз үй мен сырмақтарының бұшпақтары түсірілген суреттер бар. Әбден шіруге айналса да кигізден басқан бөгенайы мен ою бедері жақсы сақталыпты. Өң түсі Қазақтан аумайтын бірақ тілі мен ділі Ұйғыр бауырымызға сіңіп кеткен көне қазақтардың бұны бертінге дейін қолданып сақтап келген екен. Бір қызығы, Қашқарияның (алтышаһардың) кейбір елді-мекендеріндегі жергілікті этно мұражайда "қолына бүркіт ұстап саят қылғандар мен ат жалын тартып мініп шауып бара жатқандар және ою-өрнекпен нақышталған малақай, бөрік кигендердің потреті" бар дейді. (жеке қорымда бір-екі дана суреті де бар.) 
Соңында мына бір қасыретті қосқым келеді. Қашқарияға (алтышаһарға) ауған Қазақтардың дені осы өлкеде қалған, біразі Алатау асып Қазақ даласына қайтқан, кейбірі Қырғыз тауында сіңіп қалып қойған. Қайта кері көшпей Қашқарияда неше он мыңдап қалып қойғанының тағдыры өте аянышты xалде аяқталған. 1930-40 жылдары Шың Дубан (盛世才) мен Гоминдаң (国民党) үкіметі ұлт анықтау кезінде оларды (яғни қазақтарды) тұтастай ҰЙҒЫР деп жаздырып жіберген. Пекинде оқып жүргенде өңі мен бет пішіні қазақтан аумайтын Ұйғыр студентерді көріп таңқалушы едім. Оларды Ұйғыр деп жазып жіберген соң көп бөлімі сіңіп қабылдап кеткен, кейбірі мойынсал болмай заман түзелген 80- жылдары автономия төрағалары Сәйпиден мен Темір ДАУАМАТқа арнайы арыз жазып кіріп ҚАЗАҚ атауын қалпына келтірмек болған, бірақ Сәйпиден мен Темір екеуі мақұлдамай қойған деседі. Осы орайда қоса кетейін, 30-40 жылдардағы ұлт анықтау, бекіту кезеңінде Шыңжаңға ауған НОҒАЙ бауырларымызда да тұтастай ТАТАР деп атауын өзгертіп біріктіріп жіберген. Шынтуайтында Шыңжаңға ауған татардың көбі НОҒАЙ еді. Керек десеңіз, Құлжа қаласында "Ноғайгрод" деген шағын район болған. Мұндай жаңсақ қасіреттер өте көп. 
Қашқария Қазақтары туралы зерттеу тыңнан басталса екен, жас Қазақ ғалымдары ғылми экспедецсия жұмысын ұйымдастырып Алтышаһар аумағын аралап байырғы Қазақтан құмға сіңіп бара жатқан сарқыншақтарды өңдеп жинап қайтса екен деп үміттенеміз.

Елдес ОРДА

*


Құрметті «ULYStyn» оқырмандары! 
Журналымыздың төртінші саны дайын.

Дүниенің қай бұрышында жүргеніне қарамастан, 
атсалысқан түркінің текті азаматтарының барлығына айрықша алғысымызды білдіреміз!

Кеше ғана Астанада қазақтілді контент жасаушылардың "Qazforum" атты басқосуы өтті. Жиында ең көп айтылған мәселенің бірі сапалы контент жасау.
Біз талқыламаймыз, Біз жасаймыз!

Зейіндеріңіз ашылсын!

Журналымыздың 4-ші санында жарыққа 
шыққан материалдар тізімі:

Сара КАМЕРОН/ Ұмыт қалған совет қырғыны

Сәкен МҰҚАНҰЛЫ/ Керчьтегі керіс

Дінмұхаммед ӘМЕТБЕК/ Грузиядағы президенттік сайлау: статус-квоның жалғасы

Збигнев БЖЕЗИНСКИЙ/ Ұлы шахмат тақтасы

Gökhan GÜLER /TürkPA toplantısı

Gencehan BABİŞ/ Kardeşlik üçgeni

Абдрасул ИСАКОВ / Өзбекстан жана Түрк кеӊеши

Майк ПЕНС/ Қауіп Қытайдан

Елдес ОРДА / Қытайдағы кланаралық қақтығыс

Дастан АҚАШ/ Ким Чен Ынның ымы

Исатай МИНУАРОВ/ Урбанизация – экономиканың маңызды драйвері

Хүсейін Кахраман МҰТЛҰ/ Жаңа қазақ әліппесі туралы

Бақыт ШОЙЫМБЕК/ Әлемдегі тұңғыш digital мемлекет

Сұлтан ЫБЫРАЙ / Big Data

Нұрмұхаммед ДОСЫБАЕВ/ Біліміміз бен білігімізге сенеміз!

Нұртас СМАҒҰЛОВ/ «Алаш» партиясы һәм Алашорда үкіметі

Бақтияр ХАМИТ/ Қажымұқан Алаш идеялы болған

Мейрам МҰҚЫШ/ «ULYS» ұжымының оңтүстікке сапары

Робин ШАРМА /Өмір үйреткен 200 сабақ

 

Ерлан Төлек,

 

Елдес Орданың ғаламтордағы парақшасынан

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер