«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Жастар не дейді...
Жастар не дейді...
Дайындаған: 1 ай бұрын

                                                                               Асыл – тастан, ақыл – жастан.                                                                                                                                                         .                                                                                                                      (мақал) 

      1960 жылдары Қытайдан біраз қазақ отанына оралды. Біздің ауылда сондай 4-5 үй тұратын. Үкімет беретін пенсия мен жеңілдікке әбден үйреніп алған жерлік қазақтарға қарағанда, олар пысықтау сияқты болып көрінетін. Қытайдан келгендер әкеммен құрдас адамдар болды. Бір нәрсеге бола ренжіп қалса, оларды сыртынан «қытай» деп қағытатын ауылдағылар. Сосын ол кісілердің бәрі кейін қайтыс болып, балалары Қазақстанда туып, қазақ жерінде өсті. «Қытайлық» деген жаман ат әке-шешелерімен бірге кетті де, оларды қайтып ешкім «қытай» деп кемсітпейтін болды. Әлеуметтік желіде соңғы күндері Қытай мен Моңғолиядан келгендерді балағаттайтын посттар көбейіп кетті. Жазып жатқандардың көбі – авасына ит пен мысықтың суретін қойып алған өңшең фейк екен. Әдейі істеп жатыр ма, әлде шынымен шеттен келген қандастарына кек сақтап жүрген біреулер ме, білмеймін. Жазған посттарын оқып отырсаң, онсыз да жікке бөлінген қазақтың арасына от тастап жатқан әлгі ақымақтарды керіп қойып, қамшымен жақсылап тұрып бір сабап алғың келеді. Сол кезде жынынан айырылған бақсыдай болып, сабасына түсетін шығар деп ойлайсың. Олар да өткен ғасырдың ортаң белінде келген алғашқы толқынның көргенін бастан кешіп жатқан сияқты. Бұл да тура сондай уақытша құбылыс шығар, кім біледі?! Оларды кемсітпес бұрын, баламызды орыс мектебіне беріп, орысша шүлдірлеп жүрген өзімізге де бір қарап алайықшы. Қай бетімізбен күлеміз оларға?

                                               *

      Семинардан келе салып әлеуметтік желіні ашып қалсам, «Атажұрттың» маңайындағы айтыстың «ыстық-суығы» әлі басылмапты. Серікжанды уахаббист деп еді, онысы ақыры өтірік болып шықты. Сақал-мұрты жоқ көсе уахабисті, намаздан гөрі оралманның арызын қарап тастағанды артық көретін, сәждеге сосын барып, кейде қаза қылып барып жығыла салатын уахабисті өз басым бірінші рет көрдім сол кезде. Ұйғырлардың сойылын соғып жүрген арандатушы дегеніне де кәдімгідей сене бастап едік, оны да ойдан шығарыпты. «Мәссаған, енді қайтер екен?!» деп, комменттер мен посттарды бір қарап шықтым. Енді Серікжанды үкіметті өмірі сынамайтын, солармен ымы-жымы бір болып жүрген биліктің құйыршығы деп жамандап жатыр екен. Оу, ағайын, не айтсақ та дәлелмен, дәйекпен, адам сенетіндей етіп айтайықшы! Серікжанды оралманның мәселесін шешпей жатып, билікпен жағаласа кететін ақымақ адам деп ойламаймын. Ертең бәріне кесірі тиіп кетпес үшін, аузына күллі халық қарап отырған ол «уахаббист» не айтса да ойланып барып қана айтады. Егер Серікжан жатып алып билікті жамандаса, ертең шеттен келіп жатқан шарасыз қазақтың бәрі Қазақстанды, өзіне көмектесіп жатқан биліктегілерді жек көріп кетпей ме! Қазақты қазаққа жау қылу, оралман мен биліктің арасын ашып, халықты арандату деп осыны айтады, керек десең!

                                             *

      «Бұл жерде сіз зиялы ағаларымызға емес, билікке өкпелеңіз. Шаxановты емес, күшті болсаңыз биліктің өзін сынаңыз. Қазақтың ұлттық мәселесі тек оралман мәселесімен шектелмейді, бұл да есіңізде болсын!».... Басқасын оқыған жоқпын, Мұхтардың дәл осы сөзін тақырып етіп алып, көп жерде жерден жеті қоян тапқандай етіп, қуана бөлісіп жатыр екен. Ары қарай қызық болмай қалды оқыған. Оған жыпырлатып лайк басып жатқандар да қаншама! Соңғы кезде Қытайдан келген қандастарымызды саяси дивиденд жинау үшін билікке қарсы қойғысы кеп, одан қалса Әбләзовқа қарсы шығуға үгіттеп жүргендер көп. Оралмандардың қолымен от көсегісі келе ме, білмеймін. Мұхтардың мына сөзін де дәл сондай арандатушылық деп қабылдадым. Кейбір кісілер патриотизмді, ұлтшылдықты билікке қарсы шығу деп ойлайтын секілді. Қоғамда тура сондай көзқарас қалыптастырғысы келетін сыңай байқалады. Билікке қарсы шықпай-ақ халыққа пайдалы нәрсе істеуге болады. Оның үстіне оралмандар мұнда билікке қарсы шығып, саясатпен айналысу үшін келіп жатқан жоқ, Қытайдың зұлым саясатынан қашып, біреуі әкесінен, шешесінен, баласынан, ағасы мен қарындасынан тірідей айырылып, бұтаны қорғалаған торғай секілді Қазақстанды паналап келіп жатыр. Ағайын, өзі әрең жүрген байқұс қандастарымызды саясатқа араластырып, одан саяси ұпай жинамай-ақ қояйықшы. Қолыңнан келе ме, көмектес. Қолыңнан келмесе арандатпай отыр. Өздерін өздері қорғауға шамасы жетеді. «Қазақтың ұлттық мәселесі тек оралман мәселесімен шектелмейді» депті. Бұны мен қандастарымыздың мәселесінен басын алып қашқан адамның сөзі сияқты қабылдадым. Осындай әсіреқызыл сөзден, популистік мәлімдемеден шаршаған жоқсыздар ма? Соңғы кезде кейбір ағаларымыз оралмандарды қолдаудың орнына, соларды елге жеккөрінішті етіп көрсеткісі келетіндердің сойылын соғып кеткендей болып көрініп жүр. Оралмандарды билікке қарсы қойып, оларды пайдаланғысы келіп жүргендері де жетеді. «Абылайдың асында шаппағанда, атаңның басында шабасың ба?» деген аталы сөз бар еді. Шеттегі қалың қазақ қиналып, көмек сұрап жатқан кезде оларға қол ұшын бермесең, қандай патриотсың сен? Бұл сөзді Мұхтарға емес, оралмандардан ат тоңын алып қашып жүрген бәріне айтып отырмын! Осыған дейін Серікжанды үкіметті өмірі сынамайтын биліктің құйыршығы деп жамандап еді. Енді оны билікке қарсы шықпағаны үшін сөгіп жатыр. Егер Серікжан жатып алып билікті жамандаса, ертең шеттен келіп жатқан шарасыз қазақтың бәрі Қазақстанды, өзіне көмектесіп жатқан биліктегілерді жек көріп кетпей ме! Қазақты қазаққа жау қылу, оралман мен биліктің арасын ашып, халықты арандату деп осыны айтады, керек десең! Әркім өзінің қолынан келетін нәрсесімен айналыссын. Қандасыңа көмектесің келмей ме, арандатпай тыныш отырайық. Билікке қарсы шығатындай оралмандар ақымақ емес!

                                             *

        Кезінде бір нәрсеге бола сөзге келіп қалып, бір-бірімізді банға тыққан бірнеше кісімен кейінгі он күнде қайта араласып, достасып кеттім. Оған соңғы күндері болып жатқан оқиғалар себеп болды. «Англияның мәңгілік жауы да, мәңгілік досы да жоқ. Мәңгілік мүддесі ғана бар!» деп Черчиль айтпақшы, ешкіммен ешқашан қастасып жүре беруге болмайды. Бір істе көзқарасың келісіп, мүдделес болып шыққан кезде тағдыр қайта бастарын қосып, бір кездегі айтқан сөздерің актуальный болмай қалып, кәдімгідей қызарады екенсің. Өле-өлгенше жауығып өткеннен құдай сақтасын!

Жолымбет Мәкіш, ғаламтордағы жазбалар

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны