«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Денсаулық – зор байлық
Денсаулық – зор байлық
Дайындаған: 1 ай бұрын

Пайдалы кеңес

      Адамдар, қалқанша безі (щитовидная железа) науқасын емдеуге алғаш ауыра бастағанда көңіл бөлмесе асқынып түйіншектер (узлы) пайда болуы мүмкін. Осындай жағдайға ұшырағанда табиғаттың көмегімен емдейтін халық емшілерінің бір әдісін ұсынамыз:

      – Зере шөбінің (тмин) дәнінің 1 стақанын отқа қоятын ыдысқа салып үстіне дәннің бетін жауып тұратындай ыстық су құйып 2 минут қайнатады. Содан кейін, оттан түсірген дәнді үлкен таза ыдысқа құйып алып, ыстық кезінде үстіне 0.5 литр сапалы арақ, не болмаса суға араластырған 40 градус болатын медицина спаиртін және 1 кило сұйық бал құйып әбден бір текті қоймалжың болғанша араластыру қажет. Сонан соң, оны аузы тығынмен не қақпақпен мықты жабылатын ыдысқа суытпай құйып, бетін жауып қараңғы жерде 1 апта сақтап тұндырады. Дайын болған соң, күнделікті 2 уақыт таң ертеңгі және кешкі ас ішер алдында 15 минут бұрын 1 қалайы қасықтан ішеді. Содан кейін 2-3 апта демалып қайталау қажет. Осылай сауыққанша емделу керек.

 

*

 

       Аурудың алдын алудың ен қарапайым тәсілі адамның өзінің денсаулығына мұқият көңіл бөлуі. Өзіне көңіл бөлу деген, үнемі «ой, әне жерім, мына жерім ауыратын сияқты» деп бір науқастанған адам көрсе сондайдан секем алу емес. Бұндай қылық адамның жүйкесін қажытып, аяғы денсаулыққа зиян әкеледі. Әр адам өзінің денсаулығына зиян әкелетін өмірде ұсақ-түйеке көңіл аударып ренжімей, асты талғаммен ішіп, дүние – байлық пен мадаққа әуес болмай, өмірде тазалыққа мән беріп, қанағаты, кешірімді болып жаны мен тәнінің бірқалыпта болуына  ұмтылуы қажет.

      Ал, себепсіз әлсіздің пайда болып, дене қышып, бас айналып, кейде жүрек айнып құсқысы келетін  тағыда басқадай бұрын болмаған жағдай байқалғанда, міндетті түрде дірігерге жүгіну керек. Өйткені, адамдарды осындай күйге әкелетін көбінесе ағзада паразитердің пайда болуына байланысты екені белгілі. Сіздердің назарларыңызға ағзада паразиттер пайда болғанда қолданатын халық емшілерінің бір әдісін ұсынамыз:

      – Кешке қарай ұнтақталған түймешетен (пижма) гүлінің 1 қалайы қасының үстіне 1 стақан суық су құйып, бетін жауып ертеңгі таңға дейін тұндырып қояды. Ертеңінде  сүзіп жартысын  таңертең аш қарында, қалған жартысын кешке жатар алдында ішу қажет. Осылай үш күн ішіп, содан соң бір апта дем алып қайталауға болады.

Ескерту: түймешетен улы дәрішөп, сондықтан мөлшерден артық қабылдауға болмайды.

 

Сайхыман

 

Qsaqaldar.kz

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны