«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Жер бетінде өзін даттайтын бәр-ақ халық бар!!
Жер бетінде өзін даттайтын бәр-ақ халық бар!!
Дайындаған: 2 апта бұрын

Бұған жол бермеу керек!

   Өзі бір-ақ , ондай халық тек бізбіз деп мақтануы, тіпті де қажеті жоқ ендеше...

        ҚАЗАҚ – деген атауға барлық Ұлылық сиып тұрғандай.. Ақын-Батыр-Жырау-Шешен-Көсем – бұл Қазақ сөзінің баламасы іспетті түйсікте....

        Қазақ хандағын Жәнібек пен Керейден бастаса да , негізінде олардың аталары Орыс ханның ар-жағынан да бар Қазақ елінің тарихын тереңнен зерттеу әлі көп жұмыстарды талап етеді. Қазіргі кезде әлемнің 9-шы орынынан жер көлемі бойынша есептелетін Қазақ елі кезінде Әлемде 1-ші орында болған. Отарлау саясатының нәтижесінде ғана осы жағдайға жеттік, бұған да тәубә дейміз... Амал да жоқ.

        Енді неге ата-бабаларымыз бірікпеді, тартылып қалды бәрінен деп жүргендерге айтарым, тарихты қарасақ бізде бірігетін мүмкіндік те болмады. Жер шалғай, ішкі тартыстар да көп болды. Маңғыстау мен Атырау бір өзі (бір-ақ облыс деп алсақ) тұтас Туркмен, Иран шахтарымен соғысуда болды және берілмеді, қайта қосып алды. Алматы, Семей сынды шекарадағы елдер өмірі қытаймен соғысып жатты. Орал, Ақтөбе Хиуа. Қоқан хандарымен алысуда еді. Есен мен Досан, Даттың Сырымының, Адай көтерілісін, Көкшетауда Хан Кененің орыстармен алысуын ар жағы жоңғарлармен 300 жыл соғысты қосыңыз.

        Яғни, біз бір мезетте бірнеше алып елдермен ұлы Отан соғысында бірнеше жүз жыл соғыстық. Нағыз елдің патриоттары екендігін, елі ушін отқа түсер Ерлер екендігін тарихқа алтын әріппен жазып кеткен аталарымыз аз емес. Енді келіп қаптаған ауызбен орақ орғыштар – Қазақта бірлік болмаған, сатқын деген пікір қалыптастырмақшы.

Оттамаңыздар!!!

      Сатқындық Немістерде болмаса кешегі Ұлы Отан соғысында олар жеңілер ме еді... Осман империясы сатқындық болмаса құлар ма еді?? Сатқындық жасамаса пайғамбардың шәдиарлары қаза таппас еді ғой..Сатқындық болмаса кешегі Кеңестік жүйе неге құлады?? Сатқындық болмаса Аттила - Әділ патшамызды Римнің жансыздары У беріп өлтірмес еді.. Америкада қанша президенттер сатқындықтың құрбаны болды. Бірақ еш ел ой біздің Ұлтымыз оңбаған, бізде сатқындық қанында болған деп неге шуламайды бізден басқа...

 

        Себебі олардың білімі жетіп тұр, өзін-өзі жамандап опа таппасына... Дамыған елдерде сатқындық жасаған адамдарды көзіне шұқып көрсетеді, елі біледі олардың кім екенін сол себепті Ұлтын сату аз болады.

        Бізде кешегі 1918-38 жылдар арасында сатқындық жасаған , куәгер болған адамдарды әлі жасырумен келеді. Олар, Қазақ елінің батырлары боп көрсетілуде мүмкін. Бұлай болса бұл тарихқа қиянат . Қазақта құрысыншы бар және Ұят болады деген. Мұхтар Шаханов Жамбылды туфли жалаған деп еді, бәрі өре түрегелді. Бір Қазақ табылмады, иә сендердің аталарың сатқын болған екен енді сендер соның кунәләрін жуып-шайсаң неменең кетті деп айта алар.  

        Тура биде туған жоқ-туғанды биде иман жоқ деген, ақты ақ деп айта алар қасиетімізді жоғалтуға бола ма? Жалпы Абайдан бастап Қазақты жамандау басталды, әрине оған Абайдың жеке басының себептері көп еді... Болыс болып жүріп келесі Болыстыққа өте алмай ол жеке басына істелген сатқындықты Қазаққа таңа салды. Содан кейін Совет үкіметінен бастап Қазақты сорлы – сатқын етіп көрсету жалғасын қарша боратты.

        Қазіргі таңда да көптеген азаматтар отырып алып үкімет пен азаматтарды сынағыш, өзіне қарамайды. Өзінің өмір жолын қарасаң оңып тұрған жоқ, қалай ұялмай біреуді сынайды?? Өтірік пе шын ба, оған қарамай халық оларды батыр көреді, бұл да білім мен сана деңгейінің қандай екендігін көрсетуде.

        «Арсыз Адам сөз қыдыртып – ел құтыртуға құмар болады» - депті Абай. Жақсымызды асырып жамандығымызда жасырып тұрар ел едік неге кері кетудеміз... Не істеуміз керек??

        Ең алдымен өзіңді дұрыста, қанағат қарын тойғызатынын ұмытпа...

Қазақ деген ұлттта жаман қасиет жоқ - болса ол Қазақ емес деп қабылдау қажет.  Заманына қарай адамы деген бар. Құдай өзі, ниетке байланысты береді бәрін де. Әкімің мен жақыныңды сынай бергенше әуелі өзіңді дұрыста...

       Сөз түзелсе – Қазағым Сен де түзел деген.. Мен Ұлы Қазақ болып туғаныма қуанам.

 Сен ше???

 

Адай Сәкен,  ғаламтордағы жазба

 23.03.21ж.

 

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны