«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Тоқтар Әубәкіровтің мәрттігі
Тоқтар Әубәкіровтің мәрттігі
Дайындаған: 2 ай бұрын

 

      Мына көлікті сат та, қарызыңнан құтыл»: Тоқтар Әубәкіров бүйрегін сатам деген жігітке астындағы көлігін бере салған

      Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіровтің ерліктері туралы жиі естіп жатамыз. Аңшылықты жақсы көретін ағамыздың жомарттығы жайында тіпті кітап жазуға да болады. Бүгін Ғарышкерлер күніне орай танымал айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов Тоқтар Әубәкіровтің осындай бір мәрттігі жайында бастан өткен оқиғасымен бөлісті.

      «Екі-үш жыл бұрын бір танысым қарызға кіріп, біраз қиналды. Қиналғаны сонша, Франклин атаның суреті бар көк қағаз табылмаған соң тіпті, бір бүйрегін сатпақшы да болған. Үлкеніміз бар, кішіміз бар бəріміз жабылып жүріп ол ойынан айныттық. Сол танысым бір күні маған келіп, "Тоқтар ағаның үйіне барып жағдайды айтайықшы, мені танымаса да, сені танып қалуы мүмкін ғой" деді. Жақсы деп Қарағанды трассасының бойындағы Тоқтар ағаның үйін тауып бардық.

      Жер үй екен. Ғарышкер ағамыз аңға шығуға қамданып кетейін деп тұрған шағы сол екен, бізді көріп жағдайды асықпай тыңдады. Сөйтті де, "Iнiм бүйрегімді сатам деген сөзді қой, сен сұраған ақша менде де жоқ, мə мына көлікті сат та, қарызыңнан құтыл" деп темір тұлпарының кілтін қолымызға ұстатты да жіберді.

       Бүйрегін сатам деп тұрған жігіт те, мен де жүрегін жұлып берердей бауырмалдық танытқан ағамызға қатты риза болдық. Қиналып, қажып жүрген пендеге жылы сөздің өзі үлкен жəрдем екен ғой.

       Танысым жүзі жайнап, "Жоқ аға! Осы ісіңіздің өзі маған үлкен қажыр қайрат сыйлады. Бiз үшін сіз жаяу жүрмеңіз" деп көлігін өзіне қайтарды. Мен азаматтық, мәрттік, адамгершілік пен бауырмалдық дегеннің шынайы көрінісін осы кезде ғана көрдім», - деп жазады ақын.

 

Есенбай Нуров,   ғаламтордағы жазба

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны