«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Даудың басы даеш-тен...
Даудың басы даеш-тен...
Дайындаған: 3 ай бұрын

ДАЕШ-тің орта шығыстағы "ойыны" аяқталып, Ауғаныстандағы жаңа "ойыны" басталу үстінде. ДАЕШ орта шығыста үлкен саяси сеңнің бастауына мұрындық болды. ДАЕШ мәселесіне байланысты орта шығыстағы бұған ілгісі бар әрі географиялық орналасуы біршама тығыз бірқанша мемлекеттердің дипломатиялық қарым-қатынасы күрделі кезеңдерді бастан өткерді. Соның ішінде Түркия, Ирақ (Ирак), Иран, Сирия, Ресей және Еуропа мен Америка елдері. ДАЕШ мәселесіне байланысты және өңірлік стратегиялық маңызды оқиғалар мен саяси танымға байланысты бірде тату, бірде қату болды. ДАЕШ жобасы аяқтап өңірлік жылжуға (Ауғанстанға) бет алып барады. Соған байланысты орта шығыс өңірі біраз шиыршықтанып жіктеліп келеді. Үш үлкен ойыншы Ресей-Иран-Түркияның қарым-қатынасында пәлендей түс шәйісу жоқ, қайта түсіністік көп. Сирия мен Ирақтағы саяси күштер (күрд, оппозицсия, тб) бірде белсенді бірде егесіз күн кешті. ДАЕШ-ті соққылау операцсиясында Ресей, Түирия және Иран осы күштердің мүмкіндіктерін өз мүддесіне сәтті пайдалана алды. Оның мысалы жетерлік...

Қош, орта шығыс күрделі кезеңнен қиын да болса өтіп жатыр. ДАЕШ енді орталық азияға орнығуда. Ауғаныстанды тиянақ етіп қытай мен орталық азияға жаңа қауіп төндірмекші. Қытай жақ бұған өте белсенді дайындық жасап жатыр. Өйткені, қытайдың күре тамырына айналған (миллиярд қаржы төккен) алып жобасы (80-нен астам мемлекетті шарпиды) дәп осы өңірден өтеді. ДАЕШ бір жағы осы миллиярд қаржыны бүйірден тесіп "сормақшы". ДАЕШ сора ма, ДАЕШ арқылы басқасы сора ма қазірше белгісіз. ДАЕШ-тің Ауғанға топталып өзіне қауіп төндіретінін екі жыл ерте жорамалдаған қытай Шыңжаң өлкесін ДАЕШ-тен бұрын астаң-кестеңін шығарды. Өлкеде қатаң режиім орнады. Қытай жақ тіпті Ауғаныстан жергілікті билігімен диалок құрып та көрді, соның оң нәтижесінде ДАЕШ-ке дейін Ауғанды "Шарқи Исламшылдарынан" бір тазалауға тырысты. ДАЕШ-ке байланысты қытай-иран қатынасы жаңа кезеңге аяқ басты. Қытайдың теңіздегі абройы әлсіз болған соң құрлықты "теңіз жолына" айналдырып тіке Еуропамен жалғанды. Осы орайда Иран мен Түркия экономикалық мүдделікті алға қойып қытаймен арадағы байланыстың жаңа келсімдерін жасады. Екеуі де қазір Америкамен бақас.

Не керек, Қытай, Ресей, Иран және Түркия блогының жаңа саяси бет-бейнесі қалыптасып келеді. Енді оған Ауғаныстандағы ДАЕШ мәселесін қосыңыз. Ауған жері Сириядай емес таулы, қорғанысқа ықтасын әрі қопал жер. Сондай ақ, Тәлибандар бірден ДАЕШ жаққа жақтас болады. Ол Ауғанның заңды билігіне тиімсіз.

Соңғы кездері ДАЕШ және қытай қатынастары туралы логикалық аналитика жасауға көп мән беріп жүрмін. Қазақ қоғамына беймәлім өте көп жағдайлар бар. Қазақ қоғамы үшін ДАЕШ- кімнің ойыны екені енді маңызды емес, маңыздысы ДАЕШ-ке қатысты қытайдың қандай ойыны. Америка қауіпсіздік мәселесі үшін қазақ пен өзбекті бекерге шақырмайды... Ауғаныстан факторы орталық азия елдерінің Америкамен қатар Ресей, қытайдың жаңа саяси қарым-қатынасын қалыптастыруға мәжбүрлейді. Менің ойымша ол кезде орталық азияның стратегиялық орны: қытай-ресей-түркия-иран елдерінің жаңа саяси, мәдени және экономикалық бәсекелес алаңына айналады. Ол кезде қазақ қайтпек керек? ең маңыздысы осы!

Қытай ДАЕШ-тен келетін қауіпті оңтайлы сылтауға айналдырып ішкі саясатын күрделі реттеп жатыр. Қауіпсіздік мәселесіне байланысты қытайдың Ауған мен орталық азияға жақын шекара маңындағы әскери қорғанысын арттырып, санын ұлғайтуда. Әскери сала мен әскери шығынға жұмсаған қаржы көлемі артты. Қытай шығыс теңіздерінде "бір арал" үшін күйі келмесе де, орталық азия елдері мен ресейге әжептәуір қауіпті ел. Ауғаныстан факторынан туған қытайдың өңірлік (мысалы, Шыңжаң) саясаты бізді әлі әңкі-тәңкі күйден айықтырған жоқ. Қоғамдық пікір әлі пысып жетпей келеді.

ДАЕШ-от, Орталық Азия-қазан, Қазақ-Өзбек-Қырғыз - қазанның ішіндегіқазы-қарта, жал-жая. От лаулаған сайын қазан бұрқылдап қайнай береді және қазандағы еттен ауыз тигісі келетін қаумалаған ел болса ол көп. Орталық азияның алдағы стратегиялық аxуалы осыған ұқсап қалады. Қытай енді орталық азия үшін жаңа ойынға көшеді. Иран, Ресей және Америка да құр қол қарап тұрмайды. Ол үшін тұтас орталық азия- Түркістандық танымға бірігуі керек. Ауғаныстан факторына байланысты Тәжіктер не қытайды не Иран мен Ресейді таңдайды. Қытайдың орталық азия үшін жасалатын ойынында "Шыңжаңдық Аз Ұлттар" істікке шаншылуы бек мүмкін. Әр түрлі логикалы болжам жасауға болады...

ДАЕШ Ауғанға әбден орныққан соң Ауғандағы этникалық топтар мен діни фанаттар жаңа саяси күшке айналуы xақ. Бұрынғы жіктің араны ашылуы бек мүмкін. Қазақ-Қырғыз-Өзбек арасында ТҰРАН әскери күші құрылса ДАЕШ-тің орталық азияға қарулы ықпалы бәсең болады. Бұл жерде Ресей ДАЕШ күштерін өз аумағында және де болдырмау үшін қазақ пен қырғызға әскери ықпалды арттыруы сөзсіз. Ол үшін қазақ пен қырғыздың АЛАШ-тық түсіністігі жаппай артуы керек. Қытай жақ ДАЕШ-тің Шыңжаң провинцсиясы арқылы ықпал жасайды деген барлық мүмкіндіктерін алып тастап жатыр. Сол себепті, ДАЕШ-Қытай текетіресі әлі аналитиканы қажет етеді. Қытай іштен сайкесетін күштердің басын қырқып болды. Қытай тіпті ДАЕШ-ті өз мүмкіндігіне жарата алуы да ғажап емес.

ДАЕШ-тің Ауғаныстан факторы Еуропа-Америка елдері мен Қытай-Иран-Ресей жүлгелес елдерінің жаңа тіресіне жақсы орай болады. Бұның ішінде қытай жақ біршама маңызды саналмақ. Алдағы уақытта Ауғаныстан мен қытай үшін жаңа таным керек. Даудың басы ДАЕШ-тен...

Бұны 2017'ден бергі саяси шолу ретінде қабылдаңыз.

 

Елдес Орда

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер