«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Денсаулық – зор байлық
Денсаулық – зор байлық
Дайындаған: 2 апта бұрын

Пайдалы кеңес

      Әр адам өз денсаулығына жасынан көңіл бөлуді үйренуі қажет. Көбінесе жас кездерінен денсаулықтарына салғырт қараған адам жасы егде тартқан шағында аурушаң келеді. Қазақ халқы ертеде бала тәрбиесі тәжірибесіне көп көңіл бөлген. Отбасында бала есін біле бастағаннан асты қалыппен, талғап ішуді, қою тағамды асықпай көп шайнап жұтуды, дастархан басында  тыныш, сөзге аралспауды үйреткен. Балаға жасынан тамақты ішікенде денсаулыққа зиян әкелетін тағамға қызықпауды санасына құйып өсірген. Осындай тәрбие алған баланың денсаулығында кінарат аз болады. Балаға даладан жүгіріп, ентігіп келгенде суық сусын, су ішкізбеген. Терлеп жүріп шөлге шыдамай суық су ішу адамның тыныс алу жүйесі мен қоса бүйрегінің де науқасқа шалдығуына жиі әкелетінін ойламау. Қазіргі кезде, көптеген адамдардың созылмалы бүйрек нақасымен ауыратыны белгілі. Өкініштісі, адамдардың көбі оған мән бермей науқастың асқынуына жол береді. Халықта, «Ештен, кеш жақсы», – деген сөз бар. Қандай болмасын науқастың алдын алуды есте сақтау керек. Назарларыңызға бүйрегі ауыратын адамдарға табиғи зиян әкелмейтін халық емшілерінің бір әдісін ұсынамыз:

      – Құрт түспегпен таза картопты таңдап алып жақсылап топырақтың түйіршігі қалмайтында ысқылап жуып,  оның сыртқы қабығын жұқа етіп аршып алады. Осы қабықты аздаған суға қабық әбден жұмсарғанша (езілмеуі керек) қайнатады. Содан соң жақсылап сүзіп, қайнатпаны жылыдай 0.5 стақаннан күніне 3 рет ас ішер алдында 30 минут бұрын ішіп отыру қажет.  Бұл қайнатпа  бүйректің жұмыс істуін жақсартады және ағзалардағы зат алмасуын қалыпқа келтіреді. Жүректің жұмыс істеуін жақсартады. Емделу мерзімі бір ай. Бұл емді жылына 1-2 рет ішіп отыру пайдалы.

 

                                   *

      Әйел адамдарда көбінесе суық тигізуден емшек бездері ауырып, кеудеде бездің ісінуіне ұқсас (уплотнение) пайда болуы мүмкін. Осындай жағдайға кез болғанда қолданатын халық емшілерінің тиімді, қарапайым емі:

      – Үйдің тортасын айырған майына тең мөлшерде алынған шөп гүлінің таза балын және ет тартқышқа тартылған у сарымсақты қосып, жақсылап араластырап қақпағы жабылатын ыдысқа салып 1 тәулік салқын жерде сақтайды. Одан кейін  күнде таңертеңгі ас алдында 25 минут бұрын 3 шәй қасықтан ішіп отырады. Және осы қоспаны жылыдай төске жағып отыру қажет. Емді сауыққанша қабылдайды.  

Сайхыман

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны